Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектептегі инклюзивті білім берудің мəні жəне оны жетілдіру Оқытудың инновациялық формаларын қолдану-педагогикалық шығармашылықтың нəт

Автор:   •  Декабрь 15, 2023  •  Реферат  •  1,042 Слов (5 Страниц)  •  54 Просмотры

Страница 1 из 5

                      ALIHAN BOKEIHANOV UNIVERSITY Гуманитарлық факультеті

14апта СРОП: Мектептегі инклюзивті білім берудің мəні жəне оны жетілдіру Оқытудың инновациялық формаларын қолдану-педагогикалық шығармашылықтың нəтижесі

Орындаған Жұмахан Сымбат

Тобы Кя-301

Қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мəселелердің бірі – инклюзивті білім беру. Инклюзив (лат.includio кірістіремін, қосамын) — адресат сөзінің

 1-жақ көпше есімдікке қатыстылығын білдіретін есімдік формасы . Инклюзивті білім беру – этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мəртебесіне жəне дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың білім алуына жəне əлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау үдерісі Осы терминнің мəнін нақты анықтауда бірнеше мəселелер туындайды. Қазіргі заманғы өзекті мəселелердің бірі болғандықтан, бұл мəселемен əлемдегі педагогтар қоғамдастығы айналысады. Зерттеулер көрсеткендей, мүмкіндіктері шектеулі балаларға инклюзивті білім беру үдерісі əр елдің əлеуметтік, мəдени, экономикалық жəне саяси ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі. Инклюзивті білім беру тарихи даму кезеңінде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесі көптеген кедергілерден, яғни жек көру позициясынан, осы категориядағы балаларды оқшалау жолынан өтіп, инклюзив позициясына жеткен. Қоғамның мүмкіндіктері шектеулі балаларға деген идеологиясының қайта бағдарлануымен байланысты 18 ғасырдан бастап, жаңа заңдар, құжаттар қабылданып, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға құқық берілген. Атап айтқанда, американдық прогрессивті педагогтар Горация Манна жəне Генри Бернардтың 1852 жылғы реформа нəтижесінде штат Массачусетте бастауыш сыныптың барлық балаларын оқыту міндетті екендігі туралы заң қабылданған. Ал 1918 жылы барлық балалар білім алу керектігі туралы заң барлық штатта қабылданды. Дегенмен, мүмкіндіктері шектеулі балалар бастауыш білім алуға құқылы деген заң бекітілгенімен, бұндай балалардың мемлекеттік мектептерден оқшауланғандығы туралы тарихи деректерден көрінеді. Мысалы, 1893 жылы Массачусетте Жоғарғы сот, егер баланың ақыл-есі кем немесе оқуға қабілеті жоқ деп есептелсе, мектептен шығаруға құқық берген. Мүмкіндігі шектеулі балаларды «шектету» дəуірі өткен ғасырдың 60 жылдарына дейін Европа жəне АҚШ-тың көптеген елдерінде басымдылық етті. Бұл қабылданған халықаралық құқық құжаттарының гуманистік принциптеріне қайшы болды. Зерттеушілер мүмкіндіктері шектеулі балаларды осылай оқшаулап, арнайы мектепке жіберу, олардық құқығын бұзу деп қарастырды. Осыған байланысты 20 ғасыр, соңында əлеуметтік-саяси жəне экономикасы жақсы елдер қоғамдағы жəне білім саласындағы дискриминациямен күреске шықты. Европа жəне Америкада мүгедек адамдардың, дамуында ауытқуы бар балалардың ата-аналарының, сонымен қатар адвокаттар коллегиясының жаппай қарсылық шерулері ұйымдастырылды. Нəтижесінде Швецияда жəне ірі дамыған елдерде дамуы кеш балаларға арналған психиатриялық ауруханалар жəне интернаттар жабылды, мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алуға мүмкіндік беретін құқықтық актілерді енгізу, педагогтардың балаларды

 біріктіріп оқыту идеясын іске асыру жолдарын іздеуге мүмкіндік берілді. Егер Еуропада заң актілері қолдау көрсе, АҚШ-та бірігіп оқыту идеясы іске асты. 1962 жылы АҚШ-та М.Рейнольдс мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру ағымына көбірек қатысуы қарастырылған арнайы білім беру бағдарламасын жариялады. 1970 жылы американ ғалымы И.Дено «Каскад» моделін ұсынды. «Каскад» дегеніміз – мүмкіндігі шектеулі балалардың ортақ ағымда нəтижелі түрде қарым-қатынаста болуына мүмкіндік беретін əлеуметтік педагогтық шаралар жүйесі . 1975 бастап АҚШ-та «Мүгедек балаларға білім беру» заңының қабылданып, білім беру саласындағы интеграцияны құқықтық негізде қойды. Бұл заң федералды бюджет есебінен мүгедек балаларды мемлекеттік мектептерде тегін білім алуына құқық береді. Бірақ интеграциялық білім беру туралы АҚШ мектептеріне жаңалықтарды еңгізу бірнеше мəселелерді туғызды. Педагогтардың өзі ерекше білімді қажет ететін балаларға өздерінің құрбыларымен араласуға қажетті жағдай жасауға дайын болмады. Сол кезеңде жүргізілген зерттеулер нəтижесі көрсеткендей, мұғалімдер жаңа кəсіби əрекетке жəне жаңа жауапкершілікке дайын болмады. Қиындығы, ерекше білімді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасауға арналған интеграция үдерісі білім жəне оқу-тəрбие үдерісіндегі қалыптасқан жүйеде өтіп жатты. Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау үдерісін жалпы мектепке арнайы мектептен ауыстыру арқылы шешілді. Англияда 1978 жылы дамуында ауытқуы бар жас адамдарды жəне балаларды оқыту туралы М.Уорноктың баяндамасын зерттеу комитеті жариялады. Онда мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру мектептеріне интеграциялау арқылы инклюзивті білім берудің даму перспективаларын көрсеткен. М.Уорнокқа дейін мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «ақыл есі кем», «оқытылмайтын» деген терминдер қолданылған, ол өте қате жəне намысқа тиетін болды. М Уорнок баланың оқудағы кемшіліктерін эксперт маман ретінде емес, баланың мінезімен жəне мұғалімнің педагогикалық əрекетімен бірге қарастырылу керек деді. Комитет «ақыл есі кем» деген терминді «оқу материалын меңгерудегі қиындықтар» деп өзгертуді ұсынды. М. Уорнок пен бірге зерттеушілер Р. Кролл, Д. Моссис, С. Данлоп «оқу материалын менгерудегі қиындықтар» деген түсінікке «ассоциалды мінез-құлық» деген түсінікті енгізді . 1981 ж «Білім туралы» заңда М. Уорноктың ұсынысын ескере отырып, «мүгедек балалар» терминін «ерекше білімді қажет ететін» деген түсінікпен ауыстырылды. 1970 жылдары Данияның психикалық денсаулықты қорғау қызметінің басшысы Н. Бенк-Миккельсон жəне ақыл есі кем адамдардың Швед Ассоциясының директоры Б. Нирье «нормализация» түсінігін енгізді. «Нормализацияға» негіз болатын қағида мүмкіндігі шектеулі

...

Скачать:   txt (15.9 Kb)   pdf (95.4 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club