Әдебиет сабақтарында шығармашылық жұмыс жүргізу жолдары
Автор: abolatbekova05 • Февраль 18, 2025 • Реферат • 862 Слов (4 Страниц) • 31 Просмотры
Қабатай Б.Т., п.ғ.к., доцент
Әдебиет сабақтарында шығармашылық жұмыс жүргізу жолдары
Ғалымдардың (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин т.б.) зерттеулерінде дамыта отырып оқытудың ішкі мәні оқушыны шығармашылық іс-әрекетке қатыстыру екендігі дәлелденген.
Тұлғаның өзіндік, шығармашылық белсенділігін қалыптастыру – күрделі және көп жақты процесс. Сонау 1592-1670 жылдары өмір сүрген чех халқының атақты педагог-әдіскері Я.А.Коменский де кезінде «Қай бланың қалай болып туылатыны бөгде адамның бірде-бірінің ықтиярында емес, бірақ дұрыс тәрбие арқылы оларды жақсы адам ету – біздің билігімізде» деп оқушының қабілетін жетілдіру жұмысын арнайы басқарып отырудың қажеттігі туралы айтып кетекн болатын. Бұл қағида кейіннен Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталлоцци, К.Д.Ушинский т.б. идеяларында көрініс тапты.
Қазақ ойшылдары Әл Фараби, Ж.Баласұғын т.б. еңбектерінде шығармашылық тұлға бойындағы сапалық белгілер; ерекше қабілеттілік, белсенділік, батылдық, қайсарлық, табандылық, қайраттылық, еріктілік, т.б. аталып, олардың бала дамуындағы рөлі көрсетілген. Қазақ баласы табиғатының өзі шығармашылыққа бейім екендігі туралы Ы.Алтынсариннің, А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, т.б. тамаша пікірлері бар. Мысалы, М.Жұмабаев «қазақ баласының атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы, қазақ баласы қиялды көп керек қылатын ғылымдарға ұмтылуға тиісті» деп өте орынды айтқан. Бұл көзқарас психолог-ғалымдардың (Л.С.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев т.б.) мидың жүйке саласының құрылымында туысатын нерв қызметінің ерекше түрі, яғни нышанның болатындығын дәлелдеген теориясымен ұштасады.
Шығармашылық қабілеттің қалыптасу, дамуы туралы бұдан басқа оның қоршаған орта мен тәрбиеге тәуелділігін (Гельвеций, У.Эшби) сондай-ақ қабілеттіліктің дамуында іс-әрекеттің құрал ретіндегі рөлін (П.Я.Гальперин, А.Н.Леонтьев т.б.) көрсетуге арналған зерттеулері бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу процесін ілгерілетеді. И.Я.Лернердің еңбектерінде шығармашылық жұмыстың генезмисін түсіндіруде жетекші рөл проблемалық жағдаяттарға беріледі.
«Проблемалық жағдаяттардың негізін құрайтын субъектінің тәжірибесі мен фактілер арасындағы қайшылықтарды шешуде осы тәжірибенің жеткіліксіздігі шығармашылық тапсырмалардың мәні болып табылады». Проблемалық оқыту теориясын жасаушылар (А.М.Матюшкин, Т.В.Кудрявцев, М.И.Махмутов, И.Я.Лернер) проблемалық оқытудың мақсаы –ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту екендігін баса айтады. Бұдан дамыта оқыту мен проблемалық оқытудың көздейтін мақсатының бір екенін аңғаруға болады және біздің «проблемалы дамыту оқыту» деуімізге негіз бар.
Проблемалы дамы отырып оқыту талаптарын жүзеге асыру, яғни бастауыш сынып оқушысын шығармашылыққа баулу процесін арнайы ұйымдастыру, осы бағытта оқытуға әдістемелік білімдер элементтерін енгізу С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Ә.Қоңыратбаев т.б. әдістемеші – ғалымдардың педагогикалық қызметтерінен бастау алып, бүгінгі күні әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымында өзіндік із қалдырған ғалымдар Т.Жаманбаева, С.Тілешова, Т.Жұмажанова т.б. зерттеулерінде, еңбектерінде практикалық түрде шешілу жолдары көрсетілген.
Көптеген еңбектердің авторлары танымдық ізденімпаздылық пен белсенділік ұғымдарының арасындағы байланысты әрқайсысы өзінше түсіндіреді (біріктіреді немесе бөлектейді). Сонымен қатар зерттеулердің авторлары танымдық ізденімпаздық ұғымының мазмұнына түрліше мағына береді. Бір зерттеушілер танымдық ізденімпаздықты жеке тұлғаның қасиеті, екіншілері қабілеті, ал үшіншілер оны қажетсіну мен бейімділігі деп түсіндіреді, т.б. Авторлар танымдық ізденімпаздықтың қалыптасу жолдарын да түрліше, яғни ізденімпаздық жұмысты ұйымдастыру, танымдық әректтің тәсілдерін қалыптастыру және т.б. арқылы қарастырады.
...