Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Заңдылық түсінігі және оның негізгі белгілері

Автор:   •  Январь 30, 2018  •  Курсовая работа  •  3,387 Слов (14 Страниц)  •  2,317 Просмотры

Страница 1 из 14

Жоспар

Кіріспе…….......…………………………………………………………...…….2

1.Заңдылық түсінігі және оның  негізгі  белгілері……………...…….…..….3

2. Құқықтық тәртіп ..………………………………………………….………..7

3. Заңдылық, құқықтық мемлекеттегі қоғамдық  өмір  жағдайы……....…...9

4. Құқықтық тәртіп мақсат ретінде  және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу нәтижесі…..………..………………………………………12

Қортынды…..……………………………………………….…………………16

Қолданылған әдебиеттер………..……………………………….…………...17

Кіріспе

Заңдылық – қолданылып  жүрген құқық нормаларын оның барлық субъектілерінің (мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың, азаматтардың,  барлық жеке және заңды тұлғалардың)  қатаң және бұлжытпай сақтауы. Жұмыс  істеуі тұрғысынан алғанда заңдылық қызмет принципі ретінде, билікті  жүзеге асыру әдісі ретінде, қоғамдық – саяси  өмірдің режимі ретінде, түрлі құқық қатынастарына қатысушыларға  қойылатын талаптар жүйесі ретінде қарастырылуы мүмкін.

Заңдылықтың негізі заңдар болып табылады, яғни  заң шығарушы  жоғарғы  органдар қабылдаған  нормативтік –құқықтық актілер,  ең бастысы бүкілхалықтық  референдумда қабылданған және ең жоғарғы күші бар Негізгі заң (Конституция) болып табылады. Сондықтан, заңдылықтың ең  басты белгілерінің бірі – нормативтік – құқық  жүйесіндегі  заңдардың жоғарылығы, бұл заңдар  және мемлекеттің өзге де актілері Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келмеуі тиіс.

Заңдылықтың жалпы кепілдіктері қоғамның экономикалық бостандық  және ондағы әл – ауқат  деңгейі  (әлеуметтік – экономикалық кепілдіктері), мемлекеттің құрылыстың конституциялық негіздерінің мызғымастығы және саяси режим демократизмінің деңгейі  (қоғамдық- саяси кепілдіктер); сөз және баспасөз бостандығын қоса алғанда, идеологиялық плюрализм, зайырлы мемлекет шеңберіндегі діни бостандық  (идеологиялық кепілдіктер).

        Курстық жұмыстың мақсаты заңдылық және құқықтық тәртіп    қоғамда алатын  орнын көрсету.

  1. ЗАНДЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ

Заңдылық – бұл мемлекеттік – құқықтық  шындықтың барлық элементтеріне еніп кететін құбылыс. Оның мәні – қоғамдық  қатынастарға қатысушылардың құқық  нормаларын қатаң, дәлме – дәл және бұлтартпай орындалуын, әрі ауытқымай қолдануы.  Әрине,  заңдылық құқық  нормаларына  негізделінген. Олай дейтініміз құқық нормасы жоқ болса заңдылық та болмайды деген сөз.  Бірақта, осындай қиын, күрделі, әрі көпқырлылы  заңдылықты тек құқық  нормаларымен ғана  байланыстырып түсіну қиын. Өйткені, құқық  нормаларын заңдылықтың элементтері ретінде қарау біздің ғылыми көзқарастырымызға  сыйыспайды, ол тек заңдылықты тудыратын алдыңғы  табалдырығы ғана. Оның мазмұнын толық түсіну үшін әрқилы жақтарына (аспектілеріне) назар аударуымыз қажет. Заң әдебиеттерінде айтылғандарды топтастырып, оның мынадай  жақтарына көз жіберелік:

  • заңдарды сақтауды талап ету;
  • қоғамдық өмір режимі;
  • мемлекеттік органдар  мен жеке тұлғаның қызмет принциптері.

Заңдарды сақтауды талап ету жағынан қарасақ,  заңдылық  - бұл ең басты талаптардың жиынтығы болып табылады.  Біріншіден,  бұл заңдарды оған бағытталған (қатысты)  адамдардың дәлме –дәл және бұлтартпай орындау талабы.  Екіншіден, заңдардың және басқа да нормативтік актілердің иерархиялығын сақтау талабы.  Үшіншіден,  заңдарды шығарған органдардан  басқа ешкімнің де оны жоя ала алмайтындығы талап ету.  Төртіншіден,  құқық қолдану актліренің заңдарға және басқа нормативтік   актілерге сәйкестігін  талап ету.

Заңдылық қоғамдық  өмірдің режимі ретінде мемлекет органдарының азаматтарымен өзара қарым – қатынасын анықтауға бағытталғандығынан байқалады, әрі оларың мінез – құлықтары (тәртібі) заңға негізделініп іске асырылады.  Сондықтан заңдарды орындау міндеті екі жаққа бірдей болады, ал заң жауапкершілігі олардың  әлеуметтік- таптық (топтық) жағдайына және билік дәрежесіне қарамастан заң алдында бірдей қылып  теңестірген.

        Демек, заңдылықтың негізі заңдар болып табылады, яғни  заң шығарушы  жоғарғы  органдар қабылдаған  нормативтік –құқықтық актілер,  ең бастысы бүкілхалықтық  референдумда қабылданған және ең жоғарғы күші бар Негізгі заң (Конституция) болып табылады. Сондықтан, заңдылықтың ең  басты белгілерінің бірі – нормативтік – құқықтық  жүйесіндегі  заңдардың жоғарылығы, бұл заңдар  және мемлекеттің өзге де актілері Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келмеуі тиіс. Сонымен бірге халықаралық  шарттарға сәйкес болуы тиіс, өйткені соңғысының алдыңғылардан басымдылығы  болады әрі  тікелей қолданылады (оны қолдану үшін заң  шығару талап етілетін  жағдайлардан басқа реттерден).

...

Скачать:   txt (45.4 Kb)   pdf (154.3 Kb)   docx (25.3 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club