Қазақ және әлем фольклорындағы ортақ сюжеттер мен мотивтер үндестігі
Автор: guleke7 • Октябрь 25, 2020 • Реферат • 528 Слов (3 Страниц) • 598 Просмотры
I тарау
Қазақ және әлем фольклорындағы ортақ сюжеттер мен мотивтер үндестігі
- Фольклордағы мәңгілік өмірді аңсаған қазақ және әлем кейіпкерлері
Әлемдік фольклорда мәңгілік өмір сүруді аңсау сарыны әртүрлі жанрда кездеседі. Бірі әпсана жанрында Қорқыт арқылы көрінсе, екінші түрі эпостық шығармаларда батырлар тарапынан көрінеді. Үшінші-әлемдегі көп халықтың, атап айтқанда, жапондық «Урасима Таро», грузиндік «Мәңгілік өмір іздеген жігіт», итальяндық «Жұмақтағы бір күн», орыстардағы «Жұмақ құсы» ертегілерінде мәңгі өмірге қол жеткізген кейіпкерлер туралы айтылған.
Қорқыт туралы аңыз –әңгімелер дүние жүзінде, әсіресе Шығыста кең тараған сюжетке құрылған. Қорқыттың түсінде көр қазылып жатырған кісілерді көруі,өлімнен құтылмақ болып дүниенің төрт бұрышын аралауы, өзі жасаған қобыз арқылы өмір сүріп, жыланның шағып өлтіруі секілді сюжеттер ерте заманда пайда болған. Мысалы ең көне деп аналатын «Илиада мен Одессеяда» өлім мен өмірдің күресі, адамның ажалдан құтылу жолдарының мәселелері әңгімеленген.
- «Алпамыс батыр » жыры және «Одиссея»
«Алпамыс батыр» әр халықтағы нұсқасына «Алып Манаштың» әсері тиген және «Алпамыс» пен «Одиссеяның » жақындығы да кездейсоқ емес. «Одиссея» эпосының авторы Гомер деп есептелгенімен, бұл шығарманың негізі фальклор екендігі ғылымда дәлелденген. «Одиссея » да, түркі халқына ортақ «Алпамыс батыр» жыры да батырлық ертегіден бастау алған. Шығыстық «Алпамыс» «Одиссеяның» тууына әсер етті ме, әлде керісінше болды ма-оған деректі түрде жауап табу қиын. Алайда ,екі шығармада сюжеттік типтік байланыс бар. Алдымен «Алпамыс батыр» жырының сюжеттік негізін саралап көрелік. Ол: ғажайып туу, қаһармандықпен үйлену және әйелінің тойының үстінен шығу сарындарын құрайды.
Ғажайып туу сарыны қолданылған соң ол кейіпкердің ерекше болуы түсінікті. Алдымен ол бала жасынана ерен күш иесі ретінде танылады. Алпамыс:
Атса, мылтық өтпеді,
Шапса , қылыш кеспеді..
Суға салса , батпады
Кейіпкердің мұндай қасиетті болуы әлемдік фольклорлық сарын. Мәселен, ежелгі грек мифологиясында Ахилл, қырғызда «Манас», т.б. бар. Қазақтағы «Еркемайдар» ертегісінде қарындасы ағасына «атса-оқ өтпесін, шапса –қылыш кеспесін» деп тілек айтады, бұл, бір жағынан, сөз магиясымен байланысты.
...