Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

XX ғ.басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп саласының дамуы,ерекшелігі және сипаты

Автор:   •  Январь 25, 2019  •  Реферат  •  4,323 Слов (18 Страниц)  •  16,154 Просмотры

Страница 1 из 18

                     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

<<Қазақстан тарихы және мәдениеті>> кафедрасы

                                                   [pic 1]

№1 семестрлік  жұмыс

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырыбы: XX ғ.басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп саласының дамуы,ерекшелігі және сипаты

                    Мамандығы: Автоматтандыру және басқару

                    Орындаған: Баймұханов Темірлан Парахатұлы

                    Тобы: АУк-18-9

                    Тексерген: доцент,Раджапов Анарбай Өскенбайұлы

                         

       _______________       _______________     <<____>> _________2018 ж.

                             (бағасы)                        (қолы)

                                           

                                                      Алматы 2018                                                                                                                                                                      

                                                             Жоспар

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………………

 1. ХХғ. басындағы Қазақстанның өнеркәсіптің дамуы        

 2. XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары

Қорытынды……………………………………………………………………………………………………………

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………………………

                                                                                                       

 

                                                                Кіріспе

Мақсаты: XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп саласының дамуымен ерекшелігін сипаттау.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Қазақстанның өнеркәсібінің даму проблемалары, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы оның қалыптасуының негізгі бағыттыры мен дамуына тарихи-сын тұрғысынан талдау жасалған. Қазақстанды өнеркәсіптік игеруге байланысты патша өкіметі мен Кеңес мемлекетінің саясаты анықталып, талданып, өнеркәсіп құрылымының негізгі қайшылықтары мен өзгерістері, қарастырылған кезеңдегі жаңа өнеркәсіп өндірістері мен салаларының пайда болуы туралы баяндалған.Кіріспе бөлімде,біз XX ғасырдың өнеркәсіп саласы жайлы айтатын боламыз.Мұнда XX ғасырдың ең қарқынды және жақсы дамыған өндіріс орындары жайлы айтамыз.Қазақстанның әр түпкірінде қандай сала дамығанын, XX ғасырдың басында Ресей және шетел мемлекеттерімен,қандай байланыста болғаны жайлы сөз болмақ. ХХғ. басындағы Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы өлкенің экономикасына әсері. XX ғасырдың басында патшалық Ресей Қазақстанның тау-кен байлықтарына көзқарасы.Ауылшаруашылғының маңызы,Темір жолдардың салынуы арқылы көптеген өнеркәсіптердің дамуы,өркендеуі. ХХғ. басындағы Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы өлкенің экономикасына әсері.Егерде өнеркәсіп XX ғасырда жақсы қарқынмен дамыған болса қазіргі Қазақстанның жағдайы мүлдем бөлек болушыма еді кім біледі? Бірақ өнеркәсіптің дамуы жергілікті халықтың керегіне жете алмады, олардың мақсаты патшалық Ресейді қамтамасыз ету болды. Қазақ елі тек шикізат жеткізуші ғана болып қала берді, сол себепті бізде ірі өнеркәсіп орындар болмады. Барлық құрал саймандар, машиналар,күрек,ломдар Уралдан әкелінді. Күнделікті тұрмыстық жағдайда қажет ететін қант, күкірт,керосин, металдарда әкелінетін болған.Ресей патшалығы Қазақстанда ауыр өнеркәсіптің дамығанын қаламаған.