Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инклюзивті білім беру ұйымдастыруында мектеп мәдениетін құрудағы ресурстар

Автор:   •  Май 5, 2019  •  Лекция  •  1,864 Слов (8 Страниц)  •  1,454 Просмотры

Страница 1 из 8

ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ   БІЛІМ    ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ  АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ   ҰЛТТЫҚ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

[pic 1]

№7 МОӨЖ

«Инклюзивті білім беру ұйымдастыруында мектеп мәдениетін құрудағы ресурстар»

Алматы 2018

Инклюзивті білім беру ұйымдастыруында мектеп мәдениетін құрудағы ресурстар

   Мектеп басшылығы инклюзивті білім беру мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады:

  • Көріністі жасау (құру) және қолдану: мектеп басылымдарында, ата-аналар және қауымдастық өкілдерімен әңгімелесуде, сондай-ақ бейресми әңгімелерде  философиялық анықтаулар мен инклюзияның мақсаттарын, кез келген мүмкіндікте насихаттауды қамтиды.
  • Мадақтау мен мойындау: ол ресми және бейресми, қоғамдық және жеке болуы мүмкін, бірақ ол әрдайым инклюзияны қолдаушыларды  мойындап,  бағалайды және ықпал етеді.
  • Ресурстарды қолдану: көптеген елдерде инклюзивті білім берудегі негізгі кедергілердің бірі жеткілікті ресурстардың жоқтығы болып табылады. Мектепте пайда болған кезде басшылық дұрыс бөлуді бақылайды.
  • Стандартты ұйымдастырушылық рәсімдерді бейімдеу соның ішінде, мектепте қолданылатын ережелер, талаптар арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушылар болғанға дейін әзірленгендіктен, оларды өзгерту қажет болуы мүмкін екендігін мойындау.
  • Жақсартуларды қадағалау: басшылық үшін, көбінесе «дұрыс қадамдарды жасау» жеткіліксіз, сонымен қатар, олардың әрекеттері оқушылардың үлгерімі мен әлеуметтік мінез-құлқына жағымды  әсер ететіндігін көрсету керек.
  • Қиындықтарды жеңу: инклюзивті білім беру мектептің жалпыға бірдей танылған саясаты болып табылады, сондықтан жасырын және ашық қарсылық бар, оны шешу қажет.

Мектептің  жағымды мәдениетін қалыптастыру немесе мектептің этносы,  мектептің даму мақсаттарын анықтау мен жетілдіруін қамтамасыз етеді. Бұл мақсаттар мектеп қауымдастығының мүшелері, әсіресе басшылық үшін жалпыға ортақ құндылықтарды, көзқарастарды, дәстүрлерді және мінез-құлық нормаларын көрсетеді.

        Инклюзивтік мектептер үшін қалыптастыру бұл:

а) әр түрлілік идеясына берік ұстаным,

б) басқа да мәдениеттерді құрметтеу,

 в) жоғары, бірақ шынайы стандарттарды құру.

     Инклюзивті білім беруге қатысты  зерттеулердің көпшілігі сандық емес, сапалы зерттеулермен  байланысты екенін көресіз. Бұл стратегия мектеп басшылығына, әсіресе директорларға үлкен қызығушылық тудырады.

     Мектептерде өздерінің бірегей мәдени ерекшелігі бар екендігі туралы түсінік жақында ғана пайда болды.

Антропологиялық және ұжымдық зерттеулер, мектептің әлеуметтік психологиясын зерттеу негізінде, бұл мектеп қоғамдастығының барлық мүшелерінің әр түрлі нысандарының «Барлық оқушыларға құрмет жағдайы мен дамушы ортаны құру» түсінігі мен өзгеруін қамтамасыз ететін қуатты құрал болып табылады.

     Мектептің мәдениеті оның мүшелері бір-біріне қалай әрекет ететінін анықтайды: мұғалім мұғалімге, мұғалім оқушыларға, оқушылар оқушыларға, ата-аналар мұғалімдерге және балаларға көрсетеді.

      Кейде мектептің мәдениеті басшылықтың көзқарасын, түрлі құжаттарын және сөйлеген сөздерін қалыптастыруда көрініс табуы мүмкін. Бірақ көбінесе бұл  оқытушылар кабинетінде, сыныптарда,  мектеп қабырғаларында, жергілікті қоғамдастықтарда  орын алады, яғни барлығында мектеп қауымдастығының мүшелері кездесетін орындарда  өзара әрекеттесуде байқалып, жасырын болып қалады.

Жалпы алғанда, мектептің мәдениеті - мектептерде жеке мүшелер  ретінде емес, ұйым ретінде сипатталады, бірақ олардың барлығы оның құрылуына үлес қосады.

Мектепте жағымды мәдениетті қалыптастыру

     Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушылар  үшін мектептегі  жағымды мәдениетті қалыптастыру басшылықтың қатысуын талап етеді. Төменде көріп отырғанымыздай, көптеген мектептерде басшылықта басты рөл директорға тиесілі , сонымен қатар басқа да адамдар ұқсас немес әр түрлі оның рөлін жүзеге асыра алады.

...

Скачать:   txt (25.8 Kb)   pdf (231.4 Kb)   docx (82.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club