Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәңірлік дәуір әдебиетінің ерекшелігі және оның оқытудың маңызы

Автор:   •  Октябрь 7, 2022  •  Реферат  •  1,925 Слов (8 Страниц)  •  444 Просмотры

Страница 1 из 8

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                                Филология факультеті


[pic 1]

СӨЖ

Тақырыбы:  Тәңірлік дәуір әдебиетінің ерекшелігі және оның оқытудың маңызы

Орындаған:Жақсыбек А.Ж.

Тобы: ҚТӘ-202

Тексерген:Сағындық Н.Б.

                          Алматы 2022

Қазақ әдебиеті тарихының арғы арналарын арнайы алып зерттеудің маңызы зор. Өйткені, осы саланы ғылыми негізде қарастыру арқылы халқымыздың ертеректен қалыптасқан мәдени жүйесінің түп-төркіні- көшпенділер, көне түркі өркениетінің әлемдік тарихтағы орнын анықтауға және сандаған ғасырлар бойы бабалар жасаған рухани байлықтарды танып, игеруге мүмкіндік туады, әрі соларды тарихи- типологиялық тұрғыда бір-бірімен ұштастыра талдаудың пайдалы, нанымды реті қаланады. Бұл көтеріп отырған мәселелердің еліміз үшін құндылығы мен дәйектілігін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Біздің кіндігіміз жеті атамызбен ғана жалғасып жатқан жоқ, одан да арғы Үнді мен Ніл, Еділ мен Дон жағалауларына қазақ даласының рухын жеткізген бабаларымызбен жалғасып жатыр. Осыдан екі мың жыл дерлік бұрын біздің жерімізде дамыған мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын бір-бірімен шебер ұштастырған өзіндік бірегей андронов мәдениеті пайда болды. Арийлер деген атпен ұлы мәдениеттер жасап, ұлы мемлекеттер құру үшін бір кезде үндістанға қарай бет алған тайпалар тап сол андронов мәдениетінің иелері еді. Қазақстанның сақ тайпалары андронов мәдениетін жасаушы халықтың «Авестада» айтылатын арий, тур, дах және дайлардың тікелей ұрпақтары болып табылады»,-деген сөзі айқындай түседі (158, 24,77-б.). Әрі жоғарыдағы «Тарих толқынында» атты кітаптан келтірілген үзіктегі тұжырым профессор И.М.Дьяконовтың скифтердің Алдыңғы Азияға патшалығы жайлы (б.з.б. ҮШII-YII ғ.) жазған еңбегімен тікелей сабақтасып жатыр (71, 228-б.). Сондай-ақ, әдебиетіміздің арғы арналарын зерттеуден шығатын басты нысананың бірі - көне түркілердің Тәңірлік дәуірдегі әдебиеті жайлы қосақабат сөз қозғау. Тікелей айтқанда, бізде, негізінен, ислам діні ене бастағаннан бергі кездегі әдебиет кең көлемде қарастырылады да, оның ар жағында көптеген ғасырлар бойы жасалған көне түркі рухани мұралары онша назарға алынбайды. Соған қарап халқымыздың мәдени, кәсіби жетістіктері ислам дінінен кейін, соның әсерімен өрбіген сияқтанып көрінеді. Ал, шын мәнінде, түркі дүниетанымы, оның өркениеті, әдебиеті, тарихы, наным-сенімі, дәстүр-салты, діні, ділі, жазуы, әнері, кәсібі, бәрі-бәрі ислам діні дәуіріне дейін толысып, мәңгі тозбас игілікке айналып, сол кезінде-ақ бүкіл әлемге танылған. Бұған сол саланы зерттеген тарихшылардың: көшпелі тайпалар - Сақ, Ғұн, Үйсіндер мәдениеті, өнері б.з. бұрынғы ҮII ғасырда берік қалыптасқан деп тұжырымдап жазғаны толық дәлел болады (159, 98-б.). Көне түркілердің мәдениеті мен әдебиеті, әсіресе олардың Тәңірлік діні ислам діні енгенге дейін мейлінше нығайып, халық санасына бойлай сіңіп, тарих бетінен орын алғаны жөнінде және осы саланың мәні мен маңызы, оны жүйелеп қарастырудың қиындығы туралы ғұлама-жазушы М.