Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі-өнегесі
Автор: NAK • Май 22, 2022 • Курсовая работа • 11,335 Слов (46 Страниц) • 803 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КАСПИЙ ӨҢІРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
Бөлімі:«Филология»
Мамандығы:«Бастауыш білім беру »
Тобы:2/18.41
Тіркеу нөмері:№_____________
«___» ______________2021 жыл
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «Педагогика»
Тақырыбы: Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгісі-өнегесі
Орындаған: ____________________________ Айпқалиева Н.К
Жетекші: _______________________________Султашева Г.К
Кафедра меңгерушісі: ____________________ Қуатова А.З
Бөлім меңгерушісі: _______________________Мухамбеталиева А.Қ
Атырау -2021
0105033 «Шет тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»
2/18.41 Тобы-Айпқалиева Нурдана
МАЗМҰНЫ
I. КІРІСПЕ
1.1. Отбасы тәрбиесінің педагогикалық аспектілері.
1.2. Отбасы тәрбиесі түсінігі.
1.3. Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ана үлгі өнегесі.
2.1. Балаға ата-ана үлгі өнегесінің рөлі.
2.2. Ата-ананың міндеті мен жауапкершілігі.
III. ҚОРЫТЫНДЫ.
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Адамның ең алғаш адам болып қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетуіп өсуі,бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады,сондықтан да туған үйдің жылуы адам баласының жүрегінде жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.Тәрбиенің алғашқы баспалдақтары да ең алғаш отбасында қалыптасатыны бәрімізге мәлім, яғни адам баласының тәрбиесі тікелей отбасы тәрбиесімен тығыз байланысты.Сондықтан отбасы өте қажетті,ештеңемен алмастыруға келмейтін біздің алғаш тамырымыз бастау алған,
алтын діңгегіміз.
Отбасының басты қазығы тәрбие алушы – бала болып табылады.Ал оның тәрбиелі болып өсуіне ата – ананың тигізер әсері мол.Отбасының әрбір мүшесінің арасында сыйластық болса, отбасы берекелі болмақ.
Ата-асқар тау,
Ана-бауырдағы бұлақ,
Бала-жағасындағы құрақ-деп ата–анамен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалы отбасының біртұтас екендігін көрсеткендей.
Отбасы –адам ғұмырының тірегі ғана емес,қоғамның да басты негізі.
2006 жыл - Қазақстан Республикасының Отбасы жылы болып жарияланды. «Отбасындасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншілік басталады» деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөздерін келтіруге болады.
...