Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ы.АЛТЫНСАРИН: Мектеп – тәрбие берудің негізгі құралы

Автор:   •  Январь 7, 2024  •  Статья  •  1,804 Слов (8 Страниц)  •  127 Просмотры

Страница 1 из 8

Ы.АЛТЫНСАРИН: Мектеп – тәрбие берудің негізгі құралы...

Аннотация

Ы.Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында терең із қалдырған беделді тұлға екендігін барлығымыз білеміз. Бұл мақалада ағартушы бастаған өнегелі істің қазіргі заманда қалай дамығаны қарастырылған. Мақалада қоғам қайраткерінің өмірі мен педагогика саласына, білім мен тәрбие үрдістерінің дамуына қосқан үлестері туралы жан-жақты талдау жасалынған. Жас педагог ретінде мақала жазу барысында өз педагогикалық тәжірибемді кеңейтуге ықпал ететін факторлар пайда болды. Педагог жолы-өнегелі жол.

Аннотация

Все мы знаем, что Ы. Алтынсарин - авторитетная фигура, оставившая глубокий след в истории просвещения казахского народа. В этой статье исследуется, как нравственная работа педагога эволюционировала в наше время. В статье дан комплексный анализ жизни общественного деятеля и его вклада в педагогику, развитие образовательного и воспитательного процессов. Во время написания статьи, как молодому учителю были факторы, которые помогли расширить мой педагогический опыт. Путь учителя - это нравственный путь.

Annotation

We all know that Y. Altynsarin is an authoritative figure who has left a deep mark in the history of enlightenment of the Kazakh people. This article explores how the moral work of the educator has evolved in modern times. The article provides a comprehensive analysis of the life of a public figure and his contribution to pedagogy, the development of educational and upbringing processes. At the time of writing, as a young teacher, there were factors that helped expand my teaching experience. The teacher's path is the moral path.


Түйін сөздер

Бұратана, қыздар мектебі, училище, оқыту методикасы.


Қазақ халқының бүгінгі таңда көзі ашық, білімі жоғары, хат тани алатын деңгейде өмір сүріп жатқанына Ы.Алтынсариннің ерең еңбегі сіңген.

Ыбырай- жаңа үлгідегі ақын, әрі ол- сол кездегі Россияда батыл жаңалық жасап, «бұратана» елдер үшін тың үлгілі мектеп алушы. Ол- мектптің өзіне бөлек ерекшелігі бар программаларын, оқу құралдарын жасаушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы.

Ыбырай Алтынсарин — Орта жүздің Қыпшақ руынан шыққан қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, ақын, жазушы, қоғам қайраткері. Шын аты — Ибраһим. Ол 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы Затобол ауданында дүниеге келген.

Отбасында әкесі Алтынсары хат танымаған, өз еңбегімен тіршілік еткен қарапайым шаруа адамы болған. Шешесі Айман халық аузынан жинақталған ертегілер мен жырларды көп білетін сауатты адам болған. Ыбырайдың шешесі халық ертегілері мен жырларын баласына жастайынан айтып отырған.

Ыбырай әкесінен ерте айырылып, атасы Балғожа бидің қолында тәрбиеленген. Балғожа Жаңбыршыұлы өз заманындағы ірі феодалдардың бірі еді. Ол ұзақ уақыт Орынбордағы шекара комиссиясы қол астында Қыпшақ руына старшын болған, өз аймағының атақты кісілерінің бірі, ірі бай. Ел ішіндегі көп жағдайларда биліктің тізгінін ұстаған би Орынбор əкімшілігінің алдында да, орыс шенеуніктеріне де сыйлы, беделді, белгілі кісі болыпты. Немересін адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешендікке баулыған, Балғожа оны өзімен бірге жиын-тойларға алып барып, билік айтқызып, қанатын қатайтқан.

Жасынан зерек Ыбырай да атасын жерге қаратпай алғырлық танытып, көпшіліктің үмітіне айналады. Атасы Балғожа төңірегіне ақын-жырауларды жинап, өзі де өлең жазған. Сондықтан да Ыбырай бала кезінен туған халқының мəдениеті мен əдебиетінен сусындаған.

С.Сүлейменов 1844 жылы Орынбордағы шекара комиссиясы жерінде қазақ балаларына арналған арнайы мектептер ашу жоспарланған болатын. Мектептің негізгі мақсаты- қазақ балалары арасында жазушылар мен аудармашылар дайындау. 1846 жылы Балғожа өзінің немересі Ыбырайды сол мектепке қабылданатын кандидат болу туралы өтініш Орынбордағы шекара комиссиясының төрағасы генерал-майор М.В.Ладыженскийге жасаған. Сол жылдың 5 наурызында журналға шыққан қаулыда Ыбырайдың мектепке қабылданғандығы көрсетілген. Бұл мектепке Ыбыраймен бірге Орынборға тағы 10 қазақ балалары барады. Мектепте тәрбиеленушілерге басқа пәндермен қатар орыс, араб, татар, парсы тілдерін оқытқан. Осы мектепті бітірген балалар аталған тілдерді жетік білген. Мектепте оқыған жылдары Ыбырай тек «өте жақсы» оқығанымен қатар,  білімі мен тәртібі, басқа тәрбиеленушілерге деген жақсы мінезі үшін бірнеше рет «алғыс» алған. Бұл туралы 1853 жылғы 31 мамырдағы «Акт испытаний» құжатында көрсетілген. Ыбырай мектепті 1857 жылы бітіріп, атасы Балғожаның қасында жазушы болып 3 жыл жұмыс жасайды. Кейін 1859 жылдың 1 тамызынан бастап Орынбор облыстық басқармасында тілмаш ретінде жұмыс істейді. Облыстық басқарма 1860 жылы Ыбырайға Орынбор бекінісінде  (Торғай қаласы) қазақ балаларына арналған бастауыш мектебін ашуды тапсырады. Сол мектепте Ыбырай орыс тілінің мұғалімі болып тағайындалады.

...

Скачать:   txt (24.7 Kb)   pdf (184.8 Kb)   docx (68.3 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club