Әуезов 1927 жылы шыққан «Әдебиет тарихы» атты кітабында айрықша атап көрсете келіп: «Қазақ елінің ішкі өмірі екі үлкен дәуірге бөлінеді. Бұның біреуі іслам діні ескіліктің барлық белгісімен қатты алысты. Ескі дінді еске түсіретін ұғымның бәрін жоғалтып жіберді. Қазақтың әдебиет жолы мен ақыл-білім беру жолындағы ескі тарихын білемін деген кісі мұсылманшылықтың қалың қараңғы пердесі жауып тұрған мезгілге тірелді. Тәңірлік дін дәуіріндегі мәдениетіміз бен әдебиетімізді, дәстүр-салт, кәсібімізді, т.б. елеулі фстерді кезінде көрсетпеген соң, барымызды игеріп тани алмағаннан кейін бұрынғы үстемдік жасап қалған елдің өкілдерінің бірі A.И.Солженицын: «Қазақтар мал жайып өткен жерінің бәрін өзіндік санай берген»,-деген «сәуегейлік» айтуда (16, 2-б.). Әсіресе, A.И.Солженицынның сыбайласы Н.Лысенко: қазақтарда бұрын мемлекет, мәдениет болмаған, өз алдына бөлінгенімен жеке ел бола алмайды деген ой тастап, бұрынғыша тәуелді болған империяның қарамағында қалуға үндеді (17, 9-саны). Бұрынғы намысшыл, дана бабаларымыздың атам заманнан бері қарай жасап берген тарихи, рухани зор жетістіктерін жете меңгере алмай жатқанымызды Ел Басы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан жеріндегі ежелгі мемлекеттер, олардың болашақ қазақ ұлтымен сабақтастығы деген мәселелер әлі терең зерттелінбей келеді. Сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың мемлекеттері… Осылардың әрқайсысына арнаулы монография жазса да артықтығы жоқ»,-деп айрықша атап көрсетті (18, 03). Бұл зерттеуде көтеріп отырған мәселе ел басының алға қойған осы міндеттеріне сай келеді. Мына еңбекте көне түркілердің негізін қалаған Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы тайпаларының тарихын, олардың қазақ халқының құрамына енгенін еске ала отырып, сол тұста жасалынған рухани мұралардан мәдениетіміз бен әдебиетіміздің арғы арналарын, түп-төркінін зерттеп қарау мақсат етілген. Сонымен бірге, халқымыздың ежелгі наным-жорасы, дәстүр-салты, кәсібі, діні, елдігі, ерлігі және өзге елдермен сол бағыттағы қарым-қатынасы, бір-біріне әсері айқындалады. Әрине, бұл мақсатқа жету тіпті де оңай емес. Ол үшін әуелі көшпенділер мәдениетін, көшпенділер өркениетін, көшпенділер қоғамын саралап, тарихи-типологиялық тұрғыда зерттеп барып, ғылыми тұжырымдар жасалуы қажет. Міне, осылай қарастырудың арқасында ғана әлемдік өркениеттегі көшпенділердің орны айқындала түспек. Одан қазақ халқының өркениетке қосқан мәдени жетістіктерін айқындау басты міндет. Осындай сан-салалы зерттеу жолымен ежелден біртіндеп қалыптасқан ұлттық құндылықтар игерілмек. Осы арада жазушы, саясаткер Ә.Кекілбаевтың: «Енді адамзат күш жарыстырып емес, ақыл жарыстырып өрге баса алады. Ал ақылдың өлшемі - әділеттік»,-дегенін де көкейде ұстаған абзал (19, 5-б.). Бұл еңбекті жазудағы негізгі міндеттердің бірі - іргелі, өркениетті мемлекет болуда ұлттық құндылықтарды меңгерумен қоса ертедегі бабалар қалыптастырған түркілік рух, ұлттық намысты бағалау, сол арқылы ұлттық рух, намысты қастерлеу. Өйткені, көне дәуір шығармаларының көбісі рухы күшті мұралар, ал идеясы өткен аласапыран ғасырлардың күштілері зорлап жұлқыласа да үзілмейтін мықты екенін байқатты. Мысалға «Күлтегін» ескерткішіндегі (үлкен жазу):  

...

Скачать:   txt (27.2 Kb)   pdf (132.9 Kb)   docx (27.4 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club