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда өнеркәсіптер пайда бола бастайды. Бұл кезең Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталу кезеңі еді. Ресейде капитализмнің дамыған, әсіресе экономикасының, соның ішінде өнеркәсіптің біршама тез дамуының кезеңі болды. Қазақстанның Ресейге экономикалық жағынан қосылуы сондай-ақ өнеркәсіп ошақтарын құрумен айқындалды. Ресейге крепостнойлық құқықты жойғаннан кейін Ресейлік капитализімді “кеңінен” тарату кезеңі басталады. Ең алдымен Ресейлік кәсіпкерлер Қазақстанда құрылып жатқан таулы-зауыттарға тартыла бастайды. Қазақ даласындағы кең орындарына көпестік капиталда назар аударады.Алайда ХХғ. басындағы Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы өлкенің экономикасына әсер етпеді, олардың шаруашылық өміріндегі рөлі шамалы болды. Бір жағынан алғанда, капиталистік бұрғыда ұйымдастырылған шамалы кәсіпорындар болса, ал екінші жағынан, қолөнер өндірісі мен экстенсивті мал шаруашылығы орын алды. Өнеркәсіпте өндірілген өнімдер шикізат ретінде сыртқа шығарып, алынған пайда да Қазақстанда қалмады. Жоғары пайда табу мақсатында ресейлік және шетелдік кәсіпкерлер қарапайым кәсіпорындар ашқан. Сондықтан да ашылған рудниктер, кен орындары мен тағы басқалары да ұзақ уақытқа созылмады.
Ресейдің Қазақстандағы экономикалық саясаты аймақты шикізат көзіне және өнім өткізу нарығына айналдыруға бағытталды.XX ғасырдың басында патшалық Ресей Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Таулы-зауыт өнеркәсібі ошақтарының бірі Қазақстанның солтүстік шығысы - АЛТАЙ болған. Риддерлік полиметалл кен орындары ХVІІІғ. соңында-ақ өңделе бастады. Алтайда ашылған рудниктер, Романовтар әулетіне қарайтын металлургиялық зауыттарды негізгі рудамен жабдықтаған, өндірістің негізі өнімі сол уақытта жұмыс еді. Кенді Алтай жерлері патша отбасының кабинеттік жерлер деп аталатын жеке меншігі болды. Риддерлік кен орындарымен қатар Зырян, Зменногор және Ертіс маңындағыларда белгілі болған. “Орыс-Азиялық корпорациясы” ірі кәсіпкерлік бірлестік бола басталды. Оның құрамына Ресей банкілерінің өкілдері-Орыс Азия және Петроградтық жеке коммерциялық банк кіреді. Путилов пен Давидов 1912ж. Лондонда құрылған «Орыс бас корпорациясың ірі мұнай компаниясының директоры болған.1914ж. «Орыс-Азия корпорациясың Қазақстанда екі тау-өнеркәсіптік; риддерлік және қырғыздық акционерлік қоғамдарын құрды. ХХғ. басындағы экономикалық дағдырысқа байланысты ол басқа қожайындарға өтеді. Мұнай өнеркәсібі өзінің ең алғаш пайда болуынан бастап экономиканың аса монополияланған саласы болды. ХІХғ. ортасында каспий маңын геологиялық зерттеу басталды. 90-ж Ембіде “Леман және К” бірінші мұнай өнеркәсіптік компаниясы құрылды. 1907ж ағылшындық кәсіпкерлер Леманнан жалға беру шартын сатып алып “Орал-Каспий мұнай қоғамын” құрады. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы).ХХ ғасырдың басында Қазақстанның тарихи өмірінде елеулі өзгерістерге толы, аса бір алмағайып оқиғалар болған еді. Атап айтқанда, бұл кезеңде Қазақстан территориясы Ресей империясының ішкі отарына айналып, өзінің саяси-экономикалық дербестігінен айырылған, орыс мемлекетінің құрамдас бөлігі ретінде танылды. Бірнеше ғасыр бойы ұлы далада қалыптасқан көшпелі цивилизацияның рухани, мəдени, саясиқұқықтық жүйелері дағдарыс шырмауығына маталып, қазақ қоғамында бұрын мүлде беймəлім болып келген құбылыстардың орын тебе бастағанына Ресей ықпалы тигендігі анық еді. Атап айтқанда, орыс, шетел капиталдарының енуі мен өнеркəсіп ошақтарының пайда болуы, жұмысшы табының қалыптаса бастауы, қалалар мен поселкелердің көбеюі, т.б. құбылыстар қазақ даласына буржуазиялық қатынастардың алғашқы нышандарын таныта бастаған. Ресей капитализімінің кеңістік шеңберінде өсуі – Қазақстанда тауар айналымының күшеюіне тікелей жағдай туғызып, қазақ қоғамында да капиталистік қатынастардың дамуына ықпалын тигізді.

...

Скачать:   txt (53.3 Kb)   pdf (326.8 Kb)   docx (36.1 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club