Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Білім беру

Автор:   •  Апрель 7, 2022  •  Доклад  •  1,002 Слов (5 Страниц)  •  223 Просмотры

Страница 1 из 5

1

Білім беру- ол адамдардың адамгершілік, интелектуалдылық, білікті кәсіпкер болуын қамтамасыз етуге бағытталған, тәрбие беру мен оқытудың процесі болып табылады.

Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік  саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстанда тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Білім Беру туралы Заңы  ол халықты білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң болып табылады.  Бұл заң  1999 жылы маусымның жетісі қабылданады. Және одан соң, 2007 жылы 27 шілдеде қайта қабылданады. Заң 68 баптан, 12 тараудан тұрады. Бұл заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, сонымен қатар қазақ елінің атқарушы органдардың білім беру саласындағы құзыретін шекету белгіленген.

1-тарау. ЖАЛПЫ

2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ

3-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

4-тарау. БІЛІМ БЕРУ

5-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

6-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕР

7-тарау. ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ

8-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

9-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

10-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН

12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

Бұл заң Қазақстанның білім беруде, дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешу үшін қажет:

  1.  Білім алу мәселесінде міндеттерді орындап, оны ойластыру қабілетін қалыптастыру. Адамдар арасында жақсы қарым-қатынас, әлемдік көзқарас және тәрбиені қалыптастыру. Білім алу арқылы өз-өзін тәрбиелеп, психологиялық түрде өсу. Сонымен қатар, заң оқушының ойлауға, дұрыс сөйлеп жазуға, шығармашылық жағынан өзін көрсете алуға тәрбиелейді.
  2. Маңызды ғылыми түсініктерді, териялық ережелерді, білім алу барысында оқытылатын оқу материалдарының идеяларын ұғынуға шақырады.
  3. Оқу барысында тәжірибелік, саясаттық, мамандық таңдау бағыттарын қамтамасыз ету.  Оқытушылардың білім жүйесін толықтай оқып, бітіргеннен кейін, оқу барысындағы барлық теориялық және практикалық білімді дұрыс пайдалануға нақтылы мүмкіндіктер жасау.
  4. Белсенді әрі нақтылы оқу әдістерінің көмегімен басым әдістерді таңдау қуатын кеңейту, сабақта шығармашылық, көрнектілік, практикалық тұрғыда іздене отырып, оқыту әдістерін, білім алушылардың өздік жұмыстарын,қызығушылықты арттыратын әдістерді, білімге қарым қатынастарын, оқып жатқан оқу материалдарын терең әрі дұрыс жеткізуге арналған материалдарды кеңейтуге мүмкіндіктер жасау.

  1. Оқытушылардың кабинеттік  оқыту жүйесін дамыту мақсатында әр түрлі құралдарды пайдалана отырып(оқулықтар, көрнекті құралдар, жаңалықтар, және т.б.), оны дамытып отыру.
  2. Оқушылардың уақытын ескере отырып, дұрыс әрі қиындықтар түсірмейтіндей етіп үй жұмыс көлемін қалыптастыру, үй жұмысын орындауда, сабақ барысында үй жұмысына қатысты материалдарды нақты етіп түсіндіріп,  орындау әдістемелеріне анықтама беру.
  3. Оқушыларды жан-жақты ақпараттандыру.
  4. Қоғамдағы адамдармен коммуникативті бейімдеу.
  5. Дарынды білім алушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін өзі жарнамалауына көмек көрсету.
  6. Және соңғысы, білім берудің ең басты мақсаты- бұл өз ісін білетін, сүйетін нағыз маман даярлап шығу

Қорытынды:

Жалпы осы Білім Беру туралы Заңы Қазақстан Республикасының тұрғындарына білім алу жағынан берер көмегі өте зор болып табылады. Себебі бұл заң арқылы осы елде тұратын әрбір азамат және азаматша ерте жасынан бастап, болашақта қоғаммен коммуникация немесе жұмыс тарапына қажет ететін түрлі қабілеттерді ашуда негізделіп отыр.

Сонымен қатар оқушыларға оңай әрі ақпаратты болу мақсатына орай білім беру жүйесі құрылып, қазіргі таңда да қарқынды дамып келуде. Мектеп немесе басқа білім алу мекемелерінде оқушылардың ғылыми, техникалық және гуманитарлық білімдерін толықтыру мақсатында, түрлі бағыттағы пәндер еңгізілді.

...

Скачать:   txt (15.2 Kb)   pdf (74.7 Kb)   docx (12 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club