Симментал тұқымы сиырлары тобының зоотехникалық сипаттамасы және оны жетілдіру жолдарын қарастыру
Автор: rinat2001 • Ноябрь 21, 2018 • Курсовая работа • 5,522 Слов (23 Страниц) • 1,500 Просмотры
Кіріспе
Ірі қара шаруашылығы – мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды – далалы өңірінде таралған жабайы тур ерте кездерде көп аулағандықтан, турлар саны азайып, XVII ғасырдың басында біржола жойылып кеткен. Сиыр – сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын күдір тұқымдастар өкілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық әр түрлі қолтұқымдары өсіріледі. Сиыр – бір үйдің асыраушысы деген сөз бекер айтылмаса керек. Қазақ жерінде сиыр – басқа түліктерден кейін қолға үйретілген мал. Алғаш сиырды Ресеймен көршілес аймақтардан айырбастау тәсілімен әкелген [1].
Қазіргі кезде ірі қара шаруашылығы — еліміздегі мал шаруашылығының ең дамыған саласы. Халық шаруашылығына түсетін қаржының тең жартысына жуығын ірі қара шаруашылығы береді деп айтуымызға болады .
Ірі қарадан ет, сүт және одан жасалатын тағамдар (май, құрт,ірімшік, қышқыл сүт тағамдары) және жеңіл өнеркәсіп өндірісіне қажет шикізат алынады. Сонымен қатар, ірі қара органикалық тыңатқыш - көңмен қамтамасыз ете алады [2].
Бұрын Қазақстанда ірі қараның басым көпшілігі жергілікті қазақы мал болды да, солтүстік облыстардың кейбір аудандарында ғана қырдың қызыл сиыры, Жетісуда және оңтүстік облыстарда швиц тұқымы мен қара ала тұқым малы өсірілді.
Қазақстанға отызыншы жылдардың басында герефорд, швиц, симментал, қырдың қызыл сиыры және қара сиыр тұқымы көптен әкелінді де,олармен жергілікті ірі қараны будандастыру кеңінен жүргізілді.
Ірі қара малды өте төзімді және өмір сүретін ортасына тез бейімделгіш, сондықтанда әлемнің барлық аймақтарында өсіріледі. Сонымен қоса біздің елімізде де ірі қара мал шаруашылығы мен селекциясы күн қоса дамып келе жатыр. Қазақстанда селекциялық жұмыстар бұдан 100 жылдай бұрын басталды. Алғашқы Красноводопад селекциялық станциясы 1906 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында құрылды. Ал 1930—1956 жылдары Қазақтың мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыс орталықтарында мемлекеттік селекциялық станциялар жұмыс істей бастады. Осы бағытта Қазақстанның ғылыми-технологиялық мал шаруашылығы зерттеу институты 1974 жылы құрылды. Қазіргі уақытта 6 ғылыми және 2 өнеркәсіптік бөлімдері бар. Олардың мақсаты – сүт шығару технологиясы, ірі қара мал етін шығару технологиясы, сүтті бағыттағы сиырларды алу және олардың селекциясы, етті бағыттағы сиырларды алу және олардың селекциясы, жемдерді алу технологиясы және мал шаруашылығы жануарларын азықтандыру.
Қазақстанда генетика жөне селекция ғылымының дамуына көп үлес косқан Ұлттык ғылым академиясының академиктері Ф.М. Мұхамедғалиев, Г.З. Бияшев, Б.Дарқанбаев, М.Ә. Айтқожин, Н.Я. Удольская, т.б. ғалымдар болды. Селекциялық-асылдандыру жұмыстардың қаулыларын ұйымдастыру мен жоспарлау сұрақтары бойынша жалпы басшылықты ауылшаруашылық Министрлігі, облыстардың ауыл шаруашылық басқармалары, оның мал шаруашылығындағы тұқымдық жұмыстарды бақылау және қадағалау бөлімі, Казагроинновация АҚ басқаруымен мамандалған ғылыми-зерттеу институттары, тәжірибелі станциялар, аграрлық бағыттағы жоғарғы оқу орындары алады.
Жыл сайын үкіметтік мінбеде мал шаруашылығының дамуы мен мал санының көбеюі туралы айтылып келеді. Осы салаға жылда миллиард теңге бөлінеді. Ағымдағы жылдың ақпан айында «Агробизнес-2020» бағдарламасы қабылданды. Аталмыш бағдарлама аясында алдағы 7 жылда мал шаруашылығына 3 трлн. теңге (20 млрд. долларға жуық) ақша бөлінеді. [3]
ҚР Статистика жөніндегі агенттігі мәліметтеріне қарағанда, 2018 жылдың 1 қарашасында еліміздегі шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мүйізді ірі қараның саны 7 266,1 миллион бас болған [4].
Ірі қара шаруашылығын нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен интенсивті технологияға көшіру, әрі әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып саналады.
Курсттық жобаның мақсаты: симментал тұқымы сиырлары тобының зоотехникалық сипаттамасы және оны жетілдіру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Сиырлар табынының зоотехникалық сипаттамасымен танысу;
- Бұқаларды ұрпағының сапасына байланысты бағалау;
- Мал тұқымын асылдандыру жоспарын құру;
- Табынды толықтыратын төлдерді өсіру.
1 Әдеби шолу
Симментал сиыры — сүтті-етті бағыттағы тұқым. Швейцарияда жергілікті тұқым мен 5 ғасырда Скандинавиядан әкелінген тұқымды сұрыптау арқылы шығарылған. Швейцариядан Италияға, Францияға, Австралияға, Германияға, Чехословакияға, Ресейге, Оңтүстік Америкаға әкелінді. Бірақ Оңтүстік Америка мен Африкаға көп таралған жоқ. Еуропа мемлекеттеріне көп таралып, жергілікті ірі қара малын асылдандыру үшін қолданылады.
...