Білім беру парадигмасы
Автор: kunsuly • Октябрь 24, 2018 • Статья • 909 Слов (4 Страниц) • 816 Просмотры
«Педагог-жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп,жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам.»- деп А.В.Луначарский айтқандай қазіргі заманғы білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау. Бұндай ұрпақты дайындап шығаратын , үйрететін орта- мектеп десек , оның жүрегі – мұғалім екені бәрімізге айқын. Ізденімпаз жаңашыл мұғалімнің басты ерекшелігі — оның сабақты түрлендіріп, оқушының жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз білім беруді ұйымдастыру жолында тынымсыз жаңалықтар іздеп, тиімді тұстарын табады. Осылайша балаға білімді меңгертудің қолайлы тәсілдерін қолданатын мұғалім. Ұстаз деген атты қадір тұту, қастерлеп таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібі мен өз пәнін, барлық шәкірттерін жанындай жақсы көретін адам.
Қазіргі таңдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық әдіс-тәсілдердің барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіре отырып оқушысын қоғам талабына лайықты етуге талпынған, рухани жағынан дамыған шығармашыл тұлға. Бүгінгі нарық жағдайындағы мұғалім бәсекеге қабілетті болу керек . Білім беру сапасының жоғары , кәсіби шеберлігі мен әдістемелік жұмыстағы шеберлігі басым болуы шарт . Осы тұрғыдан қарағанда нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған озық үлгі қажет. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім берудің философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерінің теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы,орындаушы болса,ал қазіргі білім беру жүйесінде оқушының өздігінен ізденетін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беріледі. Қазіргі оқушының дүниетаным қабілеті жоғары болғандықтан оқулықпен шектеліп қалмайды . Олар табиғатынан ізденімпаз, талапты болады. Мұғалім әр сабаққа мақсатты нақты қою керек. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Осыған орай «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» -деп өте орынды айтылған. Дарынды бала бойында сапалы қабілеттер өзіндігінен бірлесіп келгендіктен белсенді іс-әрекет барысында оның білім алуы жақсарады. Жалпы, қабілетті оқушы математика, жаратылыстану, дүниетану ,әдебиет сабақтарын бірдей жақсы игереді. Оқушының дамытуда ежелгі замандардан бері математиканың алар орны ерекше. Сондықтан мен оқушының математиканы меңгеруіне ерекше мән беремін. Оқушыларыма логикалық есептерді көбірек беріп, шапшаң ойлауларына жұмыстанамын. Шығармашылық- психологиялық тұрғыдан алғанда жаңа материалды өздігінен ізденіп табуы рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ,шығармашылық дегеніміз-адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзінің ерекшелігімен бағаланады. Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілік,тұрақты сұраныс болып,өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет. Мектеп қабырғасындағы бастауыш сатыдағы балаларымен жұмыс істеу-ерекше маңызды педагогикалық шеберлікті қажет етеді. Осыған байланысты дарынды балалармен жұмыс істеудің төмендегідей кезеңдерін анықтауға болады:
1.Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу;
2.Балалар шығармашылық өнімдерін жариялау;
3.Игерілген нәтижелерді бақылау. Дарынды баланың бойындағы белсенділік туа пайда болады. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмегі арқылы ашылады және дамиды. Сондықтан да дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуының өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеруіміз керек.Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына көмек көрсету. Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін өз іс-тәжірибелерінде пайдаланса нәтижеге қол жеткізе алады:
• Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құру;
• Оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;
• Оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру;
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аудару керек:
•Пән сабақтарында деңгейлік тапсырмаларды іріктеу, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу керек.
• Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру қажет. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға — пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізу керек. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастырып отыруға тиіс.
Осы тақырыпты меңгеру барысында мынадай міндеттер шешімін табуға тиіс:
— Оқушының психологиялық даму ерекшелігін пәнге деген қызығушылығын анықтау;
— Тілдік қорын,мәдени сөйлеуін жетілдіру;
— Оқушылардың өздігінен іздене отыра,шығармашылық қабілеттерің арттыруға икемдеу,соған байланысты жұмыс түрлерін жасау;
— Оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе,тәрбие жұмыстарында да,оқушының танымдық белсенділігін арттыру.
Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың көмегімен мынадай зерттеу жұмыстары жүргізілді: 1.Сауалнама 2.Тест: психологиялық, пәндік 3.Кесім алу 4.Бақылау жұмысы. Есте сақтау қабілеттерін арттыруда берілген мәтіндерді, өлең-шумақтарды, аңыз-әңгімелерді оқушы есінде көбірек сақтап қалу мақсатында түрлі кестелер толтырылады. Сабақтың кейбір кезеңдерінде оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда өз ойын жазбаша
жазуын, логикалық ойлауын үнемі қарастырылады. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өзін-өзі ұстауын, өз ойын еркін жеткізуі, оқушы бойында инабаттылық болуы қажет. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше. Сонда білімді меңгеру, дағды мен біліктіліктің қалыптасуы, қабілеттердің дамуы мынадай кезеңдерді қамтитын логикалық тізбекке ие болады: а) оқу материалын қабылдау; ә) ішкі байланыстар мен қарама-қайшылықты түсініп ойлау; б) еске түсіру және есте сақтау; в) практикалық іс-әрекетте меңгергенді қолдану. Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
— әрбір білім алушының білім алу, даму, басқада іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; — білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
— өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
— аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. Білім беру парадигмасы өзгеруде. Оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім,білік дағдысын емес,оның тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын тұрақтандыруға ұмтылуда. Ұстаз еңбегі-оқушы білімінің өлшемі. Оқыту процесі басқарылатын процесс болғандықтан, жеке оқушының ерекшелігін ескеру- мұғалімнің міндеті.
...