Білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде заманауи әдістерді қолдану технологиясы
Автор: Zhu__ka • Май 31, 2019 • Реферат • 12,532 Слов (51 Страниц) • 713 Просмотры
- педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына араласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен(адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тәрбие –ортақ міндеттерді іске асыру барысында оқытушы мен білім алушының өзара әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған жүйе, бұл әлеуметтік процесстің негізгі мақсаты тұлғаны жан-жақты қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде заманауи әдістерді қолдану технологиясы» деп тұжырымдадық.
Зерттеу мақсаты: Колледжде оқытуда білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде заманауи әдістерді қолдану технологиясы негізінде ұйымдастыруды теориялық негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
- Астана политехникалық колледжде сабақтарды оқытуда білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде заманауи әдістерді қолдану технологиясын анықтау және теориялық мәселелерін талдау;
- Білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде заманауи әдістерді қолдану технологиясының ерекшеліктерін анықтау;
-Колледжде білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде заманауи әдістерді қолдану технологиясы бойынша тәжірбиелік жұмыстар жүргізу және ұсыныстар беру.
Зерттеу нысаны: Астана қаласы Политехникалық колледжі.
Зерттеу пәні: Астана политехникалық колледжінде білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде заманауи әдістерді қолдану технологиясы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Колледж білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде заманауи әдістерді қолдану технологиясының теориялық мәселелері анықталды.
- Білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде заманауи әдістерді қолдану технологиясының ерекшеліктерін айқындалды.
- Астана қаласы Политехникалық коледжінде білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде заманауи әдістерді қолдану технологиясын қолдана отырып тәжірбиелік жұмыс жүргізу, зерттеу нәтижелері бойынша ұсыныстар берілді.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде заманауи әдістерді қолдану технологиясының пайдалануға болар еді,егер колледжде білім алушылардың тәрбие жұмысын жүргізуде заманауи әдістерді қолдану технологиясының ерекшеліктері қарастырылып, білім алушылар білімді меңгеруді тиімді әдіс-тәсілдерін арқылы ұйымдастырылып, оларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану бойынша нұсқаулары құрастырылса,онда адамзатта тәрбиелік құңдылықтарды бағалай білетін, шығармашылық ойлау мен танымдық қабілеті дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігі артады,өйткені білім алушыларды тәрбие жұмысын жүргізуде заманауи әдістерді қолдану технологиясын сабақтарда пайдалану білім беру жүйесінің сапалығын қамтамасыз етеді.
Зерттеудің жетекші көзқарасы: білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде заманауи әдістерді қолдану технологиясы оқу үрдісін жетілдіру құралы болу мен қатар, колледждегі оқудың қазіргі заманғы жеке тұлғасын қалыптастыру.
Зерттеу әдістері:
-зерттеу мәселесіне байланысты философиялық,психологиялық, педагогикалық әдістемелік әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық талдау;
- білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуде заманауи әдістерді қолдану технологиясы мәселесін оқу-тәрбие процесіне қолдану мүмкіндіктеріне сипаттама, сауалнама өткізу және бақылау жүргізу.
...