ХІХ ғасыр поэзиясындағы дастандардың нәзирагөйлікпен жырлану ерекшеліктері
Автор: Aknyet • Апрель 28, 2022 • Доклад • 1,327 Слов (6 Страниц) • 1,443 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет
Қазақ тілі және әдебиеті
№4-СӨЖ
Пәні: XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті.
Тақырыбы: «ХІХ ғасыр поэзиясындағы дастандардың нәзирагөйлікпен жырлану ерекшеліктері».
.
Топ:303
Мамандығы:6В01701
Орындаған:Тұрсынова Ақниет
Тексерген:Аширов.Ж
Алматы,2022
М.Әуезов: «Көпке мәлім болған тарихи шындықтар бойынша, шығыста бір классик жырлаған тақырыпты келесі буында тағы бір шығыс ақыны қайтарып әңгіме ететін, тың дастандар шығаратын тың дәстүр бар еді.Осы дәстүр «нәзира», «нәзирагөйлік» деп аталады».
Иә,қозғалайын деп отырған тақырып дәл осы ұғым төңірегінде,дәл осы атау негізінен туады.XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдері мен олардың шығармаларына,соның ішінде дастандарына тоқталмас бұрын, «нәзирагөйлік» ұғымына тоқталып,мағынасы мен мәнін ашып алған орынды болар еді деп ойлаймын.Көптеген қазақ және шет ел ғалымдары мен зерттеушілерінің еңбектерінде,мақалалары мен зерттеу жұмыстарында әр түрлі анықтамалар мен пікірлер кездеседі.Бірақ,жеткізу тілі түрліше болғанымен,бәрінің ойы,тұжырымы бір арнаға келіп тоғысатынын байқау қиын емес.Сол пікірлер негізінде менде өз қортындымды жасап көрдім.
«Нәзирагөйлік» - шығыс поэзиясы негізінде қалыптасқан дәстүр. «Нәзира» атауын беруінің себебі,араб тілінен аударғанда «жауап», «ұқсату» деген мағынаны білдіруінде.Аудармадағы екі сөзге байланысты,екі түрлі анықтама беріп көрсем. «Ұқсату»,түпкі мәні – белгілі бір тақырып аясында жыр жазған ақын шығармасының үні,келесі бір ақын шығармасында көрініс табуы. Яғни,бұл - көшіру немесе тікелей аудару емес, тақырып пен оқиғаны өз мәнерінде,өз стильінде қайта түрлендіріп жырлау,көпшілікке ұсыну. «Жауап» - бір ақынның шығармасына келесі бір ақынның жауап түрінде жазған шығармасы.
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінен нәзіргөйлік дәстүрдің жұрнағын тауып,талдау үшін,XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдеріне,жырларының тақырыптық ерекшеліктеріне тоқталған жөн.
- Өршіл,рухты жырларымен аласапыран кезеңде көтерілісшілерге,халыққа рух берген ақындар – Махамбет Өтемісұлы,Шернияз Жарылғасұлы.
- Халық мұңын мұңдап,жоғын жоқтаған зар заман әдебиетінің өкілдері – Дулат Бабатайұлы,Шортанбай Қанайұлы,Мұрат Мөңкеұлы,Әубәкір Боранқұлұлы,Албан Бәрменбекұлы.
- Әйгілі айтыс ақындары -Шөже,Орынбай,Кемпірбай,Түбек, Марабай,Нұржан т.б.
- Атышулы сал серілер- Сегіз Сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері.
- Қиссашыл ақындар:Сүйінбай Аронұлы,Мәделі Жүсіпқожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы , Базар Оңдасынұлы т.б.
- Ағартушылық бағыттағы,жаңа жазба әдебиет өкілдері: Абай, Ыбырай, Шоқан т.б.
Жоғарыда аталған тұлғалардың шығармашылығына зерттеу жүргізіп, дастандары бар ма,болса,нәзирагөйлік үлгідегі дастандар ма талдап көрейік.
М.Өтемісұлы, Ш.Жарылғасұлы, Ш.Қанайұлы, Ә.Боранқұлұлы, А.Бәрменбекұлы,айтыс ақындары,сал-серілер, С.Аронұлы, М.Жүсіпқожаұлы, М.Сұлтанқожаұлы, Ы.Алтынсарин, Ш.Шыңғысұлы шығармаларында дастандар кездеспейді. Д.Бабатайұлының «Еспембет» поэмасы,М.Мөңкеұлының «Үш қиян», «Қарасай-Қази», «Қазтуған», «Шәлгез» атты толғау-дастандары бар,алайда нәзиргөйлік дәстүрмен жазылмаған,дербес туындылары. Қ.Кемелұлының «Шырын-Шекер» атты дастаны бар,алайда дастанның мазмұны,идеясы,тарихы туралы ақпараттар сақталмаған.Ы.Алтынсариннің шығармаларында үлкен көлемді поэма,дастандар кездеспейді,бірақ тәрбие беріп,өмірлік жақсы қасиеттерді бала бойына дарытуға бағытталған шағын әңгімелері «нәзирәгөйлік дәстүр» негізінде жазылған.
...