Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан немесе Арманнан ақиқатқа

Автор:   •  Сентябрь 20, 2021  •  Реферат  •  686 Слов (3 Страниц)  •  893 Просмотры

Страница 1 из 3

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

немесе

Арманнан ақиқатқа

                                       ХХ ғасырдың соңында пайда болған егеменді,

                                         зиялы мемлекеттер мен оның президенттерінің

                                        табыстары мен жетістіктерінің ішінде Қазақстан

     және Н. Ә. Назарбаев көп табысқа жетті.

(Әлемдік сарапшылар пікірінен)

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. 

Дербестікке жетіп, өз алдына жеке мемлекет құруды ата-бабамыз аңсады, талай өтпелі кезеңдерден өтті, өмірдің тар жол тайғағына да төтеп бере алды, бір сөзбен айтқанда егеменді елге айналу үшін еш мойымаған. Бұл күнге жету жолында қаншама қан төгілді десеңізші, теңіздей толқындап, бұлақтай сарқырап ақты емес пе?!. Дегенмен миллиондаған адамның күресі нәтижелі болды: еліміз бүгінде тәуелсіз мемлекет атанды. Ол ол ма, Қазақстан Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың арқасында дамыған 50 мемлекеттің қатарына да кіріп үлгердік. Елбасының бастамасымен мемлекетіміздің экономикасын дамыту мақсатында алға қойылып отырған жаңа бетбұрыс – бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ілігу. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. 

Әне-міне дегенше егемендік туының самғағанына 30 жыл толды. Біз, осы күнгі ұрпақ бұл бақытты сезіне алдық. Алайда қай жерде болмасын бір «бірақ», - дейтін тұс болады, өкінішке қарай: ашық аспан, шуағын шашқан күн мен алаңсыз айлы түн үшін күрескен, осы жолда қанын төккен батыр бабаларымыз, ардақты аналарымыз дәл осы жаңа заман бастан кешіп жатқан өмірді көре алмай кетті, бейбітшіліктің қызығына тоя алмай, сол күйі аш-жалаңаш кете барды. Мына нәрсені ұмытпауға міндеттіміз: Қазақстан қазіргі таңда қандай жетістіктерге жетіп, бел-белестерді бағындырып жатса, соның барлығы да даңқты ата-бабаларымыздың арқасы. Өткен ғасырлардағы сұрапыл соғыстар, аштықтан зар еңіреген аяулы аналарымыз бен әжелеріміз, мемлекеттілігіміз, оның әнұраны, елтаңбасы, туы, бейбіт күнде дүние есігін ашып жатқан сәбилер мен тәуелсіздік мерекесі тұтас бір ұғым десек қате болмас, сірә?.. Сол себепті тәуелсіздікке жай мереке есебінде қарай салу жаңсақтық болар?!

Еліміздің қазіргі жағдайынан ақпар берелік: Қазақстанды бүгінде дүние жүзі халқы таниды, мемлекетімізде әлемдік деңгейдегі ауқымы кең байқаулар, көрмелер өтіп келеді. Бұған дәлел 2017 жылы ел астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі. Тек бұл ғана емес еліміз 30 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетіп үлгерді: Тәуелсіздік алғалы бері жеткен жетістіктің қай-қайсысы болмасын Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен, сол кісінің қолдауымен іске асырылғаны баршамызға айдан аңық. Елбасымыз өзінің әр жолдауы сайын дархан даламыздың қаншалықты құнды дүниеге бай екендігін қайталап, қоғамның санасына құя білді, батырлар аманатын тиісті жеріне жеткізе алды, ұлттық құндылықтарға да өте бай келгенін еске салудан жалықпады.

...

Скачать:   txt (7.8 Kb)   pdf (96.6 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club