Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәрбие жүйелері және олардың дамуы. Тәрбие процесі және оның сипаттамасы

Автор:   •  Сентябрь 12, 2021  •  Лекция  •  2,040 Слов (9 Страниц)  •  1,529 Просмотры

Страница 1 из 9

Дәрістің тақырыбы: Тәрбие жүйелері және олардың дамуы. Тәрбие процесі және оның сипаттамасы.

Дәрістің мақсаты: Білім алушыларды тәрбие жүйелері және олардың даму жолдарымен таныстыра отырып,  тәрбие процесін сипаттау.

Дәрістің жоспары:

  1. Тәрбие жүйесі. Тәрбие мақсаты жайлы жалпы түсінік
  2. Тәрбие процесі күрделі динамикалық жүйе ретінде.
  3. Қазіргі жағдайларда және педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсатының мәселелері.

Тәрбие жүйесі — жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс. Тәрбие жүйесі — адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет үрдісінде тәрбиелеу кешені. Сонымен айналысушылардың өз арасында пайда болатын қатынастарды игеріп басқарынатын іс-әрекет, яғни тәрбиелік жүйенің өмір тіршілігіне қабілеттіліктерін қамтамасыздандырады. Педагогикалық мақсатты және оқушының дамуын қамту үшін жасалады. Тәрбие заңы (қоғамдағы құбылыс ретінде) — жас ұрпаққа аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін берудің міндеттілігі мен қажеттілігі. Тәрбие заңы оларды қоғамдық өмірге қосып, ұрпақ жалғастығын, қоғам тіршілігін қамтамасыз етуде жеке адам қуатын дамытуға жағдай туғызады.

Адамзат тарихында әлемдік өркениеттің әрбір кезеңінде әр түрлі білім беру жүйелері белгілі болды. Олардың әрқайсысында өзіне тән ерекшелік, сипат,тары болып, олар сол кездің әлеуметтік, экономикалқы, саяси талаптарын бейнеледі. Мысалы тарихта төмендегідей жүйелер болды: спартандық тәрбие жүйесі, афиндық тәрбие жүйесі, діни тәрбие жүйесі, джентельменді қалыптастыру жүйесі (батыс-еуропалық), адамды ұжымды және ұжым арқылы тәрбиелеу (А.С. Макаренко) және т.б. 
Тәрбие жүйесі - мекетпті өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі ұйымдастыруда жүзеге асатын өзіндік қызмет ету және даму логикасы бар, әлеуметтік тұтас ағза. (В.А. Караковский).

Тәрбие жүйесі - тұлғаның рухани адамгершілік, шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік шындық құрауыштарының жиынтығы. Мектепте екі тәрбие жүйесі бар: дидактикалық және оқу- тәрбие жүйесі,- деп көрсетеді Б.И.Иманбекова. Л.И.Новикова тәрбие  Педагогика ғылымы бойынша жүргізілген зерттеулерді талдай келе, оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесінің құрылуы тәрбие процесінің тиімділігін неғұрлым жоғарлататындығын айқындайды.  Зерттеуші С.И. Қалиеваның анықтауынша, тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының негізі ретінде ұжым, ұжымдық қатынасытар мен қоршаған ортаға деген жүйенің бірлігінен құралады. Тәрбиелік жүйенің құрауыштары:

-    Мақсат- идеялар;

-    Іс-әрекет;

-    Субъектілер;

-    Қарым- қатынас;

-    Игерілген орта

-    Басқару.

Тәрбие жүйесінің өзегі- ұжым, яғни педагогикалық және балалар ұжымы. Тәрбие жұмысының мазмұнын, әдістемесі мен техногиясын оның тәрбиелік жүйесі анықтайды. Таңдаған тұжырымдарға сәйкес әрбір мекеме өзінше педагогикалық жүйе құрайды.

Тәрбие жүйесі төмендегідей қызметтер атқарады:

- кіріктіруші- барлық тәрбиелік ықпалдарды біріктіруші қызмет;

- реттеуші- ол тәрбие жүйесін басқаруға бағытталады;

- дамытушы- тәрбие жүйесінің динамикасын қамтамасыз етеді.

Тәрбие жүйесінің қосымша қызметтері: қоғау, түзету, компенцациялау. Тәрбие жүйесін құру үшін төмендегілерді ескеру қажет:

1)  тәрбиелік әрекет субъектілерінің ықпалдарының кіріктірілуі, педагогикалық процестердің құрауыштарының өзара байланысын қамтамасыз ету;

2)  ұжымды игерген әлеуметтік және табиғи ортаны қамтыған тәрбиелік жүйе құру, тұлғаға деген ықпал ауқымын кеңейтеді;

3) дұрыс жұмыс істейтін тәрбиелік жүйе тұлға тәрбиелеуде педагогикалық ұжымның күшін, уақытын үнемдейді;

4)  тәрбиелік жүйенің жұмысы нәтижесінде бала, тәрбиеші, ата- ана тұлғасы өзін- өзі іске асыруы және өзіне- өзі сенім артуы үшін арнайы жағдай туғызады, іс- әрекеті модельденеді. Тәрбиелік жүйесі – бұл туындайтын, жетілдірілетін, жаңаратын, ескретін, жойылатын динамикалы құбылыс. Сондықтан тәрбие жүйесісінің қалыптасу және даму кезеңдері болады.

Тәрбие жүйесінің қалыптасу кезеңдері төмендегідей:

-    тәрбие жүйесін құру;

-    тәрбие жүйесінің қалыптасуы, құрылым мен әрекет мазмұнын байланыстыру;

-    қортындылау кезеңі;

...

Скачать:   txt (30.8 Kb)   pdf (83.2 Kb)   docx (16.1 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club