Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инклюзивті білім беру және оны жузеге асырудын маныздылыfы

Автор:   •  Апрель 23, 2020  •  Статья  •  2,288 Слов (10 Страниц)  •  717 Просмотры

Страница 1 из 10

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қоғамбаева А.

магистрант, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ,

Алматы, Қазақстан, kogambayeva_akerke@mail.ru

Инклюзивті оқыту қазақстандық білім беру жүйесінде соңғы жылдары енгізіле бастаған жаңашыл идея болып табылады. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған құрдастарымен мектепте қосып оқытудың маңыздылығы қажеттігі және тиімділігі туындады. Дегенмен инклюзивті оқыту отандық мектеп тәжірибесі үшін жаңалық болғандықтан оны іске асырумен байланысты көптеген психология – педагогикалық, ұйымдастырыушылық проблемалар туындайды. Сол себепті осы саладағы дамыған елдер тәжірибесін зерделеу және одан қазақстандық жалпы білім беру жүйесінде шығармашылықпен пайдаланудың жолдарын анықтау үлкен ғылыми теориялық және практикалық маңызға ие.

Мақалада инклюзивті білім беруге анықтама жасалып, оның маңыздылығы жайлы түсінііктер беріледі.

Тірек сөздер: инклюзив, интеграция, инклюзивтік білім беру, мүмкіндігі шектеулі балалар, кәсіби даярлық, педагогтің іс-әрекеті.

Білім – әр кезде де маңызды болып есептелетін жоғары құндылықтардың бірі болып есептеледі. Тек сауатты әрі білімді адам ғана жарқын болашақтың тізгінін қолына ала алады. Сол себепті Қазақстан Республикасында Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспары құрылып, көптеген мақсаттар көзделіп отыр.

Олар: білім беруде мамандық кадрларды даярлау және заманауи мамандықтар жүйесін дамыту,оқыту әдістемелерін жаңғырту,елімізге қажетті технологиялар мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту.Бүгінгі ұрпақ білімді болса,ел ертеңі жарқын болмақ[1].

Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, «...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады» - деген болатын. Бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жәйлі сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру – білім беру ұйымдарының міндеті болып табылады

«Инклюзия» терминін ағылшын тілінен аударғанда «қосылу» деген мағына береді.

Инклюзивті білім берудің мақсатына келер болсақ, ол – даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан, тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.

Инклюзивті білім беру идеясы, «педагогтардың инклюзивті білім беру аясындағы кәсіби даярлығы» деген түсінікті зерттеу керектігін айқындады. Жоғары педагогикалық мектеп үшін инклюзивті білім беруді тиімді жүзеге асыра алатын мамандарды даярлау өте маңызды әрі қиын мәселелердің бірі болды. Мұнда ең алдымен педагогтың тұлғалық бағдары, адамгершілігі, кәсіби даярлығы және жұмыс барысында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдануы, өзін-өзі тиісті жағдайда дамытуы жайлы айтуға болады.

Инклюзивті білім беру балаларға қатысты барлық дискриминацияны болдырмайтын, барлық адамдарға бірдей қарауды қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайтын

...

Скачать:   txt (36.4 Kb)   pdf (72.9 Kb)   docx (19.1 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club