Сал-серілік туралы түсінік
Автор: Айман Саламаткызы • Апрель 6, 2022 • Реферат • 3,965 Слов (16 Страниц) • 364 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе …………………………………………………………..…...…3
I тарау. САЛ СЕРІЛІКТІҢ ӨРКЕНДЕУІ
1.1 Қоркыт- серілікті бастаушының бірі ……………………...….....5
1.2 Қыпшақ даласынлағы серілік ……………...……………….…....6
1.3 Сал-серілік туралы түсінік …………………...……..……………7
II тарау. ҚАЗАҚТЫҢ АТАКТЫ САЛ СЕРІЛЕРІ……………………9
2.1 Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы
2.2 Біржан Сал Қожағұлұлы …………………………………………12
2.3 Жаяу Мұса Байжанұлы …………………………………………..15
Қорытынды ……………………………………………………….….…17
Пайдаланған әдебиеттер……………………….………………..…….19
Кіріспе
Сал, сері екеуі де оте ескі дәуірден сақталып келе жаткан халықтың тіршілігіне қол жаңалық кіргізген. әдебиетке, ой-санаға қоп әсер еткен қазақ мәдениетініңң бір жаркын белгілері. Оны осы күнгі сахнада мирас болған Біржан салдың бейнесі анык сипаттайды. Қазақ тілінде ерекшеленген сал мен серінің адамшылық касиеті ауызбен жеткізуге болмайтын орасан асқақ болып отырады. Олар күштіге табынбайды, кедейді мақтап жыр шығарады. (Жанақ ақын, Дәулеткерей, Сейтек). Олардың бар ынтасы махаббатка бас иіп, оған бәйек болып түсу, ол үшін ел-елді кыдырып, өзіне акылды, сұлу кыз іздеу, оған барлық жас өмірін сарп кылып, мал-мүлкін аямай сонын жолына кұрбан етіп салу. Бұл тек кана сал мен серілерде ғана болатын. Сал мен серіні мұндай ардақты дүниеге бағылайтын оның жаратылыс ерекшелігі, оның дарынды ойы, ашык-жаркын мінезі, сыпайылығы, сұлулықты, ғажайып жаналықты жаксы көретіні, әдемі дүниеден ләззат ала білуі. Сал мен серінің өзгешелігі олар, әрі ақын, әрі әнші, әрі күйші, әрі сауыққой, елге куаныш беретін, олардың жүрегіне жарык сәуле түсіретін оқымысты адамдай санатады. Сондыктан халық сал мен серіні өте ардақтап, қуанышпен карсы алып, олардың істсрін халық ортасында аңыз қылып айтып жүреді.
Ауылдағы бойжеткен кыздары да сал мен серіге ерекше көңіл қойып, олар ауылға келгенде тобымен жүріп, алдымен қарсы алатын. Сері мен сал келген ауылдарда үлкен думанға түсіріп, ойын сауықпен олардын көнілін табады. Ф.Назаровтың суреттеуінше, сал жүрген жерін ұзақ уакыт кызыққа батырады. Ол өзінің шырқап салған әнді жазды күні түн ортасында ауғанша айға карап, шыркап ән салған. Ел-елді аралап жүретін әнші, серілер, салдар тарихи дәуірден келе жаткан мәдениеттің бір жаркын түрі. Олар өздері шығарған ән күйді, музыкалы шығарманы, халықтың әпикалы жырларын мәңгілікке сактайтын аяулы ой иесі. Өткен ғасырларда сахарада ән мен күйдің өркендеуі бір ғана сал мен серілердің, атакты домбырашылардың керкейіп өркенлеуімен байлаиысты болады. Олар әнді бір дауыспен айтпай кейде көп дауысты әдемі әндер шығарып жүреді, оның әде.мі өрнегін бізге суреттейтін «Сегіз серінің» Бақтиярдын үйінде, Мақпал сұлудың алдында - көп серімен қосылып, көп дауыспен бірлесіп, айткан әндері. Біржан салдын Абай үйінде жатқанда көп серімен бірлесіп айтқан сұлу әндері. Бұл әсер тіпті жәй нәрсе емес, қазақ музыкасының көркейіп, биік сатыға жеткенің сипаттайды. Демек, сол өнері халық топтарының жарқын бір түрі. Оның негізгі кұрылысы ойын-сауыкка негізделген, ән шырқау, жаркын күй тарту, билеу (Дәулеткерей алдында), ән желдірме айту, тағы баскалар. Бұл сауык көрінісін салдар әр кашан көркем киімдермен, не ешкімге белгісіз бір алуан киімдермен, ат тұрманын алтын күміспен, топтаған моншак, мыспен таусылмайтын сұлу өрнекті әдемі жібектер мен елді толықсытып жүретін. Бұлар әсіресе Бәйтен салда, Ниязда, Сегіз серіде, Біржанда орасан көп. Бірак, бір өкінішті жері, сал мен серінің кашан шығып, қалай өркендегенің айтып берген бір ауыз сөз әдебиетте кездеспейді. Ол туралы қысқа-қысқа жазып алған хабарлар бір ғана Ә.Ә.Диваев пен А.Н.Добромысловте жолығады. Осы күнгі жазушылардан бұл мәселеге қоңіл қойып жүргендер Бижанов пен Ақселеу Сейдімбек. Алайда, сал мен сері туралы күрделі аңыздар ел аузында орасан көп. Кай жерде кандай сері, кандай сал болғанын олар әлі күнге ұмытпай есінде сақтаған.
...