Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қайталау — қазақ поэзиясындағы көркемдік дәстүр

Автор:   •  Июнь 6, 2018  •  Реферат  •  3,615 Слов (15 Страниц)  •  1,505 Просмотры

Страница 1 из 15

                                             КІРІСПЕ

        Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Кез келген халықтың әдебиетін алып қарасақ та онда дәстүр мен жаңашылдықты көреміз. Дәстүр дегеніміз әдебиетке о бастан енген және бүгінгі күнге дейін қолданылып келе жатқан көркемдік түрлердің жалпы атауы. Әдебиетте дәстүрлі тақырыптар, дәстүрлі сюжеттер, дәстүрлі өлең құрылыстары болады. Сонымен қатар поэзияда көркемдік дәстүрлер де бар. Мысалы қайталау – қазақ поэзиясындағы көркемдік дәстүрлердің бірі. Зерттеу жұмысымыздың тақырыбы қазақ поэзиясындағы қайталаудың көркемдік қызметі болғандықтан, осы мәселелер жөнінде біршама зерттеу жұмыстарын қарастырдық және қайталаудың пайда болуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі халахуалын зерттеп жазуға тырыстық. Зерттеу жұмысымызды жазу барысында көптеген қызықты мәліметтерге тап болдық. Қайталау тәсілінің шығу тегі «ОрхонЕнесей» жазба ескерткіштерінен бастау алатындығы назарымызды тартты. Сол дәуірлерде пайда болған бұл тәсіл қалайша біздің заманымызға дейін келіп жетті деген сұрақ әрбір саналы тұлғаның көкейіне келері анық. Зерттеу жұмысымызда осы сұрақтардың да жауабы толығымен жазылған. Жұмыстың басқа бөлімдерінде жыраулар поэзиясындағы қайталаудың көркемдік қызметі туралы сөз болады. Алдымызда өздеріне ғана тән өлең құрылысы бар бұл дәуір ақындары қайталауды қалай қолданды деген қызықты зерттеу тақырыбы тұрды. Жыраулар поэзиясында қайталаудың эпифоралық түрі көп қолданған.

        Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ әдебиетінде көркемдік тәсілдердің қаншама түрлері бар. Олардың әрқайсысы да өз кезегінде күрделі зерттеуді талап етеді. Соның ішінде қайталау тәсілі де. Қайталау тәсілі «ОрхонЕнесей» жазба ескерткіштерінен бастап қолданылып келе жатқан болса да толық зерттеліп бітті деу қате. Өйткені заман өзгеріп жаңа ұрпақ ауысқан сайын әдебиеттегі тақырыптар да, әдеби мазмұн да, көркемдік құралдар да өзгеріп отырады. Сондықтан қайталау тәсілінің бүгінгі қолданыстағы ерекшелігін ашуды жұмысымыздың ең өзекті мәселесі деп алдық та, оны көне дәуір ескерткіштерімен және жыраулар поэзиясындағы түрлерімен салыстыра зерттедік. Көркемдік тәсілдерді салыстырмалы әдіспен зерттеу – қазақ әдебиетінің даму тарихын тереңірек түсінуімізге жол ашады. Сонымен қатар әр ақынның жазу стилін тануға да көмекші болады.

        Жұмыстың зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысымызды жүргізу барысында көптеген еңбектерге, зерттеу жұмыстарына кездестік. А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, З.Ахметов т.б. зерттеушілер көркемдік құралдардың ішінде қайталауға ерекше тоқталып өткендігі байқалады.  Қайталауды қазақ ғалымдары ішінде алғаш таныған А.Байтұрсынұлы болды. Әрине, ғалымның пікірлерінде бүгінгідей жан-жақтылық болмаса да, қайталаудың жалпы табиғатын ол дәл тани білді. Сонымен қатар, ғалым қайталаудың тілдік ерекшеліктерін де сипаттап береді. Қазақ тіліндегі кайталаудың кейбір түрін алғаш анықтап, оған түсінік берген академик Қ.Жұмалиев болды. Ғалымның "Әдебиет теориясы" кітабында қайталаудың үш түрін берсе, кейінгі жарық көрген монографиясында олардың санын  бесеуге жеткізеді. Академик З.Қабдолов қайталау туралы теорияны одан әрі дамытты. Өзінің "Сөз өнері" еңбегінде ол қайталауды бірінші рет фигураның бір түрі ретінде алып қарастырды.Қайталауларды тілдік тұрғыдан алғаш сипаттаған проф. Қ.А.Жұбанов болды.Проф. Р.Ғ.Сыздық  "Абайдың сөз өрнегі" атты монографиясында Абай шығармаларында қолданылған қайталауларға терең талдау жасайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.Жұмыстың басты мақсаты қазақ поэзиясындағы қайталаудың көркемдік қызметін анықтап, халық ауыз әдебиетінің  қайнарынан бастау алған қайталаулар қазіргі ақындарымыздың поэзиясында да өз жалғасын тауып келе жатқандығын көрсету. Осы мақсатымызды жүзеге асыру үшін мынадай міндеттің шешімін табу көзделді: қазақ халқы ақындарының өлеңдерінен мысаладар келтіре отырып, олардың қайталау ерекшеліктеріне тоқталу.

1 Қайталау — қазақ поэзиясындағы көркемдік дәстүр.

Көркем әдебиеттің ішіндегі көрнектісі — өлең. Ұста соққан мәрмәрдай, етек-жеңі жинақы, Абайша айтар болсақ "айналасы теп-тегіс, жұмыр келетін" осы бір жанрдың әдемілігі төңірегінде талайлар қалам сілтеп, талайлар таңырқаған. Алайда өлең өріміндегі сұлулық дегеніміз оның шумақтарында үнемі жаңа сөз қолдану ғана емес екендігін, поэзиялық шығармалардың әдемілігі оның мәтіндерінің үнемі тың тіркестер мен сөйлемдерден құралуы емес екендігін біреу білсе, біреу біле бермейді. Талантты ақын М.Шаханов "Поэзия — әсемдікті мүсіндеу" деп өлең өрнегінің осы қасиетін тап басып айтса керек [28,302б].

...

Скачать:   txt (49 Kb)   pdf (230.8 Kb)   docx (30.3 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club