Қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің мифологиялық семантикасы
Автор: tursynov_yernar • Ноябрь 12, 2018 • Доклад • 3,324 Слов (14 Страниц) • 1,063 Просмотры
Қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің мифологиялық семантикасы
Кіріспе. Тіл ғылымында сөздер екі үлкен топқа бөлінеді. Олар – жалпы және жалқы есім сөздер. Жалқы есімдер тілдегі жалпы есімдердей құрылысы мен қолданылу жүйесіне және мағыналық ерекшелігіне қарай әр түрлі болады. Жалқы есімдеp кез-келген тілдің лексикалық қоpының мәнді біp қабатын құpайды және олаpсыз адамзат қоғамының қаpым-қатынас қызметі іске аса алмайды.
Жалқы есімдерді тіл білімінің «ономастика» деп аталатын саласы зеpттейді. Бұл ғылымның нақты анықтамасын беpетін болсақ, ономастика (гpек. onomastike – ат қою өнеpі) – тіл білімінің жалқы есімдерді зеpттейтін саласы болып табылады [1]. Ал, антpопоним (гpек. anthropos – адам, onyma – есім, ат) – адамдаpдың өзіне меншікті есімдеpі, аты-жөні, бүpкеншік, жасыpын, лақап аттаpы болса, антpопонимика антpопонимдеpді зеpттейтін онамастиканың таpмағы. Сонымен біpге, антропонимика әдеби шығаpмалаpдағы антpопонимдеp мен ауыз әдебиетіндегі кейіпкеpлеpдің де аттаpын зеpттейді.
Тіліміздегі жалқы есімдер атауларынан халықтың таным-түсінігін, қоршаған ортаны, дүниені танып-білудегі ұлттық ерекшеліктерді көруге болады. Ұлттың тіліндегі сол тілдің иесі болып табылатын халықтың рухани, әлеуметтік және материалдық мәдениетіне қатысты ақпараттарға толы болады. Сол себепті де жалқы есімдердің этимологиясын (тарихи тұрғыдан), семантикасын (мағыналарындағы ақпараттарды) анықтаудың маңызы айрықша. Соның ішінде фольклорлық ономастика әдеби ономастиканың шеңберіндегі және соның құрамына енетін жүйе болып табылады.
Фольклор халықтың ауызекі тұрмыстық салтына енетін ауызша мәтіндердің жиынтығы екендігі белгілі. Ол – халық ойынан туған қауымдық шығарма. Ал, фольклорлық жалқы есімдер – көркем әдебиеттің мәтіндерінде қолданылатын әдеби жалқы есімдерден ерекшеленетін өзіндік белгілер мен қасиеттерге ие. Фольклорлық есімнің семантикасы, оның қолданылу аясы көбінесе фольклорлық мәтіндердің жанрлық, эстетикалық, ұлттық өзіндік ерекшеліктерімен байланысты.
Әдеби (фольклорлық) жалқы есімдер әдеби (фольклорлық) топонимдерге, космонимдерге, зоонимдерге, теонимдерге, мифонимдерге, хрононимдерге, этнонимдерге, т.б. бөлінеді. Бірақ жалпыхалықтық жалқы есімдерден айырмашылығы – олар әдеби (фольклорлық) шығармалардың мәтіндеріне енгізілген. Сондықтан «көркемдік-дербес» мәнге ие бола отырып, көркем мәтіндердің тілдік құралдарымен әр түрлі байланысқа түседі.
Қазақ фольклорлық жалқы есімдерінің жанрлық өзгешелігі. Фольклорлық жалқы есімдердің құрамы және түрлері, олардың қолданымдық қасиеттері, ұлттық-мәдени өзіндік ерекшеліктері белгілі бір шамада фольклордың жанрлық жүйесімен тығыз байланысты болады. «Фольклорлық жанрлар теориясы жеткілікті дережеде зерттелмеген, әлі күнге дейін әдебиет теориясы ықпалында келеді» [2] деп есептелсе де, қазақ фольклористикасында халық ауыз әдебиетін төмендегідей жанрлық топтастыру қабылданған:
- Тұрмыс-салт жырлары: а) төрт түлік мал жайындағы шығармалар; ә) аңшылық жайындағы өлең-жырлар, наурыз туралы өлендер; б) бесік жыры; в) жаңылтпаш; г) өтірік өлеңдер; ғ) үйлену жырлары; д) той бастар; е) жар-жар; ж) сыңсу; з) беташар.
- Діни ұғымға байланысты туған шығармалар: а) бәдік; ә) арбау, жалбарыну өлендері; б) бақсы сарыны; в) жарапазан.
- Көңіл-күйді білдіретін шығармалар: а) қоштасу; ә) естірту, көңіл айту; б) жоқтау.
Фольклордың жанрлық жүйесінде мақал, мәтел және жұмбақтар ерекше орын алады.
Сондай-ақ, қабылданған, қалыптасқан фольклорлық топтастыруға сай ертегілер: 1) қиял-ғажайып, 2) жануарлар туралы, 3) тұрмыс-салт ертегілері болып бөлінеді.
Қазақ халық шығармашылығының ең бай мұрасы батырлық эпос екендігі белгілі. Оған «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Алпамыс», «Ер Сайын», «Ер Көкше», т.б. белгілі фольклорлық шығармалар жатады. Қазақ фольклорының лиро-эпостық шығармаларына «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», т.б. жатады. Қазақ фольклорының жанрлық жүйесіне тарихи жырлар, ерекше жанрлық өзгешелігі бар айтыс өлеңдері енгізілген.
...