Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бүгінгі жастар тәрбиесіндегі ақын-ағартушы Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық», ғалым-педагог М.Арынның «Бес анық» шығармаларының ролі, үндестіг

Автор:   •  Апрель 3, 2022  •  Реферат  •  368 Слов (2 Страниц)  •  1,720 Просмотры

Страница 1 из 2

Әбдіхалықова Назгүл
МФПКО-101
Ұлттық руханият
ӨСӨЖ №10

Бүгінгі жастар тәрбиесіндегі ақын-ағартушы Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық», ғалым-педагог М.Арынның «Бес анық» шығармаларының ролі, үндестігі.

Үш анық

Бес анық

Шәкірім еңбектерінің мақсаты – адамға дұрыс жол көрсетіп, тіршілік азабынан құтқару. Оның «Үш анық» атты шығармасы да осы мақсатта жазылған.

Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс – ұждан. Ұждан –дегеніміз, ынсап, әділет, мейірім». Бұл сөздерден болмыс көріністерін адам бас көзімен көретінін білеміз. Бірақ бас көзімен көрген нәрсе ақиқат емес. «Бас көзі» деп бұл арада адамның екі көзі ғана емес, адамның сыртқы бес сезім мүшелері де айтылып отыр. Бес сезім мүшелерін біріктіріп Шәкәрім «бас көзі» деп атайды. Бұл оның өлеңдерінен де байқалады. Бірінші анық – болмыстың заттық көрінісі; Екінші анық – болмыстың көзге көрінбейтін бөлігі; Үшінші анық – ұждан.

Абай тәрізді Шәкәрім де көрнеу және көрінбейтін әлемдердің байланысын жақсы түсіне білген. Шәкәрім осы сөздерімен көрінбейтін жоғарғы әлемдердің осы көрнеу әлемге жасаған ықпалын көрсетіп отыр. Пайғамбарлар Жаратушының адамзатқа жіберген елшілері. Пайғамбарларды Жаратушы белгілі бір мақсатпен жіберіп, оларға ерекше рухани қуат береді. Сол қуаттың көмегімен пайғамбарлар адамдарды өздеріне сендіре біліп, олардың қатып қалған жүректерін жібітіп, сенімдерін оятады. Бірақ өздеріне берілген бақытты түсінбей, пайғамбар сөзіне сене алмаған бейбақтар да болады. Олар – өздерінің ескі сенімдерінен шыға алмаған бақытсыздар. Осылай Шәкәрім адам өміріндегі негізгі мәселе – көрнеу әлем мен көмескі әлемнің байланысы туралы сөз қозғайды.

Жаһанданудың қауіп-қатерінен қорғап, болмысыңды сақтауға, ұлттық ерекшелігіңді айрықшалауға көмектесетін бірден-бір кітап – «Бес анық».

«Бес анық» кітабында ұлттың келбетін анықтайтын бес құндылық туралы жүйелі ой-пайымдар жазылған. Автор «бес анық» деп мыналарды таниды: Бірінші анық – Тіл; Екінші анық – Дін; Үшінші анық – Дәстүр; Төртінші анық – Тарих; Бесінші анық – Атамекен. Шынында бұл бес құндылық қазақтың ұлт ретіндегі қасиеті мен болмысын, танымы мен тамырын, жаны мен рухын көрсетеді. Осылар арқылы бізді өзгелер де танып-біледі. Бұл еңбекте Бес анық, яғни, тіл, дін, дәстүр, тарих, атамекеннің мән-маңызын арттыру, қазақтың қастерлі ұғымдары арқылы жас ұрпақтың бойында ұлттық сана-сезімді ояту, төл құндылықтарды қайтару мәселелері қозғалады.

Қорытындылай келгенде, бүтін бітімді Мұхтар Арынның «Бес анық» кітабы – ұлттың ең қымбат құндылықтарын дәріптеуге арналған пайдасы көл-көсір, шапағаты орасан зор еңбек. Кітаптың тәрбиелік маңызы айрықша, тілі жеңіл, кез келген жастағы оқырманға түсінікті. Бұл еңбекті бала тәрбиесінде әрбір қазақ отбасы пайдаланса, ұлтын сүйетін, халқына адал қызмет ететін ұрпақтың өсіп-жетілуі сөзсіз.

...

Скачать:   txt (5.1 Kb)   pdf (80 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club