Балабақша мен отбасы ынтымақтастығы
Автор: Asem Toleugulova • Июнь 10, 2018 • Курсовая работа • 11,981 Слов (48 Страниц) • 1,813 Просмотры
БАЛА ТӘРБИЕСІҢДЕ БАЛАБАҚША МЕН ОТБАСЫНЫҢ ЫНТЫМЫҚТАСТЫҒЫ
Орындаған: Төлеуғұлова Әсемгүл Маратқызы
Тобы: 45
Мамандығы: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Біліктілігі: 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»
Ғылыми жетекшісі: Маметекова Анар Серикказиновна,
педагогика пәнінің оқытушысы
Семей, 2018
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ............................................................................................. | 3 | |
I | БАЛАБАҚША МЕН ОТБАСЫ ЖҰМЫСЫ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................................................................ | |
1.1 | Мектеп жасына дейінгні балалардың дамуындығы балабақша мен отбасының рөлі.............................................................................. | 8 |
1.2 | Балабақша мен отбасы жұмысы сабақтастығының бала тәрбиесіне әсері..................................................................................... | 15 |
II 2.1 | БАЛАБАҚША МЕН ОТБАСЫНЫҢ ЫНТЫМЫҚТАСТЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ Балабақша мен отбасы арақатынастарын тиімді ұйымдастыру жолдары................................................................................................ | 26 |
III | ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ | |
3.1 | «№1 «Арман» ясли-бақшасы» КМҚК балабақшадағы «Балауса» тобының ата- аналарымен жүргізілген сауалнамалар......................................................................................... | 32 |
3.2 | Ата-аналарға арналған сауалнама «Балаларды тәрбиелеу түрлері».................................................................................................. | 35 |
3.3 | Ата-анамен жұмыста дифференциалды ықпал ету........................... | 36 |
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................. | 42 43 | |
ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................... | 45 |
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұрған ұлы мақсат мұрагерінің ең бастысы – өзінің өмірін тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады.
Балаларды тәрбиелеу мен оқыту мемлекеттік стандартында ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепке дейінгі топтардың педагогикалық процесіне тарту мақсатында балабақша мен отбасы өзара іс-әреккетін қамтамасыз ету қажеттілігі ұсынылады. Бұл қарым-қатынастың жаңашылдалығы «ынтымықтастық» және «өзара қарыс-қатынас» деген түсініктермен анықталады.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердін бірі. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындаға қатынас стратегиясының орталығы болып табылады» делінген.
Зерттеу жұмысының болжамы: Балабақша мен отбасы жұмыстарының сабақтастығын мынадай нәтиже көруге болады:
- Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігінің артуы;
- Бала тәрбиесінің кейбір бағыттарының отбасында да орын алуы;
- Балабақша мен отбасының арақатынасының одан әрі жақсаруы;
- Ата-ана белсенділігі және қызығушылығының дамуы;
- Балабақша ұжымына деген сенімділік, құрметтеу белгілерінің жоғарлауы.
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы жұмыстары сабақтастығын ұйымдастыру жолдарын анықтау және олардың балаға тигізетін әсерін зерттеу.
Зерттеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылды:
- Жұмыстың өзектілігін айқындау мақсатында ғылыми әдебиеттерді пайдалану;
- Мектепке жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу процесінде отбасы мен балабақша арасындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру жолдарын анықтау;
- Отбасы мен балабақша жұмыстарын ұйымдастыруда жүргізілетін зерттеулерді талдау;
Зерттеу обьектісі: Балабақша мен отбасы жұмыстары арасындағы сабақтастықты қалыптастыру әрекеті. Мектепке жасына дейінгі бала. Қазірі заманға сай баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелеріне отбасы мен балабақша ұжымының бірлеске өзара тығыз байланыста болуы шарт. Себебі, бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Ал тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қалыптасып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.
...