Натрий және оның шытырман оқиғалары
Автор: Kunziyash Aplatinova • Январь 5, 2018 • Доклад • 415 Слов (2 Страниц) • 1,028 Просмотры
Натрий және оның шытырман оқиғалары
Ерте-ерте ертеде , қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен дейтін заманда, Менделеев ауылында, Сілтілік металдар көшесінде, он бірінші үйде Натрий деген кісі өмір сүріпті . Ол қолды-аяққа тұрмайтын ,әрі жылдам, әрі белсенді болыпты. Оның Литий, Калий, Рубидий,Цезий, Франций деген бауырлары болыпты. Литий үйіндегі ең кішісі екен. Натрий мен Калий, Рубидий, Цезий, Франций оған бауырмал жақсы қарайды. Олардың отбасы өте пысық.
Натрий сияқты өте жылдам, шабытты, металлдармен тіл табысуы оңайға соқпайтын еді. Бірақ оны достары ешқашан жалғысыратып көрген емес.
Натрий теңіз флотында әскер қызметі болып жұмыс істейтін. Ол жалғыз жұмыс істемей, өзінің қызметкерлерімен тату жүреді. Бірақ оның ең жақын досы-Хлор. Олар тек қана бірге жұмыс істемей, бірге серуендеп, бірге алыс жерлерге кемемен саяхаттағанды қатты ұнатады. Натрий мен Хлор бір үйдің балаларындай, дәм тұзы жарасқан ең жақын достар. Ертеңіне Натрий жақсы жұмыс істегені үшін, бастығы Натрийдің қызметкерін жоғарлатады. Қызметкерінің жоғарлағанына қарамастан Хлормен достық қарым -қатынасы үзлмеді
Күндердің бір күнінде тамылжыған жаздың кермет кезінде, теңіз флотына жаңадан қызметкер келген екен. Бірақ оның келегеніне ешкім мән бермей жүре береді. Оның аты Су болыты. Су сондай нәзік, мөлдір, ынтасына қарай жұмыс істейтн еді. Біраз күннен кейін отырыс блады. Натрий мен Хлор және тағыда басқа қызметкерлер Сумен танысады. Алайда Натрий болса, оны менсінбей жүре береді. Күндердің бір күнінде Судың теңіз флотына көптеген еңбегі сіңе бастайды. Сондықтан да Суд орнынан жоғарылатып , Натрийдан да лауазымы жоғары болады. Су орнынан жоғарылағаннан кейнін , өзіне жақсы қарап жүретінт болады. Осыдан кейін ғана Натрий біртінлеп суға қарай бастайды.Бірақ Натрий қарағанымен , Су оған ендігі кезде оған қараамайды. Кейіннен екеуі бірін-бірі жақсы қырыннан тани бастайды. Натрийдің қызметі аяқталып , Су екеуі Менделеев ауылына келеді. Натрий оны барлығына таныстырып , өзінің ағаларының алдынан өтеді. Сөйтіп екеуі қырық күн тойын, отыз жасайды. Екеуі сондай бақытты болып, бір- бірінің көңіліне қарап, бір-бірін түсініп, сондай үлгілі болады. Тоғыз ай, тоғыз күннен кейін Натрий гидроксиді дүниеге келеді. Олар оған жқсы көңілмен қарайды.
...