Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инклюзивті білім

Автор:   •  Май 31, 2022  •  Реферат  •  11,002 Слов (45 Страниц)  •  235 Просмотры

Страница 1 из 45

Инклюзивті білім берудің ғылыми-теориялық және әдіснамалық негіздерінің мәселелерін құру білім алуда тең қолжетімділікке мұқтаж түрлі категориядағы балалар үшін әмбебап принциптер мен практикалық тәсілдерді табуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, инклюзивті білім беру мәселелерін шешу және нақтылы баланы білім беру үдерісіме ендіру үшін төмендегідей сұрақтарға жауап беру кажет:

  • Балалардың қандай категориясы толықтай оқу қызметіне енуде және қоғам өміріне қатысуда кедергілерді сезінеді?
  • Жүйенің әрбір деңгейінде қандай тосқауылдар бар?
  • Қалайша тосқауылдар азаяды?

« Білім алу және қоғам өміріне қатысуды қолдау үшін қандай ресурстар іске қосылуы қажет?

Ендіруге арналған кедергілер физикалық болуы да мүмкін, олар көліктің болмауымен, арақашықтықпен, инфрақұрылымның сипа- тымен, ғимараттарға физикалық қолжетімділіктің кедергілерімен, жалпы қолдану орындарымен, ақпарат алудағы кедергілермен негізделеді.

Қазақстан Республикасының инклюзивті білім беруді дамытудағы мемлекеттік білім беру саясаты физикалық кедергілерді жоюға және білім алу үшін арнайы жағдайды жасауға бағытталған, Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша іс-шаралар білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асады [73].

Республикамызда жалпы білім беретін мектептерде білім алудағы кедергісіз қолжетімділік бойынша белсенді жұмыс атқарылуда.

2012-2013 оқу жылыңда 7384 мектептің 1702 (23%) мектебінде физикалық тосқауылдарды (кең дәліз, пандус) жою бойынша жағдайлар жасалған.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне ендірудегі білім беру кедергілерін анықтау оқытуда қиындықтардың пайда болуымен байланысты болады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды педагогикалық үдеріске ендірудің тиімділігін қамтамасыз ету үшін олардың пайда болуын оқыту үдерісінде және түзетуші- дамытушы жұмыста алдын алу қажет.

Мүмкіндігі шектеулі баланың үйлесімді әлеуметтенуі оның отба- сы өміріне, қауымдастыққа, құрбыларымен қарым-қатынас жасауға, оқуға, тәрбиеге және өнімді қызметке толықтай енгенде жүзеге аса- ды. Мүмкіндігі шектеулі баланың оқу және тәрбие үдерісіне енуі қауымдастық өміріне ену жалпы үдерісінің интегративті бөлігі болып табылады. Функционалды бұзылуларының күшіне байланысты бұл балалар енуде нақтылы қиындықтар мен проблемаларды қарым-қатынас аясында, ақпаратты қабылдауда, қозғалыс дағдыларын дамытуда, өнімді қызметте сезінеді.

Бұл қиындықтар мен мәселелердің бір жағынан дербес сипаты болады, олар кемістіктің функциясы мен құрылымының бұзылу си- патымен, денсаулық, даму, тәрбиенің ерекшеліктерімен байланысты болады, оларды тек психологгар, дефектолог-мұғалімдер, ло- гопедтер, дәрігерлер, ЛФК мамандары, сонымен бірге техникалық және қосалқы құралдарды қолдану арқылы бұзылудың орнын тол- тыру арқылы жойылуы мүмкін.

Сонымен қатар, отандық инклюзивті білім беру дамуында қазірге дейін «кедергісіз орта» немесе физикалық кедергілерді жоюда, сонымен қатар, білім беру кедергілері немесе оқу және кор- рекциялық-дамушы үдерісті ұйымдастыруды қамтамасыз етуде әлі де қиындықтармен кездесіп отыр. Олар мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты таралған стереотиптер мен көзқарастардан ары- ла алмағандықтан, сонымен қатар, инклюзивті білім беру мәселелері бойынша жүйелі, кешенді психологиялық-педагогикагтық білім мен технологиялар, арнайы зерттеулердің жеткіліксіздігі де бұл мәселені шешуде қиындықтар туындатып отыр.

Жалпы білім беретін үдеріске мүмкіндіктері шектеулі балалар енгенде білім беру кедергілерін анықтау оқытудағы қиындықтардың пайда болуымен де байланысты. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды педагогикалық үдеріске тиімді ендіруді қамтамасыз ету үшін олардың оқыту барысында да, коррекциялық-дамушы жұмыстарда да пайда болуының алдын алу қажет.

Балаларды оқытудағы балалардың қабілетсіздігі немесе қиын- дықтары әр саланың мамандары: дәрігерлер, педагогтар, психолог- тар тарапынан кең талқыланды. Көптеген зерттеулерде (A.R Лурия, В.И., Лубовский, 3. Тржесоглава, О.В. Баженова, Л.П. Григорьева, А.Н. Алмагамбетова, А.К.Ерсарина и др.) [74,75,76,77,78,79,80] окытудағы қиындықтардың ми патологиясымен байланыстылығы аталады.

...

Скачать:   txt (172.5 Kb)   pdf (342.6 Kb)   docx (770.2 Kb)  
Продолжить читать еще 44 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club