Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абай — әлемдік қайталанбас тұлға

Автор:   •  Февраль 11, 2021  •  Эссе  •  1,115 Слов (5 Страниц)  •  659 Просмотры

Страница 1 из 5

Абай — әлемдік қайталанбас тұлға.

Ұлы Абайдың бізге мұра етіп өшпестей із қалдырып кеткені баршамызға мәлім.Осы сәтте Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы десекте артық айтпаспыз.Шығармашылық мұрасының  құндылығын жоғалту былай тұрсын, заман ағымы өзгеріп , қоғамдық санада күрт өзгерістер пайда болған сайын бұл асыл қазынамыз өзінің жаңа бір қырларымен ерекшелене  түсетініне Абайдан кейінгі уақыт өзі себепші.

Ұлы ақын өмiрi, мұрасы ақындықтың, ойшылдықтың, данышпандықтың кемелі  ғана емес, ең бастысы, ұлтын сүйе білудің, халқына  жанашыр бола білудің бір  өнегесi. Абай-дара ақын. Ол өзінің өлеңдерімен ғана ел көзіне ерекшеленіп қана қоймай, ұшан-теңіз білімімен де бүкіл адамзат баласының ой-санасына енген кемеңгер ақын. Ол — нағыз ғұлама ақын. Оның поэзиясының өзінде бір керемет сезім  бойыңда пайда болатындай  адамдарға деген сүйіспеншілік пен жанашырлық лебі есіп тұрады. Осынау қазақ ақынын толғандырған мәселелері қазірдің өзінде кез келген адамзат баласының көңіл пернесін дөп басып тұр десек, артық айтқандық емес. Егер бүгінгі көз қараспен қарайтын болсақ, Абай — қазақтың ғана емес,әлем ақыны. Абайдың білім мен адами құндылыққа деген сенімі демократияны ұстануына негіз бола білді.  Осы себепті ол әлеуметтік әділетсіздікке қарсы күресіп, ұлтаралық өзара түсіністікті жақтаған болатын. Даулы мәселелерді шешуде зорлық-зомбылықты қолдануға қарсы болып, өзінің «Ескендір» секілді поэмаларында билеушілердің тойымсыз аранынан, өктемдік пен ғасыр бойындағы көптеген адами шиеленістерден жиіркенетінін білдірген болатын. Абай – өте күрделі тұлға. Абай – дана ғана емес дара ақын.Дара деп айтудың да өзіндік себеп салдары бар.Өзінің ерекше толғаныстағы өлең шумақтары ақынды дара етіп тұрады. Сонымен қатар ақынның  өлеңдерін оқып, әсерленіп рухани ләззат алуға болады. Қазақтың жанын түсінген Абайдың жан дерті,ал  Абайды түсінген әрбір қазақтың жан дерті. Сонымен қатар Абайдың өлеңдері  сол жан дертінің дауасы. Біз Абайға қарап ойымызды, көзқарасымызды, өмір сүру бағанын бағдарлаймыз. Бірақ, ол Абайша өмір сүру, Абайдың айтқанын жасау, соны бұлтартпай істеу дегендік емес. Қазақ жұрты Абайды өзіне рухани нысаны ретінде көреді , соған ойын да, бойын да тәрбиелеп, үлгі алады.  Даналардың ойы ол адамзаттың ақыл ойы мен ертеңгі тағдырының келешекке бойлаған тамыры, ол адамның санасындағы түйсік талшықтары қанша болса, оның жолы да соншама.Даналардың ойы адамның жан түйсігін, ақылын, жүрегін тебіренту үшін, ой салдыру үшін айтылады. Егер оқыған жұртты тебірентсе, оларға ой салса,  сондай-ақ одан қорытынды шығаруына жол ашса, бұл көркем шығарманың мақсатының да, даналар ойының да жүзеге асқаны. Сондықтан да, қай қоғамда болсын дананың ойы осы үшін керек, өйткені қоғам бір қалыпты дамымайды. Абай да өзінің өлеңдері арқылы,қазақ халқын да жақсылыққа, ертеңгі жарқын өмірге, жетелеп келеді. Өйткені қоғамның дамуы бір ұлттың жеке басының еркіне, бір адамның жеке қалауына байланысты емес. Қазіргі жаһандану заманында, бүкіл адамзаттың тамыр-жүйкесімен астасып жатқан кең ұғым.  Абайды танып білмей қазақ болу мүмкін емес. Артында өлмейтін мұра қалдырған неткен дана еді. Абай шығармаларын қанша оқысаңда ойдың тереңіне  бойлап кетпеу мүмкін емес. Абай – қазақ тарихындағы қайталанбас сом тұлға.Абайды тану бұл қазақты тану деп бекер айтылмаған.Сол себептен әр бір қазағыма Абайды танып білу маңызды.

                                                                                                     

                                                                                                     Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық          

                                                                                                     университетінің шет тілдер кафедрасының    

                                                                                                     аға оқытушысы Кайракбаева Г.С.

...

Скачать:   txt (7 Kb)   pdf (49.9 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club