Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бала тілінің кеш шығу себептері

Автор:   •  Март 6, 2018  •  Доклад  •  683 Слов (3 Страниц)  •  1,184 Просмотры

Страница 1 из 3

Бала тілінің кеш шығу себептері

Ата-аналардың алдында тұрған ең маңызды да күрделі мақсаттардың бірі – баласын сөйлеуге үйрету. Уақытында тілі шықпаған баланың даму үрдісі тежеліп, еске сақтау, зейіні, ойлау қабілеті сияқты жоғарғы психикалық функциялары да дұрыс жетілмеуіне басты себепші болуы мүмкін. Педагог мамандардың пікірлері бойынша, үш жастағы баланың сөз қорында үш жүзге жуық сөздер болуы тиіс.

Қазіргі таңда бала тілінің кешігіп шығуы жиі кездеседі. Балабақша жасына жеткен сәбилерді жұмысбасты ата-аналар мекемеге әкеліп, мамандардың көмегіне жүгінеді. Баланың сөйлеу қабілетіне кері әсер етіп, оны бұзатын себептер өте көп.

Бала тілінің кешеуілдеуі тек, ата-аналарды ғана алаңдатып қоймай, дәрігерлер мен арнайы педагог мамандардың жүйелі жұмысындағы өзекті мәселе болып тұр. Ғасыр дерті деп айтсақ та, қате болмайды деп есептеймін. Себебі, тілдің дамуына ең алдымен баланың ортасы, яғни ата-анасымен, үйдің үлкендерімен, құрдастарымен байланысы әсер етеді.

Жастардың барлығы бос уақытын теледидар мен ғаламтордың ортасында өткізеді. Баласын да солай алдап отырғызады. Оның жетілуіне өздерінің тікелей әсері барлығын жете түсінбейді, эмоциялық қарым-қатынасқа түспейді. Баланы еркелету,бірге ойнау, жас ерекшелігіне байланысты ойыншықтар алып беру сияқты бала үшін маңызды қажеттіліктер екенін ескермейді.

Ата-аналар баланың даму сатысын біліп отырғаны абзал. Мысалы сәбидің қашан гуілдегенін, ойыншыққа назар аударғанын, туыстарын тануын, басын ұстауын, отыруын, жүруін, сөйлеуін т.б. қимыл-қозғалыстарын қадағалап тұру қажет. Сөйлеу және психикалық дамуында баланың сәл ауытқушылық байқалса, уақыт оздырмай мамандардан кеңес алуы керек.

Тілінің дамуында тежеліс немесе сөйлеу белсенділігінің жоқтығы көп жағдайда қоршаған ортаның әсерінен болады. Яғни, жанұядағы тынышсыздық,үлкендер тарапынан бала тәрбиесіне әр түрлі ықпал жасау. Сол сияқты шамадан тыс еркелету, өз тілегін сөзімен жеткіздіруге мүмкіндік жасамау.

Сондай-ақ әлеуметтік факторлар да бала тілінің кеш шығуына кері әсерін тигізді. Олардың ішіндегілері:

- нәрестелі болған ата-аналар, нәрестенің өз уақытындағы даму кезеңдеріне мән бермеуі;

- ананың мейіріміне зәру болуы;

- жанұядағы екі тілде сөйлесуі;

- стресстік жағдайлар (тұрақты мекен-жайдың, балабақшаның ауысуы);

- інілер мен сіңлілердің дүниеге келуі;

- ата-анасы баламен сөйлесу кезінде тәмпіштеп, сөздерді бұзып сөйлеуі.

Медициналық факторларға жататындар:

  •  біріншіден, жүктілік кезіндегі инфекциялық аурулармен ауыру да, қан аздылық, бүйрек жұмысының бұзылуы, жүрек ақаулары сияқты проблемалардың орын алуы;
  •  екіншіден, ата-ананың ішімдікке берілуі де аномальді баланың дүниеге келуіне себепші бола алады;
  •  босану кезіндегі нәрестенің ми жарақаты, миға оттегінің жетпеуі сияқты жағдайлар да кері әсерін тигізеді;
  •  ой қабілетінің тежеулігі;
  •  салмақтың жетіспеуі;
  •  көп уақыт бойы емізік емген баланың таңдайының дұрыс қалыптаспауы;
  •  қатты шошынудан тұтығу пайда болуы;
  •  уақытында невропатолог маманның бақылауында болмауы;
  •  естуінің нашар болуы.    

Енді 3 жасқа дейін баланың уақытында сөйлемеу кейбір себептеріне нақтырақ тоқталсақ:

...

Скачать:   txt (9.9 Kb)   pdf (86 Kb)   docx (13.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club