Қазіргі сатиралық прозаның жанрлық-тақырыптық ерекшелігі және қаламгерлік ұстаным
Автор: Aizhankozha • Апрель 13, 2021 • Дипломная работа • 19,116 Слов (77 Страниц) • 510 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Абдрахман А.
«ҚAЗІPГІ САТИРАЛЫҚ ПРОЗАНЫҢ ЖАНРЛЫҚ- ТАҚЫРЫПТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ҚАЛАМГЕРЛІК ҰСТАНЫМ»
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5B020500 – Филология: қазақ филологиясы
Алматы 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қорғауға жіберілді
«_____»___________ 2020 ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Қазіргі сатиралық прозаның жанрлық-тақырыптық ерекшелігі және қаламгерлік ұстаным»
КІРІСПЕ......…………….………………………………………..………… 2
1.Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының ерекшеліктері… 10
1.1 Сатира жанрының қалыптасу жолдары……10
1.2 Сатиралық прозаның алғашқы үлгілері ......18
2. Прозалық сатира жанрындағы қаламгерлік ізденістер....... 27
2.1 Қазіргі прозалық сатираның тақырыптық-жанрлық ерекшеліктері………....27
2.2 Сатиралық образдың жасалу жолдары және қаламгерлік ұстаным………….......35
Қорытынды....…………………………………………………………….56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .........………………………………… 59
Қосымшалар
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазіргі сатиралық прозаның жанрлық-тақырыптық ерекшелігі және қаламгерлік ұстаным»
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлім үш бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Көлемі: бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 41
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақ мемлекетінің тәуелсіздікке қол жеткізуі тарихымызды саралауға, елдік танымымызды анықтауға, ұлттық рухани құндылықтарымыздың қайта жаңғыруына, жаңаруына жол ашты. Егемен ел болғанымызға ширек ғасырдан асса да біз кеңес өкіметі салып кеткен сүрлеуден толық шығып болған жоқпыз және осы сатира жанрындағы шығармалардың дені кеңестік идеология тұрғысынан, яғни, сол кезеңдегі тұжырымдарға сүйене отырып жазылған. Ал бұл жұмыс төл тарихымыздың ажырамас бөлігі – ұлттық рухани құндылықтар екені белгілей отырып, сатира жанрын зерттеу жұмысымызда сол кеңестік сүрлеуден аршып, әдеби шығармаларға тәуелсіз көзқараспен қарауға тырыстық. Демек, біз, тарихи танымның көкжиегін кеңейту үшін «тар жол тайғақ кешуден» өткен халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын жаңаша көзқараспен жазуға міндеттіміз. Осыған орай, әлі де үстірт қарастырылған немесе мүлдем зерттелмей, тарихи тұрғыдан шынайы өз бағасын ала алмаған мәселелер аз еместігіне көз жеткіздік. Кеңестік социалистік сатираның астарынан ұлттық төл ұғым-түсініктегі шығармаларды сабақтасытырып, үзіктерді жалғауға, сатира арқылы сананы жаңғыртуға талпыныс жасалды.
Зерттеу жұмысының сипаты: Зерттеу жұмысымызда қазақ әдебиетіндегі сатираның орны, өткен ғасырдағы аталған жанрдың даму барысы жайлы, оның аржағында халық ауыз әдебиетіндегі ұлттық сықақтың үлгілеріне ден қойып, көркем шығармаларға тоқтала талдау жасалды. Әсіресе, соғыс жылдарына дейінгі, соғыс жылдарынан кейінгі және бүгінгі сатираның деңгейі, ерекшеліктері, мән-мазмұны, қоғамдағы әсері сараланды.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Сатира жанрын жаңа көзқарас тұрғысынан қорытып, кеңес кезіндегі бұрмаланған тұстарын анықтап, бұрын әдебиетімізде белгісіз болып келген немесе айтуға тиым салынған жайттарды дәйектеп, тың деректерге сүйеніп, тарихи шындық тұрғысынан келіп, рухани жаңғыру негізінде зерттеуді диплом жұмысымыздың басты мақсат еттік. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:
- Сатира жанрының шығу тарихы, оның ерте заман дәуірлердегі рөлі мен бүгінгі қоғамдағы қызметінің байланыстылығы;
- Сатира жанрының жалпы әдебиеттегі көрініс табуы және қазақ әдебиетіндегі орны;
- Көркем шығармаларды кезеңдерге топтастырып, оларға талдау жасау;
-Ақын-жазушылардың еңбектерін ғылыми тұрғыда зерделеу;
...