Қазақ қолжазбаларының (ХІХ ғ.соңы мен ХХ ғ. басы) Қазақстан тарихындағы дереккөз ретіндегі орны
Автор: 12130911 • Декабрь 24, 2017 • Реферат • 4,233 Слов (17 Страниц) • 1,603 Просмотры
Қазақ қолжазбаларының (ХІХ ғ.соңы мен ХХ ғ. басы) Қазақстан тарихындағы дереккөз ретіндегі орны
Темірбек Әлия,
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
1 – курс магистранты
Кіріспе Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігін бекіту, ұрпақ аралық байланыстарды дамыту, өткен тарихтағы рухани байлықты хабардар ету мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелерінің бірі әсіресе, болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде бірден – бір дереккөздер қазақ қолжазбалары мен баспа кітаптары болып табылады. Қазақ халқының рухани мәдениетінің асыл мұраларының бірі сирек кездесетін қолжазбалар мен алуан түрлі сирек басылымдардың түп нұсқалары – бағзы заманнан бүгінге дейінгі тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, әртүрлі тілдерде жазылған баға жетпес, құнды жәдігерлер. Аталмыш бай қазына ХV ғасырдан бастау алып Қазақ хандығы дәуірінен үздіксіз сабақтаса келе ХІХ ғасырдың соңынан баспа түрінде жарыққа шыға бастады. Қазақ қолжазбалары мен баспалары
Мақсаты: Қазақстан тарихында қыр – сыры тарихи зерттеулер тұрғысынан күні бүгінге дейін әлі зерттелмей келеді. Сонымен қатар орта мектептерде, жоғарғы оқу орындарында осынау бай жәдігерлерді оқыту процесінде көрнекі деректер ретінде де жүйелі түрде қолданбай келеді.Олай болса қазақ қолжазбалары мен баспа кітаптарының тарихына және де қазіргі таңда қаншалықты сұраныста жүргеніне тоқталайық:
Зерттеу нысаны:
Өзге көшпенділер сияқты қазақ елінің де сөз өнері мен саз өнері хатқа түсіп, қолжазба ретінде жиналуы ХІХ-ХХ ғасырлардың еншісіне тиеді. Әсіресе, кеңес дәуірінде фольклорлық мұра ел ішінен арнайы іздестіріліп, бір ортаға топтастырылды. Соның арқасында там – тұмдап жарық көріп, халық игілігіне жаратылды. Жаңа қалыптасқан ұлттық фольклортанушылардың назарына алынып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сол жарияланған қолжазба мұраның озық үлгілері оқырмандардың көркемдік – эстетикалық, өнегелік, философиялық, моральдық – этикалық дүниетанымын көтеруге жол ашты. Алайда, сол тұстағы саяси – идеологиялық кедергілердің салдарынан сарқыла жиналмай, рухани байлықтың көп бөлігі көнекөз қарттармен бірге келмеске кетті.
Қолжазбалар қазақ халқының тарихын бейнелейтін құнды деректер болып табылады. Қазақстанда сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларды жинау мәселесі өте күрделі жағдайда.
Қолжазбалар қоры: Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты жанынан 1989 жылы құрылған қолжазбалар мен текстология орталығында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайында, Ұлттық кітапханада және облыс орталықтарындағы әмбебап ғылыми кітапханаларында және Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының Ғылыми кітапханасында ұйымдастырылған.
Қолжазбалар мен текстология орталығы (ҚТО) қорында қазақ ауыз әдебиетінің 200 мыңдай нұсқасы сақталған. Олардың ішінде батырлар жырының, тарихи өлеңдер мен аңыз әңгімелердің 100- ге жуық, айтыстың 1500, мақал – мәтелдің 20 мың үлгісі, көлемі 6 мың бетке жуық тарихи шежіре, 12-13 ғасырларда еврейлердің бұзау терісіне көшірілген ұзындығы 24 метрден тұратын киелі кітабы бар.
Ең көне қолжазба – 13 ғасырдан жеткен, 1880 жылы Құлмұхамед Байғұлыұлының қолымен көшірілген «Жүсіп - Зылиха» дастаны. Мұса Шорманұлы жинаған фольклорлық және этнографиялық материалдардың 1913 жылғы көшірмелері, «Шахнама» эпосын Тұрмағамбет Ізтілеуовтың өлеңмен, Ысқақ Тілеуқабылұлының қарасөзбен аударған қолжазбалары, Шығыс халықтарына кең тараған «Мың бір түн», «Калила мен Димна», «Тотынама» сияқты шығармалардың аударма нұсқалары, «Тахир - Зухра», «Ләйлі - Мәжнүн», «Бозжігіт», «Сейфүл – Мәлік», «Шәкір - Шәкірат» ғашықтық жырлары, «Қиссас ул - Әнбия», «Сал - сал», «Зарқұм» діни қиссалары, т.б көптеген фольклорлық мұралар қазақ ауыз әдебиетінің інжу – маржандары сақталған.
...