Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Электронды үкіметтің әлемдік тәжірибесі және оның Қазақстандағы қалыптасу ерекшеліктері

Автор:   •  Декабрь 23, 2017  •  Реферат  •  3,695 Слов (15 Страниц)  •  2,484 Просмотры

Страница 1 из 15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы энергетика және байланыс университеті

Коммерциалық емес акционерлік қоғамы

"Рухани және дене тәрбиесі" кафедрасы

№3 Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Электронды үкіметтің әлемдік тәжірибесі және оның Қазақстандағы қалыптасу ерекшеліктері

Пәні: " Қоғамның саяси құқықтық және әлеуметтік рухани негізі "

Мамандығы: 5В100200 - Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Орындаған: Қуатова Жұлдыз                     Тобы: СИБк-17-1

Қабылдаған: доцент  Әбдіқалық А.Ә.

 ______  _____________    «____» _______________ 2017 г

   (бағасы)              (қолы)

Алматы, 2017

Жоспар

I. Кіріспе...................................................................................................................3

II. Негізгі бөлім

1. Ақпараттық қоғамның орнауы электронды үкіметті қалыптастырушы фактор ретінде.........................................................................................................5

2. Дамыған елдердің электронды үкіметті құрудағы стратегиясының Қазақстан үшін маңызы..........................................................................................7

3. ҚР электронды үкіметтің қалыптасуы мен даму үрдістері.........................11

III. Қорытынды......................................................................................................17

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................18

Кіріспе

ХХI ғасыр - ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына - ақпараттық қоғамға аяқ басты. 2006 жылғы 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 мамырды Халықаралық ақпараттық қоғамның күні етіп белгілеу туралы ресми шешім қабылдады. Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қала алмасы түсінікті. 

Қазақстанның постиндустриалды даму сатысына өту мүмкіндігі туралы мәселені алғаш көтерген Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың “Постиндустриалды қоғам қалыптасуының стратегиясы және өркениеттер серіктестігі” атты жаңа еңбегінде заманауи ғылыми-техникалық, ақпараттық және өзге де инновациялық төңкерістер жалпы адамзат өркениетінің, оның ішінде біздің отанымыздың да келешектегі бет-бейнесін айқындайтынын атап көрсетеді.

Қазақстандағы демократиялануды одан әрі тереңдету  ісі азаматтық қоғам институттарын  дамытумен де тікелей байланысты, өйткені тұрақты жұмыс істейтін үкіметтік емес сектор азаматтарды қоғамдық істерге тартады, саяси қатысу мен белсенділікті арттырады. Себебі, аймақтық саясаттың негізгі мақсаттарының бірі – азаматтық қоғамның әлеуметтік жағдайын жандандыру. Ал азаматтық қоғам институтарын дамыту мен ынталандырудың бірден-бір ұтымды жолы – билік тарапынан оларға деген сенімнің нығаюы, әлеуметтік әріптестіктің дұрыс жолға қойылуы. Билік пен азаматтық қоғам арасында жасампаздыққа негізделген өзара әрекеттесу мен өзара жауапкершілік болуы тиіс. Қазақстанда жаңа саяси және экономикалық жүйелер қалыптасты, сәйкесінше, полиэтникалық қоғамның өмірін қамтамасыз ету мен динамикалық дамуына, оның ішінде ұлтаралық қатынастарды жаңа жағдайларға бейімдеуге қажетті тетіктер мен шарттар жасалған.

Қазіргі кезде қазақстандық қоғамның барлық саласында ақпараттандыру процесі қызу жүруде, оның ішінде саясат саласында да жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік қызмет пен әкімшілік-басқару істерін әлемдік стандарттарға сай модернизациялауға барынша күш салынып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның саяси жаңғыруындағы аса маңызды факторлардың бірі – электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

Бүгін қазақстандық электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуы саяси өмірде өз орнын тапты, электрондық үкімет іс жүзінде қоғамымыздағы әлеуметтік көлбеу және тік қарым-қатынастар мен саяси коммуникацияны қамтитын кең әрі терең ұғым. Сондықтан осы өзекті мәселенің саяси ғылым тұрғысынан зерттеу, электрондық үкіметті жасақтаудың әлемдік тәжірибесіне салыстырмалы саяси талдау жасай отырып, оның жаңа жолдарын іздестіру, жетістіктеріне баға беру, қазіргі жағдайы мен әлеуетіне талдау жасап, даму үрдістері мен келешегіне саяси болжам жасау қажеттілігі туындайды.

...

Скачать:   txt (58.5 Kb)   pdf (220.7 Kb)   docx (29.6 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club