Ғалым зерттеушінің С.Мұқанов шығармашылығын зерттеудегі табыстары
Автор: Aisana.01 • Март 4, 2023 • Лекция • 547 Слов (3 Страниц) • 202 Просмотры
№5 дәріс тақырыбы: Ғалым зерттеушінің С.Мұқанов шығармашылығын зерттеудегі табыстары
Жоспары
С.Мұқановтың очерктері, драматургиясы
С.Мұқанов жайлы зерттеулер
С.Мұқановтың көп жазып, заман талабына сай бағалы туындылар берген саласының бірі - очерк. Очерк - қазақ әдебиетінде тың жанр. Ол сала-сала болып, күрделене түскен өмір талабынан туды. Стилінде бірде тамашалау, бірде әсерлеу басым болып, кейде шамадан тыс деректер мен сандар берілетін 20-30-жылдардағы жазушының очерктерін сыншы оның жаңа жанрдағы жаттығуына жатқызады. Қаламгердің очерк жанрында елеулі еңбек етіп, табысқа жеткен кезеңі Ұлы Отан соғысы жылдары мен соғыстан кейінгі жылдар.Сыншы С.Мұқановтың қырқыншы жылдардың екінші жартысында Сыр бойындағы еңбеккерлердің арасында, Каспийде балықшылар ортасында, Арқада малшылармен бірге, темір жол құрылысшыларының қатарында ұзақ уақыт болып, көрген білгендерін очерк өрнегіне айналдырғанына тоқталады. Оның очерктерінің сан жағынан мол, сапа жағынан маңыздылығын осындай еңбекқорлығымен байланыстыра қарайды. Сондай-ақ зерттеуші жазушының очерктеріндегі сюжет желісіне, кейіпкерлер характерлерінің ашылуына, жан толғаныс, тебіреністерінің берілуіне баса көңіл бөліп олардың тақырыптарына, танымдық, эстетикалық мәніне тоқталады. С.Мұқанов драматургияға кешірек келген. Оның драмалық шығарма жазатындай дарыны бар екенін танытқан, азамат соғысы тақырыбына жазылған «Күрес күндерінде» деген пьесасы 1938 жылы республикалық конкурста бәйге алған. Бұл пьеса кезінде жұртшылықтың назарын аударып, көңілінен шықты деген пікір айтады сыншы.30-жылдардың соңында «Алтын астық» операсының либреттосын жазған С.Мұқанов Ұлы Отан соғысының бас кезінде кеңес адамдарының соғыс майданында және тылдағы ерліктерін көрсеткен «Гвардия алға» (либретто) және «Жеңіс жыры» атты пьесаларын дүниеге келтірген. Кезінде республикалық академиялық театрлар сахнасында қойылып, ауыр күндерде кеңес адамдарының отаншылдық сезімін өрістетуге қызмет істеген бұл туындаларды ғалым қатардағы басқа сахналық шығармалар сияқты театр төрінде ұзақ мекендей алмағандардың санатына жатқызады. Сыншы С.Мұқановтың драматургия саласындағы елеулі табысы ретінде «Шоқан Уәлиханов» пьесасын атайды. С.Мұқанов алғаш рет пьесаны 1944 жылы жазды. Ол 1945 жылы В.Шкловскийдің аударуында «Нить Ариадны» деген атпен басылып шықты. Біраз ескертулерден кейін жазушы пьесаны жаңалап, қайта жазып, түзеп, толықтырып 1955 жылы жұртшылыққа ұсынады.
...