Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов-дүниежүзілік реалистік көркем әдебиет шеберлер
Автор: Aibalasy • Декабрь 6, 2020 • Эссе • 527 Слов (3 Страниц) • 619 Просмотры
Қанатқалиева Айзада
Халқының рухани қазынасына озық туындыларымен олжа салған, ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан алыптарымыз туралы сөз болғанда, ең алдымен, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов есімдері аталады. Бұларды әдебиет тарихында ақ пен қызыл деп бөле-жармай, таптық жікке топтамай, ұлт руханиятының ұстындары, қазақ көркемсөз өнерінің ұлы тұлғалары деп біртұтас алып қарауымыз керек.
Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов-дүниежүзілік реалистік көркем әдебиет шеберлер.
Осылардың ортасында қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының хас шеберлері Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық байланыстары әдебиет зерттеушілерінің назарын аударып келгені анық. Оған қазақ жазушыларының арасындағы алғашқы журналист, көркем проза мен көсемсөздің, көркем очерктің аса көрнекті өкілі Бейімбет Майлиннің жазуға қабілеті бар жастарды іздеп жүріп тауып, тапсырма беріп жаздырып, қаламдарын ұштауға тигізген әсер-ықпалы жөнінде айтқанда, әрине ең алдымен Ғабит Мүсіреповтің жазғандары ойға оралады: «Төрт-ақ сөзіңді өзгерттім... Үзбей жазып көрші, – деді. Бейімбет сияқты атақты шебердің жәрдем берерін сезінген соң, мен төрт таңды көзімнен атырып, «Тулаған толқында» деген ұзақтау бір әңгіме жаздым. Бірақ онымды Би ағаңа үш рет әкеліп, үш рет көрсетпей алып қайттым. Аяғында рабфактың қабырға газетіне бердім». Ғабиттің әңгімесін қабырға газетінен оқыған Бейімбет Майлин оны іздеп жатақханаға келіп, жанындағы бірге оқитын шәкірттердің көзінше:
«... әңгімеңді оқыдым. Жаман емес екен... Маған неге көрсетіп алмадың?» – дейді.
Осы бір ауыз сөзде қаншама мейірбандылықтың, қамқорлықтың, бауырмалдықтың лебі жатыр десеңізші. Оны жас Ғабит те жан-дүниесімен сезінеді, түсінеді. Сол түсінгенін кейін: «Би ағаңның (Бейімбет Майлинды айтып отырмын) мен әртүрлі толқу үстінде көрсеткен сенімі болмағанда, өзімнен жазушы шығады деген үмітім бұлдыр да буалдыр еді. Тәуекелмен бастап кетпей, тастап кетуім де мүмкін еді. Жастарға сенім көрсетудің, жастармен жұмыс істесудің үлгісі солай болса етті деген оймен «Біздің Би аға» очеркімді жазуға тура келді», – деп тиянақтайды. «Біздің Би аға» очеркі 1965 жылы 12 қыркүйекте «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланды. Осы очеркінде Ғабең Бейімбеттің бүкіл болмыс-бітімін ашып көрсетіп, өзінің неге осы бір қарапайым да қарымды қаламгерге көңілі құлағанын, екеуара достық, шығармашылық байланыстарының қалай қалыптасқанын, қалай дамығанын біршама толығырақ баяндайды. Екеуінің жолы алдымен «Еңбекші Қазақта» түйіседі. 1928 жылы Ғ.Мүсіреповтің «Тулаған толқында» атты прозалық шығармасы кітап болып шығады, сол жылы «Қазмемиздаттың» орнына «Қазақстан» баспасы ашылып, оқуға кеткен С.Мұқановтың орнына Ғ.Мүсірепов бас редактор болып қызметке кіріседі. Бейімбет екеуінің тізе қосып, ақылдаса жүріп, көп шаруалар тындыратын кезеңі басталады. Тоғыз жылға созылған тығыз шығармашылық байланыстағы қарым-қатынасты қызыл репрессия қырғыны үзіп кетеді. Бірақ осы азғантай уақытта екі ұлы жазушы бір-бірін жақсы танып-білумен қоса, бір-біріне рухани демеуші, жанашыр аға-іні болғанын аңғарамыз. Бейімбеттің шығармашылық әлеуетіне қатысты Ғ.Мүсіреповтің: «нағыз журналист, әрі үлкен жазушы, әрі маңдай алды журналист» деп бағалауы да сол жылдардағы оның еңбегіне берілген жоғары баға еді.
...