Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жасанды интеллект мүмкін бе?

Автор:   •  Октябрь 9, 2022  •  Эссе  •  394 Слов (2 Страниц)  •  141 Просмотры

Страница 1 из 2

                                                 Эссе

                                    Жасанды интеллект мүмкін бе?

    Жасанды интеллект дегеніміз- адам ойын компьютерде бейнелейтін программалық жүйе.  Бұл жүйені осы заманда, яғни XXI ғасырда көп жасайды. Сонымен жасанды интеллект шектен тыс болса не болады және пайдасымен зиянды жақтары қандай?

   Жасанды интеллект бізді қоршап жатыр. Телефон, құлапқап, күнде қолданатын карта да жасанды интеллектке жатады. Егер қазір жасанды интеллект мүмкін бе?- десе, мен мүмкін ғана емес, тұрақталып, болып жатқан нәрсе дейтін едім. Бірақ ғалымдардың пікірінше, қазір болып жатқан дүниелер әлі бастамасы ғана екен.

   Жасанды интеллектің пайдасына жоғарыда жазылған телефон, қазіргі кездегі адамдардың қолындағы бар нәрсе. Бұл құрал арқылы адамдар барлық жаңалықтарды алдын-ала біліп отырып, қызық нәрселерін тауып, оқып алатын жағдайы бар. Білікті мамандар жетіспейтін жерлерде адамдар роботтарды пайдаланады. Үй шаруасысында да неше түрлі машиналармен шаңсорғыштарды ойлап тапқан. Ал зиянды жағына ең алдымен адамның денсаулығының әлсіреуін жатқызамын. Компьютер, ноутбуктың алдында отырған адамның көзіне, омыртқасына көп зиян тиеді. Жұмыс жағынан қарастырсақ, көп адамдар жұмыссыз қалып жатыр. Мысалға бухгалтерді алсақ, бұрын өте қажет мамандықтың бірі болатын. Мен мамандық таңдағанда ойымда бухгалтер болған, бірақ қазіргі таңда керек мамандықтар деген тізімде бухгалтер мамандығы жоқ болғандығы, оның орнына роботтарды алатыны менің көңіл-күйімді түсірген. Сонда роботты адамнан артық көргені ме? Мен осы мәселені қолдамаймын. Жасанды интеллектің мүмкін болғаны жақсы, бірақ адамнан аспауы керек деп ойлаймын.

...

Скачать:   txt (4.9 Kb)   pdf (44.5 Kb)   docx (8.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club