А.Көшекованың "Қазақ фольклорындағы ат бейнесі" атты еңбегі турасында
Автор: zanarbek • Сентябрь 18, 2022 • Реферат • 2,375 Слов (10 Страниц) • 353 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
филология факультеті
[pic 1]
РЕФЕРАТ
Пәні:Фольклор
Тақырыбы: А.Көшекованың "Қазақ фольклорындағы ат бейнесі" атты еңбегі турасында
Орындаған:Жанарбек Қарақат
Факультеті:Филология
Тексерген: Даутова Гүлназ Рахымқызы
Алматы 2021-2022 жыл.
Мазмұны
I.Кіріспе....................................................................................................
Қазақ эпосындағы ат образының генезисі............................................
II.Негізгі бөлім…………………………………………...............................................
1.Эпостағы аттың атқаратын қызметі ....................................................
2.Эпос қаһармандары және ат образы..................................................
3.Қазақ эпостарының жіктелуі және ондағы ат бейнесі ......................
I.Кіріспе.Қазақ эпосындағы ат образының генезисі.
Бізге берілген филология ғылымдарының кандидаты Көшекова Айнұр Арғынтаевнаның "Қазақ фольклорындағы ат бейнесі" атты еңбегі қазақ халық ауыз әдебиетінен алар орыны ерекше.Жалпылай алғанда,бұл еңбек қазақ эпосындағы ат бейнесін барынша ашып көрсетуге арналған.Бұл еңбек арқылы біздер,студенттер,қазақтың ,ерінің, қанаты болып келген,аттың, эпостағы ерекше белгілерімен таныса аламыз.Айнұр Көшекованың жазуы бойынша эпостағы ат бейнесінің сомдалуы ,ең алдымен, эпостың жанрына байланысты екендігі.Әрбір эпос жанрының ат образын жасаудағы өз көркемдік құралдары,дәстүрлі бейнелеу үлгілері қалыптасқан. «Кез келген фольклорлық шығарманың толық мәнін жанрсыз ажырату мүмкін емес» деп тұжырымдайды Б.Н.Путилов.
Ал ендеше жоғарыдан бері айтылып келе жатқан эп остың жанрлық жағынан жіктелуін қалай түсінеміз? Эпостың жанрлық жағынан жіктеп қарастырылуы:мифтік-ертегілік шығармалардан енді ғана еншісін бөліп ала бастаған архаикалық эпоста аттар қиял-ғажайып қасиеттерге ие бейнелердің қатарында,әрқилы ерекше қабілеттері,күш-қуаты,құдіреті бар жан иесі түрінде сипатталады.Ал,халықтың,этникалық ұғым –түсініктерін бойына молынан жинақтаған қаһармандық эпостарда аттар өздерінің архаикалық эпостан қалған ерекше қабілеттерінің кейбірін сақтап қалуымен қатар,үлкен ақыл –естің,адалдық пен сенімдік сияқты моральдық қасиеттердің иесі болған аса қадірлі жануарлар,орасан зор эпикалық тұлғалар дәрежесіне көтеріледі.Сонымен қатар,бұл бөліністен кейін,Айнұр Көшекова қазақ лиро –эпостарындағы ат бейнесі туралы сөз етеді.Ол кісінің айтуы бойынша,қазақ лиро-эпостары туралы сөз еткенде,ең біріншіден,туындының өзіндік ерекшеліктеріне,топтасуына мән беру керек,себебі,бұл санаттағы эпостардың сюжеттік құрамы біркелкі емес.Сондықтан бұл топтағы эпостарды бірнеше бөліктерге жіктеуге болады.Тіптен бұл туралы Ы.Дүйсенбаев: «Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі бай саланың бірі-лиро-эпос.Бұған жататын нұсқаларды негізгі үш топқа бөлуге болады.Біріншісі –ел арасынан көп тараған,ерте кезде қағаз бетіне түсіп азды-көпті баспа жүзін көрген шығармалар,екіншісі – халықтың арасында біраз тараса да,баспа жүзін көрмеген нұсқалар,үшіншісі шығыс әдебиетінен келген қиссалар » деп жазған болатын деп келтіреді.Осыдан кейін қарастырылған мәселе қазақ халық ауыз әдебиетінің эпостарындағы ат бейнесінің қолданыстары және шығыс әдебиетіндегі бой көрсетуі.Шындығына келгенде шығыс әдебиетіндегі лиро-эпостарда ат бейнесі сирек кездеседі делінеді,көп жағдайда батырлар жаяу жүреді не ат образы өте аз кездеседі.Керісінше түркі –моңғол халықтары эпостарында,шығыс әдебиетіне қарағанда, ат образы барынша дәріптеліп,көбірек көрініс табады. Мысалы барлығымызға таныс: «Қозы Көрпеш Баян сұлу »,«Айман-Шолпан», «Қыз Жібек» лиро –эпостық жырларында ат образы төрт түлік малдың бірі ретінде де,ер қанаты ат ретінде де,адамның серігі ретінде де айтылады.Келесі кезекте қарастырылған мәселе:эпостағы ат образының қалыптасуы.Айнұр Көшекованың талдауы бойынша,ат образынның генезисін тарихи –диахрондық тұрғыдан қарастыратын болсақ,аттың шын мәнінде жеке бейне емес,бас кейіпкермен біртұтас бір бейне екендігін,оның бас қаһарманнан сиқырлы көмекші түрінде бөлініп шыққандығын,сонымен бірге,фольклордағы,соның ішінде қиял-ғажайып ертегі мен эпостағы ат бейнесінің бірден қалыптаспағынын,оның алдымен екі дүние арасындағы тасымалдаушылар –құс,от,жылан түрінде болып,соңынан атқа айналғанын атап өту керек.Ал, осынау ат бейнесі эпоста қашаннан,қай кезден бастап кездеседі? Қазіргі фольклор тану ғылымында эпос көне тайпалық,шамандық мифтерден және қиял –ғажайып ертегіден шыққан деген көзқарас мойындалған, дәлелденген деуге болады.Шындығына келгенде де ,ежелгі дәуірлерде бұл үш жанр да бір –біріне өте жақын ,барынша ұқсас,синкретті жанрлар болған.Ертегі мен эпостың мифтерден және бір-бірінен енші бөлісіп, ажырай бастауы едәуір ұзақ уақытқа созылған.Қазірдің өзінде қазақтың «Ер Төстік» ,«Желкілдек» сияқты эпостарын бір зерттеушілер ертегіге,келесі зерттеушілер эпосқа жатқызып жүр.Бұл тұрғыдан алғанда Айнұр Көшекова Ш.Ыбыраевтың : «Асылында фольклордың жанрлық құрамына қарай бірде «көне эпос», бірде «батырлық ертегі» аталып жүрген шығармалардың табиғатында оларды эпос ретінде де,ертегі ретінде де қарауға болатын екі жақтамалық сипат бар» деген пікірін тақырыпты ашуға қолдана білген.
...