Қазақ халқы ежелден жеті ата дәстүрін сақтаған
Автор: toleukhanayzat • Февраль 29, 2020 • Доклад • 492 Слов (2 Страниц) • 687 Просмотры
- Кіріспе
Қазақ халқы ежелден жеті ата дәстүрін сақтаған
- Негізгі бөлім
а) Қан тазалығын сақтамаудың кері әсері
ә) Басқа халықтарда жеті ата дәстүрін, яғни қан тазалығын сақтамауының кері әсері
б) Қазіргі күнде жастар арасында жеті атаны білу дәстүрінің сақталуы
III. Қорытынды
Жеті ата-қазақ халқының дәстүрлі салт санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақты жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атаның нақттылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан таралған ұрпақтар бір атаның балалары деп аталады. Ағайындықтары жеті атаға толмай жақын туыстар бір - бірімен қыз алыспайды. Ал енді сол жеті атаға толып не толмай үйленудің артықшылығы мен кемшілігіне тоқтай кетейін.
Жалпы Қазақ халқы ертеден дана, әрбір іс әрекетін белгілі бір мәселені қарастыру арқылы жасаған.Жеті ата ұғымы біздің елге жат ұғым емес екендігі белгілі. Қазақ халқы жеті атадан аспай қыз алыспаған , тіпті бір рудан шыққан адамдарды некелестірмеген. Осының барлығы қазір ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Аңыз бойынша
Ертеде Әз Жәнібек хан елге аты шыққан емші Ө.Тілеуқабылұлын шақырып: «Қандай дертке дауа жоқ?» деп сұраған екен. Сонда емші «Тұқым қуалаған ауруға ем жоқ» деп жауап қатады. Оның алдын алуға бола ма?» дегенде емші «жеті атаға дейін қыз алыспау» депті. Міне, сол Әз Жәнібек ханның дәуірінен жеті атаға толмай қыз алысқандарды қатаң жазалау туралы заң қабылданған. Адамзат баласында қазақ ұлтынан басқа жұрттарда жеті атаға толмай қыз алыспау ұғымын кездестірмейміз
...