Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

4-5 жастағы сөйлеу тілінде тежелуі бар балаларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу

Автор:   •  Октябрь 18, 2023  •  Реферат  •  1,241 Слов (5 Страниц)  •  166 Просмотры

Страница 1 из 5

Тақырыбы: 4-5 жастағы сөйлеу тілінде тежелуі бар балаларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.

         Бүгінгі таңда экологиялық тәрбие мәселесі өзекті.Экологиялық мәдениет - жалпы дүние-жүзілік мәдениеттің дамуының бір кезеңі және құрамдас бөлімі. Қоршаған ортаға немқұрайлылықпен қараудың күйінішті тәжірибесіхимиялық ластануданшудандірілдерденэлектрмагниттік сәулеленуденрадиациядан және т.б. болған ауруларды зерделеу экологиялық мәдениет және санитариялық мәдениет ұғымдарын біріктіре ұғыну қажет екенін түсінуге себеп болды.[1]

Кіріспе:

  1. «Экологиялық мәдениет» туралы түсінік

         Экология — 200 жылдық тарихы бар жас ғылым. Экология - "ойкос" деген грек сөзі, "үй, баспана" ұғымын білдіреді. Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы. "Экология" ғылымы теориялық және тәжірибелік маңызы бар барлық ғылымның кешенді негізінде тез дами бастаған салаға айналды. Экология терминін ғылымға енгізген адам Эрнст Геккель болып саналады (1866 ж). [2]  Әлемдегі экологиялық жағдайдың төмендеп кету мәселесі туралы ғалымдар дабыл қағуда. Экология – табиғатты қорғау және табиғатқа зиян келтірмейтін ұлттық салт-дәстүрді сақтау [3]. Бүгінгі таңда экологиялық тәрбие мәселесі өзекті. Алғаш рет «экологиялық мəдениет» ұғымын ұсынған Д.С. Лихачевтің пікірінше (1980), адамгершілік қырлардан құралатын адам тіршілігінің ақиқатты негізі — бұрынғыны қорғау, өткенді сақтау, сондықтан экологиялық мəдениетті адамгершілік мəдениеті ретінде қарастыру керек. 

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы

        Табиғат арқылы балалардың имандылық сезімдерінің алғашқы нышандарын қалыптастыру жайлы Я.А.Коменский [4] ескерткенде болатын. Ж.Ж.Руссо [5]. балалардың кәдімгі табиғи тәлім-тәрбиесін табиғатпен тығыз жүргізуді насихаттады, оның пайымдауынша, табиғатқа деген қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу баланың қабілет-дарынының іштей жетілуімен, әсіресе біздің қоршаған ортаны, табиғатты қабылдап, танитын сезім мүшелерінің көмегімен жүзеге асады. Табиғатты эстетикалық тәрбие құралы ретінде танып, бағалауда орыс педагогы К.Д.Ушинский адам мен табиғат арасындағы қарым- қатынасты педагогикалық аспектіде қарастырып бұл жөнінде, табиғат даусын ата-аналар да, тәрбиешілер, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу жақсы емес... адамға тек оның бұл зандылықтарын білу және олардың күшін пайдалану, ғана қалады», - деген пікір білдірді [6]

          Экологиялық тәрбиенің көкейтестілігі Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының болуымен тығыз байланысты.Осы ретте, білім- біліктіліктің түп-тамыры балалардан бастау алатындығына да  назар аударыла бастады. Қазақстан Республикасында «Білім туралы» Заңның қабылдануы ұрпақ тәрбиесі жөнінде жаңаша ойлауды, үзіліссіз тәрбие негізі саналатын мектепке дейінгі ұйымдардағы баланы тәрбиелеу мен қарапайым білім түрі меңгертудің мазмұнын жаңартуды міндеттейді. Осыған орай Республикамызда мектепке дейінгі ұйымдарында жүргізіліп келе жатқан экологиялық тәрбие жұмысының мазмұны уақыт талабына сай жаңаша сипат алуда .[7] Жеткіншек ұрпақтың қоршаған ортаға қамқорлық сезімін оятып, табиғатты экологиялық апаттан сақтауға тәрбиелеуге, экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған мынадай негізгі ұстанымдарды басшылыққа алу ұсынылады: а) мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу - тәрбие ісінің мазмұнында балаларды табиғаттың құпия сырларымен таныстыру және оны қорғау жұмыстарының тұрақты жүргізілуі; ә) табиғат қорғауға байланысты ұлттық тәрбие үрдістерін басшылыққа алып отыру; б) экологиялық тәрбие жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар, көмекші құралдар, қызықты суретті кітапшалар дайындау. Экология тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиенің негізгі салалары болып табылатын адамгершілік, эстетикалық еңбек, имандылық тәрбиелерімен сабақтастыра жүргізу басшылыққа алынады. Экологиялық тәрбиенің мақсаты - балаларды табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлығын қалыпастыру. [8] Экологиялық тәрбие мен білім беру ісін мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жүйелі түрде 2-7 жас аралығындағы сәбилерге саналы жүргізілгенде жүзеге асады. Ерекше білім беруді қажет ететін, оның ішінде сөйлеу тілінде тежелуі бар балаларды бұл мәдениет түріне тәрбиелеу қалай жүзеге асады?

...

Скачать:   txt (18.3 Kb)   pdf (100.3 Kb)   docx (13.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club