Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Интеграциялап оқытуды жүзеге асыру

Автор:   •  Октябрь 27, 2018  •  Курсовая работа  •  5,236 Слов (21 Страниц)  •  1,015 Просмотры

Страница 1 из 21

     

Мазмұны:

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3                                                                                               

         

Бірінші бөлім.  БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ  ИНТЕГРАЦИЯЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

1.1 Бастауыш мектепте білім  берудегі интеграция мәселесінің теориясы мен практикасы ............................................................................................................7

1.2 Бастауыш сынып пәндерін интеграциялау арқылы оқушылардың білім сапасын арттырудың педагогикалық негізі......................................... ..............10

 

 Екінші бөлім. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

2.1. Интеграциялап оқытуды жүзеге асыру.......................................................12

2.2.Бастауыш мектеп оқушыларына интеграциялық сабақ беру әдістері.Пәнаралық байланыстан-интеграциялық білімге...............................14

2.3 Бастауыш білім мазмұнындағы жүйеаралық интеграция...........................16

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................18 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................................................21

Кіріспе

       Қазақстандағы әлеметтік-саяси және экономикалық даму білім беру мәселелеріне аса мән беруді, қазіргі білім беру жүйесін жаңартуды талап етуде. Оның маңызды қырларының бірі-білім беруді кәсібилендіру, яғни оның барлық деңгейлерінде тұлғаны даярлауға құзіреттілік тұлғасынан келіп, білім берудің сапасын арттыруға бағыттау болып табылады.[1,15Б]

       Қазіргі кезеңде ең өзекті мәселе-бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Ол үшін бастауыш мектептен бастап білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігінің тәжірибесін игеру, білім берудегі жалпы және кәсіби мәдениетті әлемдік деңгейге жеткізу қажет.

      Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты – оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі де нақты білім беру.
   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [3,14Б]. Бұл міндеттерді шешу мұғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудің жаңа парадигмасын туғызды.

        Ғылым мен білім берудегі интеграциялық үрдістердің әлеуметтік-экономикалық негіздері адамның қазіргі жағдайдағы шаруашылықты жүргізу әрекетінің тиімділігін арттыруға байланысты болып отыр[3,10Б]

        Интеграциялық тұрғыдан келудің әлеуметтік практикасын XXI ғасырдың жаhандық мәселелері де талап етуде[4,5Б]. Өйткені, білімнің ғылыми сыйымдылығының өсуі, ғылымның әр-түрлі саласындағы зерттеулерді қолданбалы бағыттылылығы мен қоғамдық дамудың ақпараттық-техникалық құраушысынң күшеюі еңбек үрдісінің жоғары зияткерлігін талап етуде. Сондықтан,  қоғамның бастауыш мектеп алдына қойып отырған міндеттеріне жоғарыда аталып отырған үрдістер белгілі бір дәрежеде әсер етеді.

        Қазіргі уақытта бастауыш мектептерде білімді интеграциялау мәселесін педагогикалық, психологиялық, әдістемелі тұрғыдан зерттеуге ерекше маңыз берілуде. Интеграция мәселесі бойынша көптеген елімізде бұл мәселемен А.А. Бейсенбаева, Ә.М. Мұхамбетжанова,С.К. Ерімбетова, Г.К. Шолпанқұлова, көптеген ресейлік ғылымдар Г.Г.Авзвлова,  А.Я. Данилюк, Н.А. Лошкарева, В.М. Максимова, В.А. Данилюк, В.В.Давыдов, В.Н. Монахов айналысады. Ғалымдар интергацияның философиялық, психологиялық, педагогикалық мәнін, құрылымдық әдіснамалық деңгейде қарастырған. Сонымен қатар, негізгі түсініктерін, заңдылықтарын, негігі категориялары мен идеяларын ашып, білім берудің мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін ғылымдар жүйелігі мен байланыстылығы негізінде талдайды.  

...

Скачать:   txt (73.3 Kb)   pdf (224.2 Kb)   docx (37.9 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club