Грамматика сабақтарында көрнекі құралдарды, интербелсенді әдістерді қолдану
Автор: Elvira0211 • Июнь 7, 2021 • Курсовая работа • 6,963 Слов (28 Страниц) • 1,026 Просмотры
Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі
Тақырыбы
Грамматика сабақтарында көрнекі құралдарды, интербелсенді әдістерді қолдану
(Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі, каллиграфия пәні)
Курстық жұмыс
0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы
Орындаған
401 топ студенті ------------------------------ Мұратқызы.А « _»_______2021ж
Ғылыми жетекші
Қазақ тілі мен әдебиет пәні
оқытушысы ____ Ә.Т.Шәріпбаева «_»____________ 2021ж
Қорғауға жіберілді:
Директордын оқу ісі
жөніндегі орынбасары____ С.Қ.Ағымов « _»____________ 2021ж
Жаркент 2021
Мазмұны
Кіріспе..............................................................................................................3
1-тарау.Бастауыш мектеп оқу сабағындағы көрнекілік принципінің талаптарын жүзеге асырудың дидактикалық негіздері.
- Оқу сабақтарында көрнекілік принципнің тиімді қолданудың шарттары.....................................................................................................8
2-тарау.Бастауыш сыныптың оқу сабақтарында оқытудың көрнекілік принциптерін жүзеге асырудың тәжірибесі.
2.2.Оқу сабақтарындағы көрнекілік түрлері............................................15-19
2.3.Оқу сабақтарында оқытудың көрнекілік принципін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесі..............................................................................20-22
2.4.Көрнекілік үлгілері................................................................................23-25
2.5.Бастауыш сыныптың оқу сабақтарында оқытудың интербелсенді әдістерді қолдану......................................................................................................26-28
Қортынды................................................................................................29-30
Әдебиеттер тізімі............................................................................................30-32
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Бастауыш сыныптың оқу сабақтарында көрнекі және техникалық құралдарды қолдану әдістемесін ұсыну.
Зерттеу міндеттері:
1.Психология,педагогика,әдістеме саласындағы әдебиеттерді талдау.
2. Бастауыш сыныптың оқыту үрдісінде көрнекіліктің маңызын анықтау.
3.Көрнекілік оқуын ғылыми негіздеу,оның сабақтағы рөлін анықтау.
4. Бастауыш сыныптың оқу сабақтарында қолданылатын көрнекі және техникалық құралдардың түрлеріне сипатттама беру.
Зерттеу нысаны:
Бастауыш сыныптың оқу сабақтарында көрнекі және техникалық құралдарды қолдану арқылы ынталандыра оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні.
Бастауыш сыныптың оқу сабақтарында көрнекі және техникалық құралдарды қолдану.
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру,алдыңғы қатарлы дамыған отыз елдің қатарына қосылу,үдемелі ақпараттар ағыны,ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіруне,жаңарып тұруына икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр. Осы күні мектепте әлеуметті жағынан белсенді,еркін ойлай алатын,өз бетінше жаңа ақпаратты білетін,саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын,танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім өскелең оқытуға негізделген жаңа бағдарламамен оқыту қажет.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпығы міндетті стандартына «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту оқушыларды сауатты жазуға үйрету,негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру,өз ойын,пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу»-деп атап көрсеткен.
Оқу сапасын,оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін,логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі әдістерді пайдалану оның уақыт талабына сай түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады.
Зерттеу болжамы. Бастауыш сыныптың оқу сабақтарында көрнекі және техникалық құралдарды қолдану тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: сабақта көрнекі құралдар жүйелі қолданылып,оқушылардың жа ерекшелігіне,материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса,олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы абстрактылы ойлауы дамиды.Уақыт талабына сай көрнекі құралдар(аудио,визуалдық,компьютерлік және электрондық оқу құралы т.б) оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігін қамтамасыз етеді,логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады.
...