Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі

Автор:   •  Апрель 11, 2018  •  Эссе  •  1,663 Слов (7 Страниц)  •  3,229 Просмотры

Страница 1 из 7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №5

ТАҚЫРЫБЫ:Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.

               Орындаған: Зубаирова Дамира Азатқызы

                       Тексерген: Жанқадамова Гүлмира Ақиқатқызы

                       Оқу тобы: ВС-701

Семей 2018

Жоспар:

  •   Н.Н.Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, азаматы және патриоты.
  •   Қызмет жолы.
  •  Тәуелсіз Қазақстынның құрылуы мен қалыптасуында тұңғыш президент Н.Н.Назарбаевтің еңбегі мен рөлі.
  •  Қорытынды
  •  Пайдаланылған әдебиеттер

 

Н.Н.Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, азаматы және патриоты.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші тікелей бүкіл халықтық сайлауы болды, онда Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Сайлауда ол сайлаушылардың 98,7 % дауысын алып, сенімді жеңіске жетті .Н.Ә. Назарбаев – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан халқы Ассемблеясының Төрағасы, қазақтардың Бүкіл әлемдік Ассоциациясының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және бірқатар шет елдердің жоғарғы ордендерімен және медальдарымен марапатталған. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевта айқын көрінетін көшбасшылық қасиеттері бар және өзін-өзі дәлме-дәл бағалай біледі. Бойында көшбасшылықтың харизмалық және дәстүрлі типтерінің сипаты үйлесім тапқан, прагматик.Стратегия мен тактиканы талғаммен үйлестіреді, перспективті және бір сәттік мақсаттар арасында қайшылық туған жағдайда стратегиялық жоспарлауға жол береді. Сарапшылар Н.Ә. Назарбаевтың саяси өмірін талдай отырып, нақ осындай саяси-психологиялық бейне жасады. Ол тек ұлттық қана емес, әлемдік ауқымдағы саясаткер болып табылады. 90-жылдардың басында Қазақстанның басшысы болған кезде КСРО атақты көшбасшылары рейтингінде бірінші орын алды. Н.Ә. Назарбаевты бүкіл әлем біледі, мойындайды және құрметтейді. Біздің республикамыздың тәуелсіздік алуы, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаю кезеңі соның есімімен байланысты. Еліміздің тәуілсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Нұрсұлтан Әбішұлы үнемі қазақ тілінің статусы мен беделін арттыру, оны қолдану аясын кеңейту бойынша жағдай жасап келеді. Өткен жылдардағы мемлекеттік тілді қолдану аясының айтарлықтай кеңеюі Президентіміздің табандылығының, талапшыл-дығының арқасында мүмкін болды. Оның «Қазақ – қазақпен қазақша сөйлесу керек», «Қазақстан болашағы – қазақ тілінде» деген сөздері қанатты сөздерге айналды. Биылғы жылы ол қазақ тілді басылымдардың басшыларымен сұхбаттасты, онда қоғамдағы қазақ тілінің орны мен ролі туралы, оны дамыту мен жетілдірудің негізгі жолдарына толығырақ тоқталды. Егемендік алған жылдар ішінде біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Президенттің аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолдарында үнемі ізденісі Қазақстанның дамуына ғана ықпал етіп қоймай, басқа елдермен өзара қарым-қатынас кепілдігі ретінде де қызмет етеді. Біздің мемлекетіміз қазіргі таңда экономикалық реформаны жүргізу аймағында көшбасшы болып табылады. Қазақ халқында ежелден қоғам көшбасшысын сый-құрметке бөлеген. Н.Ә. Назарбаевты бүгінгі күні мемлекеттің негізін қалаушы, ұлт атасы ретінде мақтаныш етеді. «Назарбаев» пен «Қазақстан» деген сөз синоним болып қалды. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты халық жақсы көруімен қатар, мақтаныш та етеді! Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, тәжірибелі көшбасшы бола тұра, экономикалық және саяси жетілдіру арасында, сыртқы және ішкі саясаты арасында, еліміздің жуық және ұзақ мерзімді мүдделері арасында соншалықты қажет тепе-теңдікті таба білді. Бұл оған маңызды стратегиялық мақсаттардан ауытқымастан елімізді алып шығуға мүмкіндік берді. Басты мәселе ретінде Тұңғыш Президент берік экономикалық негіз салу міндетін алға қойды, онсыз кез келген демократиялық түрлендірулер үстірт және тіршілікке қабілетсіз болып қалу қаупі бар. Алдымен экономика, сосын саясат – президенттік бағыттың лейтмотиві осындай болды, әрі бұл бағыт өзін толық ақтады. Тұңғыш Президенттің күшті әрі сенімді қолы жетелеген Қазақстан – экономиканы реформалауда, жаңа заманғы банктік-қаржылық, салықтық жүйені, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін құрудың көптеген өзекті мәселелеріне алғашқы із салушының өзі болды. Осы мазмұны мен рухы бойынша либералдық түрлендірулер нәтижесінде Қазақстанда жігерлі және жаңаша ойлайтын бизнес-элита қалыптасты, барлық қажетті экономикалық және қаржы институттары құрылып, нығайтылды, орта кластың қалыптасуы басталды, миллиондаған азаматтар жеке тұрғын үй алды. АҚШ пен ЕЕ алғашқылардың бірі болып Қазақстан экономикасының нарықтық сипатын мойындауы тегін емес, ал Қазақстанның жинаған ең құнды тәжірибесі тек посткеңестік кеңістікте ғана емес, одан тыс алыс қияндарда да талап етілген болып табылады. Осының бәрі елімізге инновациялық экономиканы құру саласында анағұрлым күрделі және қиын міндеттерді жүзеге асыруға көшу және әлемнің 50 анағұрлым бәсекелестікке қабілетті елдерінің қатарына біртіндеп енуге талаптану мүмкіндігін берді. Соншалық маңызды бастапқы тұрақтандыруға қол жеткізіп, стратегиялық жоспарлау бағытын алған Нұрсұлтан Назарбаевтың посткеңестік кеңістікте бірінші саяси көшбасшы болу фактісінің маңызы да аз емес. 1997 ж. қазанында-ақ Президент Н.Ә. Назарбаев еліміздің халқына жыл сайынғы «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайын жақсарту» жолдауымен үндеу тастады Ол онда үшінші мыңжылдықта мемлекет пен қоғамның даму Стратегиясын белгіледі .

...

Скачать:   txt (23.8 Kb)   pdf (147 Kb)   docx (19.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club