Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлемдік дағдарыс және оның экономикаға тигізетін әсері

Автор:   •  Февраль 12, 2018  •  Статья  •  1,428 Слов (6 Страниц)  •  2,030 Просмотры

Страница 1 из 6

Әлемдік дағдарыс және  оның экономикаға тигізетін әсері.

  Әрбір  елге  уақыт  өте  келе   күшті  әсер  ететін   экономикалық   құбылыс – дағдарыс.   Дағдарыс   қоғамда   тек   шағын  және орта  келеңсіздік   емес,  тіпті,       әлеуметтік – экономикалық   сілкіністерге ,  инвесторлар,    кәсіпкерлер  мен  халық  арасында  апатты  жағдайларға  да  алып  келеді.  Нобель  сыйлығының  Лауреаты    Ф. фон. Хайек былай  дейді:  «Экономикалық  өрлеу   кезінде  капитал  қорларын  көбейтетін  жинақтау  орын  алады.  ерте ме  кеш  пе   ерікті  түрде  жинаққа  қарағанда, осы    капиталдың   қорлануы  дағдарысқа  алып  келеді.»  Ғалымдардың  айтуынша,  капитал  қорланғаннан  соң,  экономика  барлық    жиналған    капиталды   қайта   айналдыруға мүмкіндігі  болмайды.  Экономикалық заңдылықтарға сәйкес, кез – келген  экономикалық   үдерісте   міндетті    түрде  дағдарыс  болады  және  одан  соң,   елдер одан әрі  дами  түседі    немесе    құлдырайды.Бұл – табиғат  заңдылығы.  

Дағдарыс деген ұғым әлдеқашан бұрыннан бізге белгілі болып келеді.Сондықтан әлемдегі бірінші дағдарыс қашан пайда болғанын елестете алмаймыз.

Дағдарыс (кризис) - мәселенің аса асқынып, ушығып, басқа мәселелерді кері ысырып, алдыңғы орынға шығатындай деңгейге көтерілу дәрежесі. Ал оның жағымсыз (ұнамсыз) салдарының орнын толтыру оңайға түспейді. Мысалы, саясиэкономикалықэкологиялық және т.б. дағдарыстар.

"Дағдарыс" ұғымы қандай да болмасын құбылыстың деградацияға ұшырап өмір сүруі мен қызмет етуі мүмкін емес болатын ерекше күйін сипаттайды

Ол экономикалық қызметте пайда болатын әр түрлі қатаң бұзушылықтар арқылы көрінеді.

Бірінші дағдарыс 1825 жылы Англияда пайда болды деп есептеледі.Сонымен қатар АҚШ және Франция елдерінің кейбір салалары да зардат шеккен.Алайда бұл дағдарысты әлемдік дағдарыс деп есептеуге болмайды өйіткені ол көптеген әлемдік елдерге тиген жоқ.Ең бірінші әлемдік дағдарыс атағына ие болған ол 1857-1858 жылдары бұл дағдарыстан зардап шеккен ел ол Ұлыбритания елі сол кезде бұл ел ең өндірісі дамыған ел болып есептелген.Бірақ АҚШ-та басталған дағдарыс кейін Франция және Германия елдеріне дейін жеткен. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы  дағдарыстар сонымен қатар одан шығудың жолын да тапты.Дағдарыстың тареңдеуі барысында бағалардың бірте-берте құлдырауы өнімді өткізудің  мол мүмкіндігін жасады, болашақта дағдарыстан шығудың ең оңай жолдарын іздеуге түрткі болды.Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дағдарыс дүркін-дүркін батыс елдері экономикасын сілкілеп тұрды.Алайда оның сипаты 1929-1933жылдардан өзге еді.АҚШ-та орын алған 1929 жылғы 29 қазаңдағы «қаралы бейсенбідегі» орасан биржалық күйреу апатты дағдарыстың бастамасы болды. АҚШ-та, Германия, Англия экономикасында бұрын соңды кездеспеген бағалардың төмендеуі,пайданың күрт азаюы, тапшылық валютаның құнсыздануы етек алды.Мемлекетік экономиканы реттеу рөлінің күшеюі және дағдарыс қарсы реттеу шаралары өз нәтижесін берді. Алайда өнеркәсіптік дағдарыстар 70 жылдардың ортасына дейін проценттік ставкаға пайдаға,өндіріс шығындары мен жалақыға әсерін тигізіп келеді.Дағдарыс кезінде тек ірі капиталы және үлкен қаржы- қаражаты бар кәсіпорындар ғана өндіріс шығындарын азайту жолымен пайда тапты.

Қазіргі  кезде әрбір  ел экономикасы жаһандану  мен  ақпаратты технологиялар,  тауарлы  және  қаржылық  капитал  ағынымен  тікелей  байланысты.  Сол  сияқты  Қазақстан  экономикасы  да  әлемдік   экономикаға  тәуелді.   Оның  бір  көрінісі             2007 жылдың    тамызында    АҚШ – та орын    алған    ипотекалық   дағдарыстың  әсерінен,  Қазақстан   экономикасында    таратылу (ликвидация)  дағдарысының      пайда болуы.  2007 жылы  еліміз  үшін    таратылу  дағдарысының   (кризис ликвидности) жалғасы   ЖІӨ – нің  9% - ға төмендеумен, ал  өсім  8,7%  - ды  құраумен    көрінді.          2007  жылдың   тамызында    АҚШ - та  ипотекалық   дағдарыс  болса,   2008 жылы қаржылық   дағдарыс   бастаған   еді.  Әлем  алдыңғы  қатарлы  Солтүстік  Америка  елдері  мен   Европа  банктерінің  және  экономика секторларының  құлдырауының  куәгері  болды. 2008 жылы  АҚШ -та  басталған дағдарыс  2009 жылы  еліміздегі  қаржы  дағдарысына  ұласты.  Осы дағдарыс  кезінде  әлемдік  нарық  конъюнктурасының  нашарлауы   мемлекеттің  жағдайына  ықпал ететіндігі     болжанды. Сол 2008- 2009 жылдадағы   дағдарыс уақытында өнеркәсіптік  өндіріс  көлемі  4,6% - ға  қысқарды,    өңдеуші    өнеркәсіп  көлемі  11,8 % - ға төмендеп,   өте  күшті  дағдарыс  әсер  еткен  кәсіпорындар    қатарына  жатқызылды. Статистика  бойынша, ЖІӨ – нің  2,2% - ға  төмендегенін  көрсетті  

...

Скачать:   txt (16.4 Kb)   pdf (118 Kb)   docx (15.7 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club