Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Білім беру тәжірибесіндегі озық тәсілдер – функционалдық сауаттылықты дамыту кепілі

Автор:   •  Август 15, 2018  •  Лекция  •  8,983 Слов (36 Страниц)  •  592 Просмотры

Страница 1 из 36

«С. Керімбеков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ

Дайындаған: директордың тәрбие жұмысы жөніндегі

 орынбасары   М.Бекеева

Қаскелең қаласы

2017-2018 оқу жылы

Мектептің тақырыбы:

«Білім беру тәжірибесіндегі озық тәсілдер – функционалдық сауаттылықты дамыту кепілі»

Тәрбие жұмысының тақырыбы:

«Қазақстандық  патриотизм мен адами құндылықтарға  негізделген жеке тұлға қалыптастыру»

Тәрбиелік мақсаты:

«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының негізгі құндылықтарын жүзеге асыру арқылы, салауатты және рухани дамыған, интеллектуалды,  бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру

Тәрбиенің міндеттері:

  • «Бала құқықтары туралы Конвенцияны»  іске асыру;
  • ҚР Конституциясын  басшылыққа алып құқықтық сананы қалыптастыру және дамыту, жастар арасында қатігездік пен күш көрсетуге ымырасыз болуға, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүре білуге, жемқорлыққа «жоқ» деп айта білуге үйрету;
  • ҚР «Білім туралы заңын» іске асыру бағдарламасын жалғастыру, сапалы біліммен қамтамсыз ету;
  • Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан  халықына жолдауларын  басшылыққа алу;
  • ҚР мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасын пайдалану, азаматтық- патриоттық сананы қалыптастыру, рухани-адамгершілік қасиеттерді жетілдіру, этикалық принциптерді ұстана отырыпқазақстандық қоғамның нормалары мен дәстүрлеріне қайшы келмеу;
  • тұлғаның адами және ұлттық құндылықтарды ұстана отырып, қазақ халқының тілін, дәстүрлерін мойындауға, ұстануға  жетелеу, полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру мен толерантылықты нығайту, Қазақстан Республикасында өмір сүретін түрлі этностар мен этнотоптардың тілін, мәдениетін дәріптеуге үйрету;
  • отбасылық құндылықтардыкеңінен насихаттау, ата-аналардың психологиялық, педагогикалық білімін жетілдіру, ата-ананың баланың тұлға ретінде қалыптасына, тәрбиесіне жауаптылығын сезіндіру;
  • еңбек дағдысын қалыптастыру, тұлғаның экономикалық ойлау дағдысын ұштап, болашақ мамандығын таңдауда жол ашу, экологиялық мәдениетті дамыту, ұжымдық қарым-қатынастың ережесін біліп, өмірде қолдану;
  • интеллектуалдық мүмкіндіктердің, дарындылық пен көшбасшылық қасиеттердің  дамуына, тұлғаның ақпараттық мәдениетінің дамуына қажетті мотивациялық кеңістікті қалыптастыру;
  • мектепте көпмәдениетті ортаны қалыптастыруға ықпал ету, ортақ мәдениет дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және өмірдегі эстетикалық нысандарды қабылдауға, игеруге, бағалауға дайын болуын қаматамсыз ету;
  • дене тәрбиесіне жіті назар аударып, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыруға ыңғайланған кеңістік орнатып, оқушыны өзінің  физикалық және психологиялық денсаулығына нұқсан келтіретін факторларды анықтай білуге үйрету.

Нәтижесінде:

  • азаматтық-патриоттық сана-сезімі жоғары;
  • рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған;
  • отбасылық құндылықтарды ұстанатын;
  • құқықтық санасы нығайып қалыптасқан;  
  • салауатты өмір салтын ұстанатын;
  • интеллектуалды, білімді, жан-жақты  және бәсекеге қабілетті;
  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысатын, халқымыздың бай өмір тәжірибесі негізінде тәрбиеленген, ұлттық менталитетімізді бойына сіңірген

ХХІ ғасырдың жеке тұлғасы тәрбиеленеді.

ТӘРБИЕЛІК БАҒЫТТАР:

  1. Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
  2. Рухани адамгершілік  тәрбиесі;
  3. Ұлттық сананы қалыптастыру тәрбиесі;
  4. Отбасылық тәрбие
  5. Еңбек,  экономикалық  және экологиялық тәрбие;
  6. Көпмәдениетті  және көркем-эстетикалық тәрбие 
  7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
  8. Дене  тәрбиесі мен салауатты өмір салтын ұстану тәрбиесі.

Алматы облыстық білім басқармасының 09.08.2017 жылғы №486-н бұйрығы  «Жалпы білім беретін оқу орындарында 2017 – 2018 оқу жылының басталуы туралы» бұйрығы негізінде С.Керімбеков атындағы орта мектепте  29.08.2017 жылы № 228 бұйрығы шығарылып  сыныптарға сынып жетекшілері тағайындалып, 42 сынып жетекшісі  тәрбиенің 8 бағыты бойынша сыныптарында тәрбие жұмыстарын жүргізді.

...

Скачать:   txt (129.1 Kb)   pdf (401.3 Kb)   docx (45.5 Kb)  
Продолжить читать еще 35 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club