Балабақшадағы мерекелер мен сауықтар
Автор: adinakapparova • Январь 11, 2018 • Курсовая работа • 2,766 Слов (12 Страниц) • 5,814 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Курстық жұмыс
«Балабақшадағы мерекелер мен сауықтар»
2017 оқы жылы
Мазмұны
І. Кіріспе...............................................................................................................3-4
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1 Мерекелер мен сауықтардың маңызы. Оларды ұйымдастыруға және
өткізуге қойылатын талаптар........................................................................5-6
ІІ.2 Мереке түрлері мен олардың мазмұны.......................................................6-7
ІІ.3 Сауық кештердің түрлері мен мазмұны......................................................7-9
ІІ.4 Балабақшада мереке күндерін өткізудің әдістемесі.................................9-11
ІІ.5 Ертеңгілікті өткізу уақыты және оған қатысушы топтар...........................12
ІІ.6 Педагогикалық ұжымның мерекеге әзірлену жөніндегі жұмысы, мерекені
өткізу..........................................................................................................12-13
ІІІ.Практикалық бөлім
ІІІ.1.ІІ сәбилер тобы: «Ертегілер еліне саяхат» ойын-сауық жоспары.......14-17
ІІІ.2.Естияр тобы: «Үш дос» қуыршақ театрының ойын - сауығының жоспары.............................................................................................................17-19
ІҮ. Қорытынды ..............................................................................................20-21
V. Пайдаланылған әдебиеттер .........................................................................22
І. Кіріспе
Егемендік алған Ұлы Қазақстанымыздың болашағы- жас бүлдіршіндеріміздің азаматтық пен адалдық, отан сүйгіштік пен мейірімділік рухында тәрбиелеу - әрбір отбасының, балабақшаның міндеті.Уақыт өткен сайн тәрбиеленуші мен тәрбиешіге қойылар талаптың да биіктей беретіні заңды құбылыс. Олай болса, балалардың бойына халқымыздың ең асыл да пәк қасиеттерін сәби кезінен жан- жақты дарытып, ұлттық сана сезімін қалыптастыру бүгінгі заманның өзі талап етіп отырған бірінші кезектегі өзекті мәселелердің бірі деп білуіміз қажет.
Адамзат өмірінде, әсіресе бүлдіршіндер үшін түрлі мейрамдар мен тойлардың ерекше әсем, қуанышты, жадыда керемет естеліктер қалдыратыны мәлім. Сондықтан оларды балабақша қабырғасында неғұрлым әсерлі, тек қызықтыру ғана емес, бүлдіршіндерге ұлағат боларлықтай етіп өткізудің мәні зор. Осы қағиданы ұстана отырып, балаларға жыл бойына арналған мерекелер өткізу ұсынылады. Жыл бойына атап өтілетін мерекелерге арналған ертеңгіліктер сценарийлері енгізілуі тиіс. Халқымыздың көрнекті қаламгерлері мен ақындарының туындыларын, озық әдістемелік шешімдерді жан- жақты қолданумен ерекшеленген.
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, мектепке дейінгі мекемелердің алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті болып тұр. Балалар өміріндегі мерекелердің маңызы – адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру құралы, әдеби шығармалар, әндер мен өлеңдер патриоттық сезімдер қалыптастырады, балалар бойында тәртіптілік, мінез - құлық, ұжымшылдық негіздерін, мәдениетін тәрбиелейді. Мейрам күндері – балалар үшін жан тебірентер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көріністердің қызғылықты бір әлемі. Сондықтан да, мейрам күндерін балабақшаның әрбір тәрбиеленушісі
...