Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алынатын өнімнің қолданылу аясы

Автор:   •  Февраль 28, 2019  •  Реферат  •  883 Слов (4 Страниц)  •  573 Просмотры

Страница 1 из 4

1 АЛЫНАТЫН ӨНІМНІҢ СИПАТТАМАСЫ

ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ

Бұл бөлімде курстық жобаның жетекшісі берген тапсырмаға сәйкес өнімнің қолданылу аясы, геометриялық сипаттамалары, өнімге қойылатын қосымша талаптар, өнім әзірленетін материалдың химиялық құрамы және механикалық қасиеттері көрсетіледі.

1.1 Алынатын өнімнің қолданылу аясы

Курстық жоба тапсырмасына сәйкес алынатын өнім – ыстықтай тапталған қаңылтыр (1.1 сурет).

[pic 1]

  1. сурет – Қаңылтыр таптамасы

Ыстықтай тапталған болат қаңылтырлар геометриялық пішін қарапайым металл бұйым болып табылады. Олар қазіргі өндірістің көптеген салаларында үлкен сұранысқа ие. Атап атйқанда, қаңылтыр өнімдері архитектурада, құрылыс саласында, азаматтық және әскери авиацияда, автомобиль өнеркәсібінде, станок жасау өндірісінде, машина жасау саласында, көпір құрылысында, әрлеу жұмыстары мен дизайн салаларында кеңінен қолданылады.

Бағасының арзандығы қаңылтыр өнімдерінің кеңінен қолданылуына негізгі себеп деп айтуға болады. Қаңылтыр өнімдерін көбінесе әрі қарай өңдеу үшін сатып алады. Мысалы, сатып алынған қаңылтырды дәл сол күйінде қолданбай, көбінесе одан әрі пішіндеп созып және кесіп тартпа қаңылтырлар жасайды, ал осы тартпа қаңылтырлардан көше қоршауларын, арматураларды, баспалдақтарды және басқа да бұйымдарды әзірлеуге болады. Қаңылтыр сапалы тапталса, онда ол штамптауға, тартып созуға жақсы шыдайды.

Болат қаңылтырлар әдетте МемСТ бойынша әзірленеді. Ыстықтай тапталған болат қаңылтырларды шығаруда ыстықтай таптау технологиясын қолданады. Материал ретінде аз легірленген болаттар да, қарапайым көміртекті болаттар да, кейде тіпті алюминий қорытпалары да қолданылады. Ыстықтай тапталған қаңылтырларды жоғары температураға дейін қыздырылған дайындаманы тегіс бөшкелі біліктерде ыстықтай таптау арқылы әзірлейді. Қыздыру операциясының қолданылуы материалдың беріктік және қатаңдық көрсеткіштерін айтарлықтай арттыруға мүміндік береді, ал бұл өз кезегінде қаңылтыр өнімдерінің пайдалану (эксплуатациялық) көрсеткіштерін арттырады.

Қаңылтыр өнімдері ыстықтай тапталған қаңылтыр бумалары немесе рулон түрінде оралып тұтынушыларға жеткізіледі (1.2 сурет).

[pic 2]

  1. сурет – Рулон және бума түріндегі қаңылтыр

Ыстықтай тапталған қаңылтыр өнімдерін коммуникациялық жүйелерді монтаждауда, мысалы, құбыр желілерін, тартпаларды және түтін өткізгіштерді монтаждауда қолданады. Сонымен қатар ыстықтай тапталған қаңылтыр профилі иіліп келген детальдерді дайындауға өте тиімді.

Температура ауытқуларына төзімділігі жоғары болғандықтан және таптау арқылы алынған қасиеттері жақсы болғандықтан ыстықтай тапталған қаңылтырларды конструкцияларды монтаждауда кеңінен қолданады, өйткені мұндай конструкциялар аса үлкен жүктемелерге және тигізетін әсерлерге төтеп беруі керек.

Азаматтық және әскери авиацияда, автомобиль өнеркәсібінде қаңылтырлар корпустық материалдар ретінде кеңінен қолданылады.

1.2 Профильдің сипаттамасы

Курстық жоба тапсырмасына сәйкес профиль – өлшемдері 2×1250×6000 мм болатын жұқа қаңылтыр бумасы (1.3 сурет). Өнім МемСТ 14637-88 сәйкес Ст3кп көміртекті болатынан және МемСТ 4543-71 сәйкес 50Г легірленген болатынан әзірленеді (А қосымшасы). Қолданылу аясына байланысты қаңылтыр өнімдері әр түрлі стандарттар бойынша сертификатталады (Ә қосымшасы).

[pic 3]

  1. сурет – Өлшемдері 5×1500×6000 мм болатын жұқа қаңылтыр

Профильді қыздыру құрылғысында қыздырылған слябты таптау станы клеттерінен ыстықтай таптау арқылы өндіреді.

Профиль ені мен қалыңдығының қатынастарын 1.4 суреттен көруге болады және профиль жұқа қаңылтырға жатады.

[pic 4]

1.4 сурет – Қаңылтыр профильдерінің ені мен қалыңдықтарының

қатынастары (тігінен қалыңдығы, көлденеңінен ені)

МемСТ 19903-2015 сәйкес профильдің қалыңдығы бойынша шекті ауытқуы жоғары дәлдікте әзірленетін профиль (А) үшін ±20 мм және қарапайым дәлдікте әзірленетін профиль (Б) үшін ±5 мм.

...

Скачать:   txt (14.4 Kb)   pdf (176.7 Kb)   docx (96.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club