Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инклюзивті білім беру-заман талабы

Автор:   •  Ноябрь 11, 2021  •  Доклад  •  1,159 Слов (5 Страниц)  •  360 Просмотры

Страница 1 из 5

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ

Өмірзаққызы Ақбота

Қызылорда облысы, Шиелі адуаны,

 Алмалы ауылы №181 қазақ орта

 мектебінің мұғалім-дефектологы,

 математика ғылымдарының магистрі

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деген сөз бекер айтылмаса керек. Бірақ, қазіргі таңда елімізде мүмкіндігі шектеулі ересек жандарды қоспағанда 150 мыңнан аса мүгедек бала өмір сүруде. Бұл әрине кімді де болса уайымдататыны анық.

«Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы» және «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық көмек көрсету туралы» ҚР-ның Заңдарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек еліміз егеменді ел болғалы толастамаған емес. Десек те, даму мүмкіндігі шектеулі, жарымжан жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмайды.
           Мүмкіндігі шектеулі жанды көргенде аяушылықпен қарап, бүгініңе шүкіршілік етесің. Ал, олардың хал-ахуалын, жүрек түкпіріндегі күйзелісін біз қанша ойланып, тебіренсек те жеткізе алмасымыз хақ. Олар іштей жан азабын тартып, күйзелгенімен өмірде мықты, қандай қиындыққа болсын мойымай, қайсарлық танытқанын көргенде еріксіз қайран қаласың. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан-дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу-белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы.
         Ал, осы мүмкіндігі шектеулі жандар тек қоғамдық қамқорлықпен ғана емес білім беру саласында да басты назарда. Мұндай жарымжан жандар оң солын танып, білім алып, толықққанды азамат болуы үшін білім беру саласы да өз мүмкіншілігіне орай білім беруде.

          Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру аясында, «мүмкіндігі шектеулі балалар» немесе «мүгедектігі бар балалар» деген терминнің орнына «ерекше білімді қажет ететін (ЕБҚЕ) балалар» термині пайдаланылуда. Бұл терминді пайдалану, мүгедектігі бар балалардың кемістігін жасырып, басқа балалардан ерекшелеп тұрады деп ойлаймын. Мұндай балалар арнайы мектептерде, арнайы сыныптарда, қажет болған жағдайда үйден оқытылып жатыр. Ерекше оқуды қажет ететін балаларға педагогиканың, психологияның және дефектологияның қыр-сырын жетік меңгерген мамандар білім береді. Әрине, мұндай балаларға білім беретін мамандарға қойлатын талаптар да аз емес. Маман - бүгінгі заман талабына сай өзінің мамандығын сүйетін, жан-жақты терең білімді, ашық-жарқын мінезді, жайдары жүретін, қажыр-қайратты, қатал талап қойып, нәтижеге жете білетін еңбекқор жан болуы керек. Баламен қарым-қатынас барысында әр баланың жан-дүниесін ұғынып, кемшіліктерін түзеп, жетістіктерге жетелей білуі керек деп ойлаймын.

              Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру саласында  өзекті мәселе – инклюзивті білім беру. Инклюзивті білім беру арқылы  мүгедек балаға өзінің құқықтарын іске асыруға жағдай жасалады . Көшеде өзінің жасындағы балалармен ойнап жүрген мектепке дейінгі жастағы балаға жақын жердегі мектепке емес, ерекше жағдайдағы мектепке баратыны жөнінде қалай түсіндіруге болады. Инклюзивті білім мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақша, мектеп, институт, мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық көлемде қатысуына мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа ынталандыру қорына ие. Қазіргі жас ұрпақ біздің болашағымыз. Бұл жас ұрпақтың ішінде қарапайым балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар. Ендеше бұл балаларды бөлмей, бәріне бір көзқараспен қарап,олардың болашағына жол ашуға көмектесейік. Әрине бұны жеңіл деп айту қиын.

...

Скачать:   txt (16.6 Kb)   pdf (89.9 Kb)   docx (12 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club