Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Географиялық ақпаратты алу және алғашқы өңдеу әдістері

Автор:   •  Июнь 14, 2022  •  Реферат  •  816 Слов (4 Страниц)  •  341 Просмотры

Страница 1 из 4

№ 31 стр 40-44

Географиялық ақпаратты алу және алғашқы өңдеу әдістері

Бақылау – тарихи түрде географиялық ақпаратты алудың ең алғашқы тәсілдерінің бірі.  Оның мәні географиялық нысан жайлы алғашқы ақпаратты зерттеу мақсатына сәйкес сол нысанның сипаттамаларын тікелей қабылдау және анықтау арқылы жинау болып табылады. Бұл ретте бақылау нысанын, сонымен қатар зерттелетін белгілерді дұрыс анықтау өте маңызды. Бақылаудың басты міндеті аймақтық жүйелерді кеңістіктегі және уақыттағы әрекет етуін зерттеу болып табылады. Бақылау қоныстандыру, елді мекендерді жоспарлау, жерлерді пайдалану,шаруашылық әрекетте кеңістіктік айырмашылықтарды анықтау жүйелерін зерттеуде және халық тұрмысында кеңінен қолданылады. Бақылау нәтижелері кестелер, дала дәптеріндегі жазбалар, хаттамалар, карточкалар түріндегі дәстүрлі тәсілдермен, сонымен қатар фотосуретке түсіру, кинотүсірілім, аэро- және ғарыштық түсірілім сияқты құрал-аспаптық бақылау көмегімен де тіркеледі. Нысанның сандық сипаттамалары жайлы ақпарат беретін өлшеу бақылаудың айрықша түрі болып табылады.

Далалық зерттеулер әдісі географияда өте маңызды рөл атқарады. Оның мәні төменгі басқару органдарынаналғашқы іс жүзіндегі материалды алуда, сонымен қатар халық пен шаруашылықтың кеңістіктік дифференциациясын орнату, табиғи және әлеуметтік-экономикалық процесстердің өзара келісілгендігін салыстыру үшін  аймақты тікелей зерттеуде болып табылады. Далалық зерттеулер арнайы жасалған бағдарламалар бойынша жүргізіледі және келесі жұмыстардан тұрады: а) аймақты жаппай зерттеу; ә) бағыттық бақылаулар және б) үлгілі (басты) учаскелерді зерттеу. «Басты» зерттеулер адамдар өмірінің, ең алдымен олардың шаруашылық әрекетінің географиялық ерекшеліктерін тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Далалық зерттеулер барысында өндіріс пен халықтың аймақтық ұйымдастырылуының көптеген құбылыстарын жақсырақ түсінуге және нақты сындарлы ұсыныстарды жасауға жәрдемдесетін өндіріс басшыларымен, мамандарымен сұхбаттар жүргізіледі.

Арақашықтықтық әдістер. Аэроғарыштық әдістер бұл әдістердің жетекші әдісі, оларды қолданғанда нысан кей кезде бірнеше мың километрге созылатын арақашықтықта зерттеледі. Бұл әдістер алуан түрлі: визуалдық, фотосуреттік, теледидарлық, электрондық-оптикалық, спектрометриялық, радарлық, радиожылулокациялық, лазерлік және т.б. Аэроәдістердің негізгісі аэрофототүсірілім болып табылады, ол негізінен топографиялық түсірілім кезінде немесе ландшафттық зерттеулер барысында қолданылады. Аэрофотосуреттер ландшафттың көлемді үлгісін алуға, жерлердің пайдаланылуын талдауға, түрлі жерлердің шекараларын, ландшафт құрылымын  анықтауға, мүмкіндік береді.

Ғарыштық әдістерге атмосфера, жер бедері, жер үсті нысандар күйін тікелей бақылау, сонымен қатар фото- және телетүсірілім жатады. Алынған ғарыштық суреттер үлкен аймақты қамтиды (500*500км дейін), ғарыштық түсірілім ақпаратты алу және берудің жоғары жылдамдығымен, бір нысандардың суреттерін түрлі тыстарынан және түрлі тәуліктің кез келген уақытында және жыл бойы қайталап жасау мүмкіндігімен сипатталады, бұл географиялық процесстер мен құбылыстардың динамикасын қадағалауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік-экономикалық географияда аэроғарыштық суреттер әзірге кеңінен қолданылып жатқан жоқ.  Сонда да оларды пайдаланудың түрлі экономикалық-географиялық нысандарды зерттеуде болашағы бар. Бұл, ең алдымен, жерлерді пайдаланудың айрықша жүйелері, аймақты ұйымдастыру үлгілері бар ауыл шаруашылығына қатысты. Ауыл шаруашылығы географиясында аэроғарыштық суреттерді қолданудың басты бағыттары – пайдалы жерлердің қрұрылымын және күйін, олардың мелиорациясын зерттеу, табиғи агроәлеуетті бағалау, ауыл шаруашылық өндірісінің аймақтық және салалық құрылымын жетілдіру, табиғатты пайдалануды оңтайландыру және ауыл шаруашылығын жүргізу әдістерін арттыру.

...

Скачать:   txt (13.5 Kb)   pdf (71.6 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club