Индивид пен қоғам арасындағы қарым-қатынас
Автор: ZarinaKubaeva • Сентябрь 27, 2021 • Лекция • 1,278 Слов (6 Страниц) • 3,583 Просмотры
Индивид пен қоғам арасындағы қарым-қатынас
Дәріс мақсаты: 2 сағат дәріс сабағы арқылы студенттер тұлғаның әлеуметтенуі және тұлғаға қатысты концепцияларды игереді.
Жоспар:
1. Түлға әлеуметтенуі ұғымы. Тұлғаның макросоциологиялық және микросоциологиялық концепциясы.
2. Тұлғаның даму теориясы. Дж.Мид тұлғаның дамуы туралы. Ч.Кулидің «Айнадағы Мен» теориясы. З.Фрейдтің психоаналитикалық теориясы. Ж.Пиаженің когнитивті даму теориясы. Л.Колбергтің адамгершілік даму теориясы. Э.Эриксонның тұлғаның дамуы туралы теориясы.
3. Әлеуметтенудің негізгі кезеңдері. Әлеуметтенудің негізгі агенттері: отбасы, әлеуметтік коршаған орта, бұкаралык акпарат кұралдары және басқалары.
4. Тұлғаның рөлдік және мәртебелік концепциялары. Рөл және мәртебе ұғымдары. Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі. Гендерлік әлеуметтену.
Негізгі сөздер: тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтік рөл, әлеуметтік мәртебе, рөлдік тұжырымдама, адам, индивид, тұлға.
1. Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. Тұлға-әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады.
Адам деген - адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам.
Индивидуалдық- бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы.
Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін оның идеалды типтен қандай айырмашылығы, ерекшелігі барын зерттейді. Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырады:
Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесін араласап, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуы;
Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады.
Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:
Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары;
Әлеуметтік ортаны болуы қажет өйткені онда мәдени орта болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста қатынаста болуы керек. Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.
Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында XX ғасырдың 30-жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864-1929), Мид Джордж Герберт (1863-1931), т.б. Кули Ч.Х. «шағын кіші» топтар теориясына негізін салушылардың бірі, оның «Зеркальное я», «Человеческая природа» и «Социальный порядок» (1902), «Социальная организация» (1909), «Социальный процесс» (1918), «Социологическая теория», «Социальное иследование» (1930) деген еңбектері бар. Кулидің жалпы әлеуметтік теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік процестерді қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындап жатыр. Ч.Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатынастармен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «Айнадағы мен» деген имиджін жасайды. Ол 3 элементтен тұрады:
Жұрт мені қалай қабылдайды;
Жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;
Мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.
Бұл теория біздің
...