Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ХІХ ғасыр әдебиетіндегі жанрлық ерекшеліктер мен даму сипаты

Автор:   •  Ноябрь 9, 2023  •  Реферат  •  1,245 Слов (5 Страниц)  •  100 Просмотры

Страница 1 из 5

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: ХІХ ғасыр әдебиетіндегі  жанрлық ерекшеліктер мен даму сипаты

Орындаған:

Қабылдаған:

Алматы, 2023

Жоспар:

  1. Кіріспе
  1. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ерекшеліктері
  1. Негізгі бөлім
  1. ХІХ ғасырдағы әдебиеттердің жанрлық түрлері (мысалдар)
  2. Лирикалық жанр
  3. Айтыс жанры
  4. Мысал жанры
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  

І. Кіріспе

Қазақ әдебиеті тарихының ішіндегі тарихи оқиғаларымен, көлемді шығармашылығымен, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін кезеңі - ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Бұл ғасыр көлемді құбылысты оқиғаларға да, күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстарға да толы болғандығы дүние тарихының парақтарынан да белгілі. Ондай тарихи кезең құбылыстары қазақ даласына соқпай өткен жоқ. Қазақ елі бұл кезеңде де ауыр күндерді басынан кешті. Он сегізінші ғасырдың аласапыран дәуірінің зардаптары жалғаса түсті. "Ақтабан шұбырынды" атанған зарлы заманнан өткен қазақ жұрты, қазақ хандығы тағы да бір қилы заман, қиын кезеңге аяқ басты. Сол дәуірдің оқиғалары мен тарихи шындығы, негізінен, қазақ әдебиеті шығармаларында көрініс тапты. ХІХ ғасырдағы қазақтың ұлттық әдебиетін дәуір шындығынан бөліп қарау мүмкін емес. Бұл кезеңде әдебиет пен халық тарихы біте қайнасып, кірігіп кеткендей еді. Соған орай әдебиет те жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Қазіргі әдебиеттануда "жаңа дәуір әдебиеті" деп атала бастаған бұл кезеңдегі әдебиет шынында да тарихи алғышарттары мен себеп-салдарларына орай дәстүрлі арнадан шығып жаңа сипаттарға ие бола бастады. Жыраулық әдебиеттің мектептері, әдеби дәстүр уақыт талаптарына сәйкес соны көркемдік соқпақтарға ойысты. Қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, саяси тақырыптар, күнделікті қауым тірлігіндегі жақсылы-жаманды көріністер тікелей әдеби шығармалардың өзекжарды саздарына, көкейкесті сөзіне ұласып отырды.

ІІ. Негізгі бөлім

  1. ХІХ ғасырдағы әдебиеттердің жанрлық түрлері (мысалдар)

ХІХ ғасырдағы әдебиеттің ішкі ісінде, көркемдік шеңберлерінде өзгеріс, жаңару, даму тенденциялары аса күшті байқала бастағаны баршамызға белгілі. Сол кезеңдерде қазақ өлеңінің жаңаша түрлер пайда бола бастады. Әрине, бұл кезеңнің басында Махамбет Өтемісұлы, Дулат Бабатайұлы секілді дара тұлғаларымыз тұр. ХІХ ғасырда қазақ әдебиеті тарихында жаңаша жанрлардың түрлері пайда болды.  Европалық мәндегі жаңа жазба әдебиет қалыптасты. Мысалы, сықақ, сатира жанры жаңғырып, жанданды. Поэма туды. Сырлы да нұрлы лирика толысты. Сал серілер өнері шарықтады. Айтыстың мәні, мазмұны тереңдеді. Поэманың алғашқы нысандары көрінді. Тарихи жырлар туды. Бұл өзгешеліктер ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің басты жанрлық ерекшеліктері болып табылады.

ХІХ ғасыр әдебиет үлгісі, түрі мол, сан жанрлы әдебиет. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет негізінен жыраулар поэзиясы түрінде көрінді. Онда негізінен жыр үлгісінің түрлі жанрлары басым болды. ХІХ ғасырда қазақ әдебиетінде жыр үлгісінің түрлі дәстүрлі жанрымен бірге жаңа өлең түрлері туып дамыды. Уақиғалы дастан-поэмалар, түрлі сырлы лирикалық өлеңдер, сатира, айтыс түрлері, қиссалар, ауыз әдебиеті үлгілері қатар жасады. Осы секілді көптеген көркем шығармалар шетінен пайда болып, қазақ әдебиеті төрінде орын алды.

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің жанрлық ерекшеліктерін зерттеу көптеген ғалымдардың назарын өзіне аударғаны анық. Мысалы: М.Әуезов, Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов, Қ.Өмірәлиев, Ә.Қоңыратбаев секілді ғалымдар ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеуде көлемді еңбектер жазып қалдырды. Соның ішінде Х. Досмұхамедұлы қазақ халық әдебиетінің жанрлық классификациясына аса көңіл бөліп, классификация жасаған. Ол классификациясының да негізгі материалы – ХІХ ғасыр әдебиеті екендігі анық.

ХІХ ғасырда көркем прозаның үлгілері, сыни мақалалар, түрлі баспасөз жанрлары, аударма әдебиет ғылыми-публицистика туып, қалыптаса бастады. Мазмұн мен түрдің жалпы сырт сипатына қарағанда әдебиет мынадай үлгілерде , салаларда көрінеді:

...

Скачать:   txt (18.2 Kb)   pdf (244.1 Kb)   docx (278.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club