Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасында бәсекелестік ортаның дамуы және оның экономика үшін маңызы

Автор:   •  Декабрь 20, 2018  •  Курсовая работа  •  14,177 Слов (57 Страниц)  •  935 Просмотры

Страница 1 из 57

                                     

                                          ЖОСПАР

КІРІСПЕ...................................................................................................3

I-тарау.Бәсекенің   жалпы  түсінігі  және түрлері ..................................4

1.1.Бәсеке ұғымы мен түсінігі................................................................4-7

1.2.Қазіргі таңдағы бәсеке түрлері......................................................8-12

II-тарау.Қазақстан   Республикасында  бәсекелестік  ортаның                                   дамуы  және  оның    экономика    үшін  маңызы..................................13

2.1.Қазақстан экономикасында бәсекенің қалыптасуы мен дамуы..13-16

2.2.Елімізде  бәсекені  қолдау  мен  монополияға  қарсы  саясат........16-18

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................19

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................20

                                                                                                                                 

                                                             КІРІСПЕ

      Қазақстанның болашағы, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті оттыз елінің қатарына кіруі, оның экономикасының инновациялық даму жолына сапалы   көшуіне   тікелей  байланысты. Соңғы 20 жыл бойында елдің, ұлттың, экономиканың бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы экономикалық даму теориясында айтарлықтай маңызға ие. Ол ел өзінің экономикалық болашағын  қалай  қалыптастырып   жатқандығын  көрсетеді;  ал  оны бағалау  маңызды  экономикалық  көрсеткіштермен  ғана емес, экономика дық маңықы бар саяси үрдістердің салдары және қоғамдық басқару, білім деңгейі, ғылыми база, ақпараттық құрылымның жоғарғы деңгейде дамуы, инновацияға мәдениет пен құндылықтар жүйесінің қолайлығы сияқты экономикалық    емес     көрсеткіштермен    жүзеге        асырылады.                                                                                    Елдің бәсекеге қабілеттілігі – бұл ел экономикасының халықаралық саудаға қатысуы, әлемдік нарықта белгілі сегменттерін кеңейту және ұстап тұру,  әлемдік  үлгіге  сай өнім  өндіру қабілеттілігі. Ол өндірістің техникалық  –  экономикалық  деңгейімен,  өндірістің   шығындар  көлемімен, өндірілген тауардың сапасымен  инфрақұрылымның дамығандығымен, абсолютті  және  саластырмалы  артықшылықтардың  болуымен  анықталады.

        Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай  талап   қояды.  Бұл қазіргі  дүниеде  кез  келген  кәсіпорынның  өмір  шендігі,  оның  тауарлар   нарығында  және  қызмет көрсетудегі орнықты  жағдайы   бәсекеге  жарамдылық  деңгейін  көрсетеді.  Өз  кезегінде  бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне  және  өнім  сапасы  деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші  орынға  шығады.  Еңбек   өнімділігі,  ресурстардың  барлық  түрлерін   үнемдеу  өнімнің   сапасына   тікелей   орын        береді.
        Қазіргі заман  талабы,  жоғары  сапалы  тауарды  шығару  негізгі  мәселесі болып табылады. Қазіргі кезде Казақстан Республикасы сапаның деңгейін  көтеру  үшін  көп  көңіл  бөліп  жатыр. Бәсеке  болмаса  тауар сапасы да төмен болады. Казақстан Республикасы әлемдік сауда ұйымна кіруіне байланысты тауар өнімінің сапасын көтеруі қажет. Дүниежүзілік аренада бәсекеге түсе алатындай  өнім жасап шығару керек. Казақстан Республикасы кіші және орта  бизнесты  дамыта  отырып, жоғары сапалы өнім шығаруға ұмтылуда. Ол тауардың бағасы төмен, сапасы жоғары, қорабы мықты  және  тұтынушылардың   талабына   сай  келетін  болса  – ол  бәсекеге түсе алады. Казақстан  Республикасы  барлық өнімдердің сапасын көтеріп, дамыған елдер біздің елдің өнімін сатып алатын деңгейге жетуге тиіс.                                 
 «Тек бәсеке – қүрес бола отырып, тауар өнімінің сапасының деңгейі көтеріледі, бұл экономикада өте маңызды» – деген гипотиза шығарып отырмын. Соны ашу үшін кітаптармен газеттерді оқып, талдап бұл жұмысты жаздым.

...

Скачать:   txt (87.9 Kb)   pdf (341.4 Kb)   docx (777 Kb)  
Продолжить читать еще 56 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club