Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инклюзивті білім беру

Автор:   •  Сентябрь 27, 2021  •  Реферат  •  1,204 Слов (5 Страниц)  •  753 Просмотры

Страница 1 из 5

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты

Баяндама

Инклюзивті білім беру

Мовкебаева З. А

[pic 1]

Орындаған: 304 Төлеген Гүлім

Боранбаева Дана

Чапай Абзал


Мазмұны

Инклюзивті білім БЕРу ……………………….1

Инклюзивті білім берудегі мұғалімдердің рөлі ……….        2

[pic 2]

Инклюзивті білім беру дегеніміз

Инклюзивті білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.

Инклюзивті білім беру  – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.

Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға, адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.  Инклюзивті білім беру  мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім  беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасында» көрсетілді.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір - біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті білім беруде мұғалімдер мен арнайы мамандардың қызметтік міндеттері

Мовкебаева З.А. және Оралканова И.А. сынды  қазақстандық авторлардың әділ жасаған ескертулері бойынша, мектепке дейінгі және мектептік оқыту тәжірибесіне белсенді түрде енгізіліп жатқан инклюзивті білім беру педагогикалық маршрутты ендіруде жаңа ережелерді талап етеді. Ол өз әрекетін тек дидактикалық тұрғыдан ғана емес, құндылықтық бағдарды өзгерту деңгейінде де қайта қарастыруды меңзейді. Инклюзивті білім берудің ең басты қағидасы даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың әр түрлі қажеттіліктеріне сай неғұрлым шектемейтін, көбірек ортаға қосатын білім беру орта жасалуы керек. Инклюзивті білім беруидеясын қолдап, оны жүзеге асыра отырып педагогтар инновациялық тәртіпте әрекет етеді.    

...

Скачать:   txt (17.2 Kb)   pdf (534.4 Kb)   docx (419.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club