Әдеби-саз шығармаларындағы және табиғаттағы аққу бейнесі
Автор: Akbota Muhametali • Январь 6, 2024 • Курсовая работа • 8,645 Слов (35 Страниц) • 117 Просмотры
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
«Нежинка орта мектебі» КММ
Жоба жұмысы
Әдеби-саз шығармаларындағы және табиғаттағы аққу бейнесі
Бағыты : «Таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі»
Секциясы : қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау.
Авторы: Ибраева Асылжан, 9-сынып оқушысы
Жетекшісі:
Тасмағамбетова Әлия Әшкенқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2019 жыл
Мазмұны
Аңдатпа.........................................................................................................................2
Абстракт........................................................................................................................3
Abstract...........................................................................................................................4
Кіріспе..............................................................................................................................5
- Теориялық бөлім. Құс патшасы - аққулар
- Аққулар – табиғаттың аса ғажап туындысы..................................................6
- Аққулардың Қазақстандағы түрлері...............................................................7-9
- Аққу-аңыз..............................................................................................................10
- Зерттеу бөлімі
2.1 Аққу – халқымыздың сүйікті құсы...................................................................11
- Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» дастаны............................12-15
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» дастаны..........................16-18
- Қазақтың саз өнеріндегі аққу бейнесі..........................................................17-19
- Аққуларды атпаңдар
- Аққу құсы неге азайып барады?................................................................20-21
- Аққуларды қамқорға алу.................................................................................22
- Солтүстік Қазақстан облысындағы құстардың азаю себептері...............23
Қорытынды сөз..........................................................................................................24
Пайдаланған әдебиет...................................................................................................25
Аңдатпа
Зерттеу мәселесі : Аққу - киелі құс. Аққу құс - сұлулықтың, тазалықтың куәсі. Аққу - шын ғашықтықтың, адал махаббаттың белгісі. Ақындар жүрек сырын шерткен өлең жолдарында осы бір көркем құсқа теңеу айтудан жалыққан емес. Сонша туындылармен рухтанған аққудың бейнесі көп ойлар тудырады.
Алайда қазіргі кезде әсемділік дегеннің барлығы таңғанарлық жылдамдықпен құрып барады, бұл ғажайып құстар тіршілігі де ерекшелікке жатпайды. Осыған назар аудара отырып, тамаша құстар болмысына байланысты өмірге келген әдеби өлең жолдарын еске алдыра адамдарды қоршаған ортаны қорғауға үндегіміз келеді.
Зерттеу нысаны : әдеби-саз шығармаларындағы аққу бейнесі, аққудың киелілігі, тазалығы, сұлулығы
Зерттеу мақсаты:
- Табиғатты аялау туралы шығармалардың ішінен аққу – сұлулықтың белгісі екенін зерделеу
- Адамдарды аққуларды қорғауға шақыру; мәселені аймақтық тұрғыдан зерттеу
- Әдеби үлгіде табиғаттың ұлы жарасымдылығын бұзу орны толмас қасіретке апарып соғатынын көрсету
Зерттеу міндеттері:
- Аққу тақырыбына арналған шығармаларды талдау
- Аққу туралы туындылардың тіл ерекшеліктерін ашу
- Аққу туралы лирикалық туындылардың болуы – халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігі мен құрметі екенін дәлелдеу
- Адамдардың аққуларға аялап қарауына мысал келтіре, оларды қорғау шаралын ұсыну
Өзектілігі : Қазіргі әлемде экологиялық мәселелердің маңыздылығы мен өзектілігі үдемелі кезіне жетіп тұр, сондықтан жұмысымызбен қоғамның назарын табиғатты қорғауға аударып, халықты тұрған бақытты мекеніне жауапты болуына шақырғымыз келеді.
Зерттеу болжамы: Егер осы өзекті тақырыпты зерттесек, әдеби шығармалардың оқылуы адамдарды ойландырады және оларды қоршаған ортаны, сонымен қатар әдебиеттің сәнді және қайғылы бейнелерінің бірі аққуларды қорғауға қатыстырады;
...