Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

5-6 сыныптарда математика курсында инновациялық әдістерді қолдану

Автор:   •  Апрель 10, 2018  •  Реферат  •  15,977 Слов (64 Страниц)  •  1,025 Просмотры

Страница 1 из 64

        Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................................2

1     Инновациялық педагогикалық технологияның  теориялық    

       негіздері...............................................................................................................5

1.1  Математиканы оқыту сапасы – инновациялық білім беру негізі..................5

1.2  Білім беру жүйесінде  инновациялық технологияларды қолдану...............13

1.3  Оқытудың  теориялық негіздері мен инновациялық технологияның  

       ерекшеліктері.....................................................................................................20

2    5-6 сыныптарда  математика курсында  инновациялық

      әдістерді қолдану...............................................................................................20

2.1  Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде

       пайдалану…… ………………………………………………………….....…27

2.2  Инновациялық технологияларды қолдану  жолындағы мұғалімнің

       кәсіби өсуі .........................................................................................................

2.3  5-6  сыныптардың  математика сабақтарында инновациялық

       әдістерді қолдану....................................................................,...........................36

Қорытынды.........................................................................................................64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................65


Кіріспе

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтарда «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «...оқыту қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу... . Оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс.

Үкіметке мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөнінен бес жылдық Ұлттық іс-қимылдар жоспарын қабылдауды тапсырамын» деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007 ж) білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетіліп, осы заңда: «Педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген.

Сондықтан, орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, қоғамды құрып дамытуға бар мүмкіндігін жұмсайтын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Әрбір оқушының тұлға ретінде қалыптасып дамуына математикалық білімнің үлкен үлесі бар.

Жұмыстың өзектілігі: Инновациялық белсенділіктің жоғарғы қарқыны осы үдеріске қатысушыларды мына шарттармен қамтамасыз еткенде ғана іске аспақшы: жаңа білім, технология, өнім мен қызметке салынған инвестиция нәтижелеріне меншік құқығын қорғау; инновациялар базасында бәсекелестікті кеңейту үшін жағдайлар жасау; ұлттық инновациялық жүйенің қызмет атқару үшін қаржылық, материалдық, еңбек ресурстарының ұтымды ұсыныстарын жасау; шаруашылық субъектілерінің жаңашылдығына тұрақты сұранысты дамыту.

Мектеп математикасын өмірмен байланыстыру, бұл пәнді адамдардың практикалық және техникалық іс-әрекетіне қолдану үшін мектеп математикасы мен математика ғылымын жақындастыру қажет.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір     шарты  -   білім   беру   үдерісінде    жаңа инновациялық технологияларды  енгізу. Сондықтан  ғылыми-техникалық  прогрестен   қалыспай,   жаңа  педагогикалық   инновацияларды  дер  кезінде қабылдап,   өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  білу –  әрбір  ұстаздың   негізгі міндеті болып табылады.

...

Скачать:   txt (228.9 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (789.6 Kb)  
Продолжить читать еще 63 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club